Ш. Уәлиханов атындағы кму жанындағы



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі1,05 Mb.
#41278
1   2

- оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу;

- оқу-тәрбие қызметіне дифференциалды тәсіл;






Алғашқы, ең қиын күндері олар бәсекеге қабілетті білім беру ұйымы ретінде колледждің қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосты.

2011 жылдан бастап колледж директоры болып Р.Б.Уаисов тағайындалды.



Күндізгі нысанында оқыту 8 мамандықтар бойынша, қазақ және орыс тілдерінде мамандарды даярлау жүзеге асырылады.

2008 жылы колледжде жаңа талап заманына сәйкес келетін жаңа мамандықтар ашылып жатыр:

- 0111000 "Бастапқы білім";

- 0106000 "Бейнелеу өнері және сызу";

- 0201000 "Құқықтану";

- 0507000 "Қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру";

- 0511000 "(сала бойынша) Туризм"

- 0515000 "(сала бойынша) Менеджмент"

- 0516000 "(сала бойынша) Қаржы"

- 0518000 "(сала бойынша) Есеп және аудит"

- 1502000 "Агрономия"

- 1510111 "Ауыл шаруашылығын механикаландыру"

Осы жылдан бастап оқушылар сырттай оқу нысаны бойынша мамандықтарды алу мүмкіндігі бар.Біздің колледждің талапкерлерге арналған мамандықтарының тартымдылығы туралы түлектерге жұмысқа орналасу пайызы жоғары, түлектердің контингенті жыл сайын өсіп келе жатқаны туралы мәлімдейді. Егер де бірінші жылдары 428 адам болса, кейінгі жылдары контингенті мың жарымнан астам адамды құрады.

Бірінші оқу-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары болып К.П.Канитаева болды. Кейінірек, 2005 жылы осы жұмысты М.М.Толегенова басқарды. Ал, 2011 жылдан бастап оқу-әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары болып Г.К.Жусупбекова атқаруда.

Колледждегі білімді қызметтері ҚР БҒМ нормативті-құқықтық құжаттарымен, "Қазақстан Республикасындағы білім туралы" ҚР Заңына, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысының бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.Колледждің басты білім қызметінің мақсаты интеллектуалды, адамгершілік, эмоционалдық және физикалық тұлғаны дамыту болып табылады.Басымдылық міндеттері:оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу; оқу-тәрбие қызметіне дифференциалды тәсіл болды. Осы мақсаттарды және міндеттерді жүзеге асыра отыра, колледж ұйымы «Сапалы білімнің қолжетімділігі үшін жағдай жасау, саналы таңдау профессионалды қызметтің тұжырымдамасын іске асыру, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қамтамасыз ету» атты оқу-әдістемелік мәселесімен жұмыс жасауда.

Мамандарды даярлаумен жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың барлығының жоғары базалық білімі бар. Педагогикалық ұйымның сапалық құрамы жеткілікті жоғары (оқытушылардың үлесі жоғары бірінші біліктілік санатты 42% құрайды).

Ұжымның бастауында тұрған және колледждің қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқантәжірибелі педагогтар ұйытқысы болып табылады.

Терең білімі мен тәжірибесі бола тура, олар қуана-қуана өзінің әдістемелік шеберлігімен әріптестерімен, жас мамандармен бөліседі. Олар: А.Ж.Жумадилова, С.Т.Сеитова, И.Г.Поляк, Л.Ф.Пархоменко, Ш.З.Сейпишева, А.Р.Исенова, Б.Н.Альбекова, Н.К.Камзина. Олардың көбі қажымас энергиясымен және жауапкершілігімен әкімшілік жұмысын да атқарды: пәндік-циклдік комиссиялардың төрағалары, бөлімшелердің меңгерушілері де болып табылған.

Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында, колледж оқытушыларымен (А.Ж.Жумадилова, К.И.Большина, А.Р.Исенова, А.С.Малько, С.К.Хусаинова, Б.С.Есентурова, А.Д.Мусина) оқу-әдістемелік құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар, электрондық оқулықтар дайындалуда, инновациялық педагогикалық элементтері қолданылуда.

Соның ішінде: коммуникативтік дамыта оқыту элементтері; модульдік оқыту, жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау; оқытудың интерактивті формалары; УДЕ, бірнеше сатылы оқыту; серіктестік әдісі, жобалық әдіс; тұлғалық-бағытталған әдістеме. Колледждің көптеген оқытушылары Халықаралық, Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, (А.Ж.Жумадилова, М.М.Төлегенова, Л.Ф.Пархоменко, К.И.Большина, А.С.Малько, Д.С.Мәліков, А.Р.Саябаева, Е.Е Бейсембина) өздерінің ғылыми еңбектерін «Қазақстан мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық әдістемелік журналдарында, Ақмола облыстық Білім басқармасы жанындағы облыстық ПРО және БАИ»Мұғалімдер журналы» ақпараттық-әдістемелік бюллетенінде, «КМУ Хабаршысы» жинақтарында басылып жүр.

Прогрессивті технологияларды қолданудың нәтижесі ретінде облыс және қала колледждерінің арасында өткізілген пәндік олимпиадаларда Д.Махметова (оқытушысы А.Е.Омарова), Д.Жарылғапов, А.Росельбаева (оқытушылары Т.К.Рахимова, М.В.Громова), М.Шәмшиденова (оқытушысы К.И.Большина), В.Терещук (оқытушысы Б.Т.Мұхамеджарова) сынды студенттердің жеңісін атауға болады. Облыстық олимпиада нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте көпсалалы колледж жүлделі орындарды иеленді.

Колледжде ақпараттық –әдістемелік кабинет қызмет жасауда, бұл жұмысты бірнеше жылдар бойы құзіреті, жаңашыл әрі талантты педагог Г.С.Мұхамеджанова басқарды. Кейінгі жылдары Д.К.Темірғалиева әдіскерлік қызмет етіп, колледждің игі дәстүрлерін жандандырып қана қоймай,оқу-әдістемелік жұмыстың жаңаша дамуына үлес қосуда.

Әдістемелік кабинетте жеке әдістемелік кеңестер, жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттерге арналған көрмелер жаңартылып ұйымдастырылады. Оқытушылар бес жылда бір рет біліктілік санатын алу үшін Ақмола облыстық облыстық біліктілікті жоғарылату және қызметкерлерді қайта даярлау институтында өздерінің педагогикалық шеберліктерін шыңдайды.

Колледж қабырғасында «Ұстаздар кеңесі» ұйымымен біріге отырып, «Жас педагог мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Басты мақсаты- жас оқытушылардың шығармашылық тұрғыда дамуына үлес қосу. Аталған жұмыстардың нәтижесі ретінде Степногорск қаласында өткізілген «ТжКБ бойынша арнайы пәндердің үздік оқытушысы» облыстық сайысында А.С.Малько, «Тілдарын» қалалық олимпиадасында Т.К.Рахимова сынды оқытушылар жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Жыл сайын әрбір мамандық бойынша пәндік апталықтар ұйымдастырылып, мұнда оқытушылар мен оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық қасиеттерін дамытады.

Колледж оқытушылары жыл сайын университет көлемінде ұйымдастырылатын «Жыл тәлімгері» сайысына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. (М.В.Вачугова, А.Д.Мусина, А.К.Бекмағанбетова, Т.К.Рахимова, С.К.Хусаинова, А.С.Малько).

Колледж қабырғасында дәстүрлі түрде облыс және қала колледждері мен лицейлерінің оқытушылары мен әдіскерлері үшін жыл сайын «Педогогтың кәсіби құзіреттілігін дамытудағы оқытудың интерактивті әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізіледі. Оқу орнының әдістемелік қызметінің ерен еңбегінің арқасында жыл сайын «Педагогикалық техника әдістері» атты оқу-әдістемелік жинақ шығарылып, мұнда білімді әрі шығармашыл педагогтардың мақалалары жарияланады.

Облыстық біліктілікті жоғарылату және қызметкерлерді қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың Халықаралық жәрмеңкесінде» Д.С.Мәліков, А.С.Малько, А.Р.Исенова, К.И.Большина сынды оқытушылар ғылыми жобаларын қорғады.

«Оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру» атты ғылыми жобасы үшін Д.С.Мәліков халықаралық әділқазылардың ең жоғары марапаты- Алтын Сертификат иеленді. Өскелең ұрпақ бойынша тарихи, мәдени және рухани қасиеттерді қалыптастыру мақсатында педагог «Зерек» атты ғылыми қоғамды басқарады. Ол кісінің басшылығымен колледж студенттері Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында жазғы тәжірибеден өтті.

Жыл сайын университет пен колледждің профессорлы-оқытушылық құрамы арасында ұйымдастырылатын Қысқы Спартакиадаға колледж оқытушылары белсенді түрде қатысып, спорттық әр түрінен жоғары нәтиже көрсетуде.

Кадрларды сапалы түрде дайындау- жаңа технологияларды қолдана отырып, кәсіптік тәжірибеден өту болып табылады. Бұл қарқынды жұмыстың бастаушысы Б.Н.Альбекова өзінің қажырлы еңбегінің арқасында кәсіптік тәжірибеден өтетін базалық мекемелерді іздестіріп, алғашқы тәжірибелерді ұйымдастырған тәжірибелі-педагог. Ал педагогикалық мамандықтар үшін Көкшетау қаласының білім бөлімі, коллежд және базалық білім беру мекемелері тарыпынан құрылған үш тарапты келісімшарт негізінде жүзеге асырылып, Көкшетау қаласының, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жетекші мектептерімен бірлесе қызмет жасауда.

Кейіннен ашылған педагогикалық емес мамандықтар үшін жаңа тәжірибе нысандары қажет болған соң, оқытушы С.Т.Темірбекова кәсіптік-технологиялық және дипломалды тәжірибелерден өту үшін университет базасында, банктер бөлімшелерінде, «Нұр Отан» ХДП, Көкшетау қалалық Салық басқармасында, ІІД, «Көкше-Құлагер-2007» және т.б. облыстық және қалалық мекемелерде тәжірибе өтуге арналған жаңа кәсіптік тәжірибе нысандарының ашылуына өз септігін тигізді.

Колледж білім беру қызметін жүзеге асыруда университет базасын негізге алады. Сытуденттер үшін спорт залдары, асханалар, Интернет-кафе, кітапханалар мен оқу залдары болса, студенттердің сапалы білім алуы үшін жыл сайын кітап қоры жүйелі түрде жыл сайын жаңартылуда. Сонымен қатар колледж студенттеріне медициналық қызмет көрсететін терапевт, тіс дәрігері, массаж кабинеттері, ал жаз айларында «Буревестник» атты жастар лагері жұмыс істейді.

Оқу үрдісінде маңызды қызмет атқаратын оқу орнының тәрбие жұмысы. Әр жылдары А.К.Ахметжанова, Р.А.Мұхамеджарова, А.Д.Мусин және А.К.Оспанова сынды тәжірибелі ұстаздар тәрбие алға жетеледі.

Колледжде жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті, жастардың азаматтық позициясын, сонымен қатар студенттердің шығармашылық қасиеттерін артуға барынша көңіл бөлінген. Оқу орнының тәрбие жұмысының бағдарламасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбие жоспары мәдени, азаматтық, отансүйгіштік, интернационалдық, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сынды қасиеттерді артуға бағытталған. Оқушыларымыз Жастар ісі комитетінің құрамында қарқынды жұмыс істеп, Көкшетау қаласының қоғамдық-мәдени өмірі белсенді қатысып, қаламыздың дамуына, көгалдануына өз үлестерін қосуда.

Оқу орнымызда түрлі үйірмелер мен көрмелер жұмыс істейді. Оқушылардың қатысуымен концерттер мен мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мәселен: «Студенттер қатарына қабылдау», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз», «Жеңіс күні» т.б. Колледж оқушылары «Қазақша караоке» облыстық фестиваліне қатысады, хеорография және вокалдық-хорлық үйірмелерге, сонымен қатар шешендік өнерге баулитын Дебат клубында үнемі сайыстарға қатысады.

Оқу орнында «Жасыл ел», «Дубок» (жетекшісі О.Ю.Одинцова) сынды экологиялық студенттік ұйымдар жылдар бойы өз жұмысын жалғастыруда. Жыл сайын оқушылар студенттік құрылыс отрядтары мен студенттік слеттерге қатысады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Шоқан жұлдыздары» фестивалінде колледждің вокалдық ұйымы бірнеше мәрте қатысып келеді. Облыстық жастар арасындағы Дельфий ойындарында Л.Айтуарова, А.Шәріп, О.Тасымов, Н.Бақытов Л.Байтоқанова сынды студенттер жүлделі орындарды иеленсе, өзге ұлт өкілдері арасындағы «Ана тілім-ажарым» атты дәстүрлі қалалық сайыста О.Панасюра, Ю.Самойлова, В.Строкач, А.Любченко, А.Катина сияқты студенттер қатысып келеді.

Астана қаласында өткен «Абай оқулары» республикалық сайысында С.Абзалутдинова 1 орынды иеленсе, көңілді тапқыштар клубының «Не для прессы» маусымының ашылуында колледжіміздің «Жоғары сұрып» командасы өнер көрсетіп, қатысушы дипломы мен кубогын иеленді.

Оқу орнымыздың нық басқан әрбір қадамын қарайлай келе, мықты ғылыми, әдістемелік әрі шығармашылық ықтималдылықпен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің көк туын желбіретіп, игі дәстүрлерін жалғастырып келеді деп сенімді түрде айта аламыз.




Каталог: sites -> default -> files -> documents -> college
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> Ќызылорда облысындаєы
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
college -> История многопрофильного колледжа при кгу им. Ш. Уалиханова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет