Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы



бет6/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,11 Mb.
#13090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

құрылысы:

А-Тамыр аймақтары: 1-түзуші; 2-өсу; 3-сору; 4-өткізу; 5-тамыр оймақшасы. Б-Тамырдың алғашқы құрылысы ( тамыр түкшелері бар аймақтан көлденең кесіндісі): 1-эпиблема; 2-экзодерма; 3-мезодерма; 4-эндодерма; 5-өткізгіш клеткалар; 6-перицикл; 7-ксилема; 8-флоэма; 9-өзек. В- Асқабақ тамырының соңғы құрылысы: 1-алғашқы ксилема; 2-соңғы ксилема; 3-шоқты камбий; 4-флоэма; 5-өзек сәулесі; 6-шоқаралық камбий; 7-соңғы қабық паренхимасы; 8-тоз.

Жұмыстың орындалу барысы: Өткізгіш аймақтың көлденең кесіндісінің препаратын алдымен тамырдың соңғы құрылысының жалпы схемасын көзбен қараңыз. Онда төрт өткізгіш шоқты анық көруге болады (сурет 11 В). Шокта периферияға жақын флоэма және ірі түтікті ксилема орналасқан.

Жарықта көргеннен соң, микроскопиялық зерттеуге көшіңіз. Микроскоп-тың кіші ұлғайтқышы арқылы соңгы қабықтың сыртқы тоз ұлпасын, ондағы паренхима клеткаларынын қатарын және жақсы дамыған төрт симметриялы орналасқан ксилеманың ірі түтіктерін қараңыз. Шоқта сүзгілі түтік, камбий

53

және ксилема, сүректенген паренхиманы көрсетіңіз. Өткізгіш шоқ арасында негізгі паренхиман: өзекті сәулелері орналасқан. Тамырдың ортасында алғашқы ксилеманың түтігі орналасады. Микроскоптың кіші ұлғайтқы арқылы тамырдың соңғы құрылысының суретін салыңыз. Суре алғашқы ксилема, шоқты камбийі бар соңғы өткізгіш шокт паренхиманың өзекті сәулелерін, соңғы қабық және тамырдың беткейіндегі тозды белгілеңіз.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Тамырдың атқаратын қызметі қандай?

2. Тамырдың сабақтан қандай айырмашылығы бар?

3. Тамырдың қандай түрлері мен жүйесі бар?

4. Тамырдың қандай аймағында алғашқы анатомиялық құрылыс қалыптасады?

5. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысының ерекшеліктер

қандай?

6. Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысының ерекшеліктері



қандай?

ТАМЫРДЫҢ ТҮР ӨЗГЕРІСТЕРІ

Жұмыс мақсаты. Әртүрлі тамыржемістердің морфологиясы және

анатомиясымен танысу.



Тапсырма.

1. Әртүрлі тамыржемістердің морфологиясы және көлденең

кесінділерімен танысу. Қажетті материалдар: қызылша (Bеtа vи1garis),

сәбіз (Dаисus sаtіva шалқан (Rарһапus sativus) тамыржемістері, микроскоп, препаральды лупа және ине, заттық шыны және жабындық әйнек, су, пышақ. Тапсырмаға түсініктеме: Көптеген өсімдіктердің тамыры топырақтан қоректік заттарды сіңіруімен қатар қор заттарын жинауға және сақтауға бейімделген. Осыған байланысты тамыр түрін өзгертіп тамыржеміс түзеді. Қоректік заттар тірі паренхималық клеткаларда жиналады, сондықтан тамыржеміс негізгі қор жинаушы ұлпадан тұрады.

Тамыржемістердің әртүрлі пішіні мен мөлшеріпе қарамастаи оларда басы, мойыны және нағыз тамырды ажыратуға болады. Сыртынан перидермамен қапталған.

54

Қор жинаушы ұлпаның тамырдың қай бөлігінде дамуына байланысты тамыржемістердің үш типі бар. Капуста тұқымдасыңда (шалқан, шалғам, турнепс, брюква) қор заттары сүрек паренхимасында (ксилемада), шатыршагүлділер тұқымдасында (сәбіз, ақжелек, сельдерсй, пастернак) қабықта (флоэмада), алабұталылар тұқымдасында (қызылша және т.б.) жанама меристема камбийдің қызметіне байланысты түзілген паренхимада жиналады.



1-тапсырма. Әртүрлі тамыржемістердің морфологиясы және көлденең кесінділерімен танысу.

Жұмыстың орындалу барысы. Қызылша (Bеtа vи1garis), сәбіз (Dаисus sаtіva), шалқанның (Rарһапus sativus) бүтін тамыржемістерін алып, негізгі бөліктерін: басы, мойыны және нағыз тамырын табыңыз. Тамыржемістерді схема түрінде салып, белгілеңіз.

Сәбіз тамырының бөлігін алып, құрылысын макроскопиялық тұрғыдан қараңыз. Тамырдың көлденең кесіндісінде ішкі - сары түске боялған және сыртқы сарғыш түсті екі аймақ ажыратылады. Олардың арасында камбий қабаты байқалады. Тамырдың сары түсті бөлімі сонғы ксилема, сыртқы, сарғыш түсті белімі- флоэманың тін паренхималары және сүзгілі түтіктері. Флоэма жұмсақ, дәмі тәтті, онда каротин, қант, крахмал және басқадай қоректік заттар болады. Суретін схема түрінде салып, қабық, камбий мен алғашқы және соңғы ксилеманы белгілеңіз.

Шалқанның тамыржемісін пышақпен кесіп, жұқа белігін лупа арқылы қараңыз. Сырты тоз қабатымен жабылған соңғы қабықты табыңыз. Қор заттары жиналатын жақсы дамыған сонгы ксилеманың паренхималарын керсетіңіз. Шалқанның көлденең кесіндісінің суретін салып, қабық, камбий, алғашқы және соңғы ксилеманы белгілеңіз.

Қызылшаның көлденең кесіндісін жай көзбен қараңыз. Бұл тамыр-жемістің құрылысының ерекшелігі бірнеше концентрлі сақиналардың алмасуы. Жінішке сақиналарда өткізгіш шоқтар болады. Сақинаның түзілуі бірнеше камбий сақиналарының пайда болуына байланысты. Қызылшаның тамыржемісі дамуының алғашқы кезенінде тамырдың соңғы құрылысы ретінде қалыптасады. Соңғы құрылыс қалыптасқаннан соң, камбий қызметін тоқтатады. Тамырдың одан әрі жуандауы перициклден түзілген камбийдің жаңа сакинасына «айланысты, ол жанадан өткізгіш шоқтар мен паренхима клеткаларын түзеді. Одан әрі қарай жаңадан камбий қабаттары пайда бола береді.

Қызылша тамыржемісінің колденең кесіндісінің суретін салып, алғашқы және соңғы ксилема, камбий, алғашқы және соңғы флоэма, өткізгіш шоктар мен тозды белі ілеңіз.

55

Ү ТАРАУ. ӨРКЕН ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕР ЖҮЙЕСІ

Жапырақтар мен бүршік орналасқан сабақ өркен деп атала Өркен сабақтың өсу конусында қалыптасады.

Сабақ өркеннің осьті бөлімі болғандықтан, тамыр мен жапырақты өзара байланыстырады, жоғары және төменгі ағыс жолдарының коректік заттарын өткізеді, қор заттарының жиналу орыны және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Сабақтың тамырдан айырмашылығы буын және буынаралық-тары болады. Бір немесе бірнеше жапырақ орналасқан сабақ бөлігі буын деп аталады. Екі буын аралығы буынаралық деп аталады. Буынаралықтар ұзарған және қысқарған болып бөлінеді.

БҮРІІІІК. САБАҚТЫҢ БҰТАҚТАНУ ТҮРЛЕРІ МЕН

ӨСУ БАҒЫТЫ

Жұмыс мақсаты: Әртүрлі өсімдіктердің бүршіктерінің орналасуы және құрылысымен және бұтақтанудың негізгі типтерімен танысу.

Тапсырма.

1. Өсімдікгер бүршіктерінің орналасуын және құрылысын қарау.

2. Өркенде жапырақтың орналасуын қарау.

3. Өсу бағыты бойынша өркеннің әртүрлілігін қарау.

4. Өркеннің бұтақтану түрлерін қарау.

Қажетті материалдар мен құралдар: кәдімгі сирень (Sуrіпga vиlgаrіs), қара қарақат (Ribеs піgrum) жас н емесе кептірілген бұтақтары, теректің ұзарған және қысқарған өркені бар бұтағы, бидай (Тrіtісum), кәдімгі бұршақ (Ғаvа vиlgаrіs), орман бүлдіргені (Ғrаgria vtsca), құс тараны (Ро1уgопіum аvісиlаrе), қожақат (Rиbus саеsіиs), дала шырмауығы (Сопvоlvиlus аrvепsіs), сеппе викасы (Vісіа sаtiva) түйреуіш тәріздес плаун (Lусороdіum сіаvаtum), кәдімгі шырша (Рісea аbіеs), кәдімгі қарағай (Ріпиs sіlvеstгіs), үй алмасы (Маlus dоmеstіісa картоп (Sоlапum tubеrоsum) өсімдіктерінің гербарийі.

1-тапсырма. Өсімдіктер бүршіктерінің орналасуын және құрылысын қарау.

Тапсырмаға түсініктеме: Бүршік өркеннің бастамасы болып

саналады. Сабақта орналасуына байланысты бүршіктер төбе және жанама бүршіктер деп аталады. Жанама бүршіктерге қолтық және қосалқы бүршіктер жатады. Жапырақ қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер орналасуы мүмкін. Орналасуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

56

1 Сериалды бір қолтықтан бірнеше бүршік дамиды да, бірінің үстіне бірі орналасады (мысалы: ақ қараған);



2. Коллатеральды немесе бүйірлес бүршік қолтықтан шыққан бүршіктер өзара бүйірлесе орналасады (мысалы: астық тұқымдас өсімдіктерінің бірнеше түрлері);

3. Биколлатеральды бүршік жазықтықта, таспалы екі катарда бүйірлесе орналасады;

4. Айналмалы бүршік бір буын деңгейінде сабақты айнала орналасады (мысалы: қара өрік).

Бүршік сыртқы жағынан түрі өзгерген жапырақтар бүршік қабыршақтарымен қапталған. Онын астында өсу конусы, жапырақ бастамасы және қолтық бүршіктеріні төмпешіктері орналасады. Осу конусының жоғары жағында немесе жапырақ қойнауында гүл бастамалары пайда болуы мүмкін. Бүршікте кандай мүшенің бастамасы болуына байланысты, бүршіктер вегетативті, генеративті және аралас бүршіктер болып бөлінеді.



Жұмыстың орындалу барысы: Кәдімгі сирень (Sуrіпgа vи1gагіs), кара қарақаттың (Rіbеs піgrum) жас немесе кептірілген бұтақтарын алып, онда бүршіктердің орналасуын мұқият қарап, төбе және жанама бүршіктерін табыңыз. Бүршіктері бар сабақтың суретін схема түрінде салып, бүршік орналасуын көрсетіңіз.

Кәдімгі сиреньнің жас немесе спиртте фиксацияланған бүршігін

алып, препаральды ине арқылы бүршік қабыршағын сыдырып алыңыз. Скальпель аркылы бүршікті колденең кесіп, заттық шыныға салыңыз. Лупа арқылы құрылысын қараңыз. Бүршікте қысқарған сабақ және сары жасыл жапырақтар анық көрінеді. Осу конусының жоғары жағында орналасқан бастама гүлшоғырын жапырақ жауып жатады. Жапырақ қолтығында жанама бүршіктің төмпешігі байқалады. Гүл бастамалары бар бүршік гүлді немесе генеративті, ал гүл бастамалары болмайтын бүршік вегетативті бүршік деп аталады.

Тапсырма. Өркенде жапырақтың орналасуын қарау. Тапсырмаға түсініктеме: Жапырақтың сабақ буынында белгілі бір тертіпнен орналасуы филлотаксис деп аталады. Жапырақтың мынадай орналасу типтері бар: кезектесіп немесе спиральды -оуында бір жапырақ, қарама қарсы буында екі жапырақ қарама Қарсы дамиды, шоқтанып - сабақ айналасында бірнеше жапырақ (үш немесе одан да көп) орналасады.

Жұмыстың орындалу барысы: Терекгің бұтағын алып, ондағы қысқарған және ұзарған өркенді анықтаңыз. Жапырақгың орналасуын

57

қараңыз. Өркеннің екі типінің суретін салып, ұзарған өркенде буын, буынаралық, жапырақ қолтығы, жапырақтын орналасуын көрсетіңіз.



Кәдімгі қызылбояу өсімдігі (Gаlіum vеrum) жапырақтарьш шоқтанып, бөденешөп (Vегопіса) өсімдігіндегі жапырақтардың қарама қарсы орналасуын қараңыз.

3-тапсырма. Өсу бағыты бойынша өркеннің әртүрлілігін қарау. Тапсырмаға түсініктеме.

Өсу бағытына немесе кеңістікте орналасуына байланысты мынадай өркеннің типтері бар:

Тік сабақтар (жер бетінде өсетін көптеген өсімдіктер);

Жатаған сабақтар - жер бауырлап өсетін өсімдіктер (бүлдірген

Ғгаgагіа, қияр- Сисиmіs, асқабақ- Сисгbіtа);



Өрмелегіш сабақтар жармасып, жоғары қарай тік өрмелеп өсет өсімдіктер сабағы (жүзім - Vitis, үрмебұршақ -Рһаsеоlus); Шырмалғыш сабақтары жіңішке, жеңіл, ұзын, шырмалып өседі (шырмауық- Сопvоlvиlиs, құлмақ -Нumulus).

Жұмыстың орындалу барысы: Өсімдіктер коллекциясынан тік жатаған, өрмелегіш және шырмалғыш сабақтарды анықтап, схема ретінде

суретін салыңыз және өсімдік түрін, сабақтың өсу бағытын жазыңыз.



4-тансырма. Өркенніц бұтақтану түрлерін қарау. Тапсырмаға түсініктеме. Дихотомиялы жолмен бұтақтануда өсу нүктесіндегі инициальды клеткалар екіге бөлініп, бұтақтанады. Өз кезегінде бұл осьтің төбелік бүршігі тағы да екіге бөлінеді, міне осы ретпен бұтақтану жалғаса береді (түйреуіш тәріздес плаун Lусороdіum сlаvаum).

Моноподийлі бұтақтануда негізгі сабақ өсу конусын өмір бойы сақтайды, яғни шексіз төбелік өсуге қабілеті бар. Сондықтан бұлардың екінші реттегі жанама бұтақтары өзінің дамуында негізгі осьтен барлық уақытта қалып отырады (шырша -Рісеа, кәдімгі_: қарағай- Ріпиз sіlvеstrіs).

Симподийлі бұтақтануда негізгі осьтің өсу конусы өзінің қызметін ерте тоқтатады да, өсуді екінші реттегі ось жалғастырады. Бұл жағдайда негізгі ось бірінші, екінші, үшінші реттегі бүйірлг бұтақтардан құралады (жеке -Тіlіа , алма -Маlus, алмұрт- Руrus, карто -Sоlапum tиbеrоsum).

Жалған дихотомиялы бұтақтану бұтақтанудың ерекше типі болып саналмайды, ол симподийлі бұтақтанудың бір варианты. Мұнда жыл

58

сайын осьтің төбелік бүршігі еледі де, келесі жылы оның орнына бір мезгілде, қарама қарсы екі қолтық бүршігі дамиды. Олардан екі жанама еркен дамиды да, аралығында негізгі осьтің қалдығы сақталады (кәдімгі сирень -Sуrіпgа vиlgаris).



Бұтақтануда мықты дамыған жанама бұтақтардың аналық осьте орналасуына қарай еркен акротониялық, мезотониялық және базитониялық бұтақтану деп бөлінеді. Егер ең мықты жанама бұтақтар осьтік сабақтың ұшына жақын қалыптасса, ол акротониялық, орта денгейінде орналасса. мезотониялық, түбіне жақын қалыптасса, базитониялық деп аталады. Жұмыстың орындалу барысы.

Түйреуіш тәріздес плаун (Lусороdіum сІаvаtum), кәдімгі шырша (Рісеа аbіеs), кәдімгі қарағай (Ріпиs sіlvеsіrіs), үй алмасы (Маlus dоmеstіса), картоп (Sоlапum tubеrоsum), кәдімгі сирень (Sуrіпgа vulgаris) өсьмдіктерінің гербарийін алып, бұтақтанудын типтерін анықтаңыз. Дихотомиялы, моноподийлі, симиодийлі және жалған дихотомиялы бұтақтануды көрсетіп, схема түрінде суретін салыңыз және өсімдік түрін керсетіңіз.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Өркен дегеніміз не? Атқаратын қызметі қандай?

2. Өркен метамерлілігі деген не?

3. Бүршік дегеніміз не? Бүршіктің құрылысы қандай?

4. Орналасуына байланысты бүршіктің қандай түрлері бар?

5. Вегетативті бүршіктің құрылысы жағынан генеративті және вегетативті-генеративті бүршіктерден айырмашылықтары қандай?

б Өсімдіктерде сабақтың бұтақтануының қандай типтері бар?

7. Өсімдіктерде сабақтың өсу бағытына байланысты қандай түрлері

бар?

ҚОСЖАРНАҚТЫ ШӨПТЕСІН ӨСІМДІКТЕР САБАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жұмыс мақсаты: Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының

анатомиялық құрылысының ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырма

1- Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысын

59

қарау. құрылысын карау.Қажетті құралдар мен материалдар: Кәдімгі қызыл бояу (Саlium vеrum L.), түйнекті фломис (Рhlmus tuberosa L) өсімдіктерінің фиксацияланған материалдары, микроскоп, заттық және жабындық әйнектер, су, фильтр қағазы, ұстара.



Тапсырмаға түсініктеме:

Қосжарнақты өсімдіктердің жас сабағында осу конусының меристемасы эпидерма, алғашқы қабық және орталық шеңберді қалыптастырады.

Алғашқы қабықтың сыртқы жағында колленхима болады және алғашқы қабық ассимиляциялық ұлпадан тұрады. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты эндодерма крахмалды дәндері бар паренхималық клеткалардан тұрады және крахмалды қынапша деп аталады.

Орталық шеңбер перициклды шығу тегі бар склеренхимадан басталады. Орталық шеңбер паренхимадан тұрады онда бір шеңбер бойымен өткізгіш шоқтар орналасады. Шоқи прокамбий қалдығынан алғашқы ксилема мен алғашқы флоэма арасында соңғы ксилема мен соңғы флоэманың элементтерін түзетін камбий пайда болады.

Сонымен, қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің өткізгіш шоғы ашық болады. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының соңғы анатомиялық құрылысы шоқты және шоқсыз болып бөлінеді (сурт 12), ол прокамбийдің қалыптасуына байланысты.



12-сурет. Дара-және қосжарнақты өсімдіктерде шоқтардың орналасу гиптері: А-даражарнақтыларда ретсіз түтікті шоқтары. Б-қосжарнақты-ардың шоқтық құрылысы. В- қосжарнақтылардың шоксыз біртұтас құрылысы.

60

Шоқтық құрылыста прокамбий бөлектенген сілемдер түрінде, шоқсыз құылыста цилиндр түрінде пайда болады. Дрокамбийдің сілемдері жекелеген өткізгіш шоқтарды түзсе, прокамбий цилиндрі өткізгіш элементтердің біртұтас сақинасын түзеді.



Сонымен қатар, аралық ауыспалы соңғы құрылыс та болады. Бұл жағдайда өткізгіш шоқтар арасындағы паренхимадан шокаралық камбий түзіледі де, ол шоқтық камбиймен қосылып кетеді. Біртұтас сақина түрінде пайда болған камбий соңғы флоэма мен соңғы ксилема элементтерін түзеді.

Жұмыстың орындалу барысы: Кәдімгі қызыл бояу (Саlium vеrum L.) өсімдігі сабағынан ұстара көмегімен көлденең кесінділер жасап, заттық шыныдағы тамшы суға салып, бетін жабын әйнекпен жабыңыз. Микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз.

Сабақтың көлденең кесіндісінде' эпидермис, алғашқы қабық және орталық шеңбер айқың байқалады.

Алғашқы қабықта бір- екі қатар хлоренхиманың жұқа қабықшалы паренхималык клеткалары бар. Колленхима клеткаларының жиынтығы сабақ өсінділерінде орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен аяқталған.

Орталық шеңберде перицикл болмайды. Орталық шеңбер бөлігі шоқсыз құрылысты. Өзектің ортасы ауалы қуыс (сурет 13).

Сабақтың көлденең кесіндісінің суретін салып, құрылысын белгілеңіз.

Түйнекті фломис (Рhlmus tuberosa L өсімдігі сабағынан ұстара көмегімен көлденең кесінділер жасап, заттық шыныдағы тамшы суға салып, бетін жабын әйнекпен жабыңыз. Микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз.



61

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет