Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


 ҒИМАРАТТАР МЕН ОРЫНЖАЙЛАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет17/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

6 ҒИМАРАТТАР МЕН ОРЫНЖАЙЛАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ 
6.1 Өндірістік және қоймалық ғимараттардың орынжайларын жарықтандыру 
6.1.1 Өндірістік және қоймалық ғимараттар орынжайларының жарықтандырылу 
нормативтерін жарытық шәкілінің бір сатысына мына жағдайларда көтеру керек: 
а) I – IV санаттағы жұмыс барысында, егер көру жұмыстары жұмыс күнінің 
жартысынан астам уақыт бойы атқарылса; 
б) жарақат алу қауіптілігі жоғары болса, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен 
жарықтық 200 лк және одан да төмен болса; 
в) арнаулы жоғары санитарлық талаптар кезінде (тамақ өндіру және химика-
фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарында), егер жалпы жарықтандыру жүйесінен 
жарықтық 500 лк және одан да төмен болса; 


ҚР ҚН 2.04-01-2011 
 
12 
г) жасөспірімдерді өндірістік оқыту немесе жұмыс жасау кезінде, егер жалпы 
жарықтандыру жүйесінен жарықтық 300 лк және одан да төмен болса; 
д) орынжайда табиғи жарық болмаған жағдайда және жұмысшылар үнемі жүрген 
жағдайда, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен жарықтық 750 лк және одан да төмен 
болса; 
е) жылдамдығы 500 айн/мин айналатын бөлшектерді бақылаған жағдайда немесе 
жылдамдығы 1,5м/мин қозғалатын нысандарды бақылаған жағдайда; 
ж) көлемі 0,1 м
2
және одан астам беттерде үнемі айыру нысандарын іздестірген жағдайда; 
з) жұмысшылардың жартысынан көбі 40 жастан асатын орынжайларда. 
Бір мезгілде бірнеше сипаттама болған жағдайда, жарықтық нормаларын 
жоғарылатуды бір сатыдан асырмау керек. 
6.1.2 IV – VI санаттағы жұмыстар атқарылатын орынжайларда,адамдар қысқа мерзім 
ғана жұмыс атқаратын жағдайда немесе тұрақты қызмет көрсетуді талап етпейтін 
жабдықтар болған жағдайда жарықтық нормаларын бір сатыға төмендету керек. 
6.1.3 Орынжайларда I – III, IVа, IVб, IVв, Vа санаттағы жұмыстарды орындаған кезде 
қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолданған жөн. Техникалық мүмкіндігі болғанда немесе 
жергілікті жарықтандыруды орнату тиімсіз болғанда, жалпы жарықтандыру жүйесі 
қарастырылады( бұл салалық жарықтандыру нормаларында нақтыланады). 
Бір орынжайда жұмыстық және қосалқы аймақтар болса, жұмыстық аймақтарды 
локальдық жалпы жарықтандыруды (кез келген жарықтандыру жүйесі жағдайында) 
және қосалқы аймақтарды, VIIIа санатына жатқыза отырып, қарқыны төмен 
жарықтандыруды қолдану керек.
6.1.4
 
Қиыстырылған (аралас) жүйедегі жалпы жарықтандыру шамдарынан пайда 
болатын жұмыс бетінің жарықтығы аралас жарықтандыру үшін мөлшерленетін 
жарықтықтың 10 %-нан кем болмау керек. Сонымен қатар жарықтық 200лк-дан төмен 
болмау керек. 
Аралас жүйедегі жалпы жарықтықтың 1200 лк артық болуы дәлелдемелер болғанда 
ғана рұқсат етіледі. 
Табиғи жарығы жоқ орынжайларда аралас жүйедегі жалпы жарықтандару 
шамдарынан пайда болатын жұмыс бетінің жарықтандырылуын бір сатыға көтеру керек
 

6.1.5 Жарықтықтың таралу біркелкілігі І-ІІІ санатты жұмыстар үшін 0,8 кем болмау 
керек, ал IV – VII санатты жұмыстар үшін 0,7 кем болмау керек.
Технология шарты бойынша жалпы жарықтың жарықшамдары тек қана алаңдарда, 
ұстындарда немесе орынжай қабырғаларында орнатылатын жағдайда ғана жарықтықтың 
таралу біркелкілігін 0,3-ке дейін төмендетілуі мүмкін. 
6.1.6
 
Өндірістік орынжайларда жұмыс жасаламайтын өтпелер мен учаскелерде 
жалпы жарықтық жарықшамдарынан таралатын, нормаланатын жарықтықтың 25 % аспау 
керек, бірақ 100лк-дан төмен болмауға тиіс. 
6.1.7 Технологиялық үдерісі толық автоматтандырылған цехтарда жабдықтардың 
жұмысын бақылауға арналған жарықтандыруды қарастыру керек, сонымен бірге жөндеу-
ретке келтіру жұмыстары кезінде қажетті денгейде жарық беру үшін жалпы және 
жергілікті жарықтандырудың қосымша қосылатын жарықшамдары қарастырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет