Шағын жинақты бастауыш мектептегі өзіндік жұмыс, оның ТҮрлері және пәндерді оқытуда ұйымдастыру әдістемесі



бет3/4
Дата25.11.2022
өлшемі26 Kb.
#159757
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
шжм нұрсұлу

Ойлан, тап!

1-сынып

2-сынып

3-сынып

Суреттің атын атау

Ребусты шешу және суретке байланысты мақал жазу

Суретке байланысты 5 жолды өлең құрастыру

Балық

Піл

Жүзім

Қорытынды: «Білім» сөзін шығару.
Келесі математика сабағынан «Қосу, көбейту,теңдеу» тақырыбына пайдаланған ойын:

2-сынып (әр тордағы сандарды қосып, нәтижесін табу)

3-сынып (сандарды көбейтіп, нәтижесін табу)

4-сынып (теңдеу құру)

Т+10

К+2+л

6*x

С+10+а

5+ік

x=36

6+н+

Қ+10+ақ

x

10+10+6=26

2*5*10=100

6*х=36


«Сиқырлы сандар» әлемі ойыны

Ойын шарты:
2 - сынып: оқушыларға санамақтар айтқызу.
3 - сынып: 5 пен 7 сандарына байланысты көбейту кестесін айтқызу.
4 - сынып: математикалық өлең есептер айтқызу.

Жаңа тақырыпты оқыту кезінде шағын жинақты мектепте «Тақырыптарды өзара беру» әдістемесі тиімді қолданылуы мүмкін. Мұғалім материалды сапалы дайындауы керек.
Төменгі сыныптарда оқу және қосымша материалдардың аса күрделі мәтіндерін терең меңгеру үшін А. Г. Ривиннің әдісі тиімді болады. Ривин әдістемесі бойынша, бір білім алушыға тақырыпты түсінуге бүкіл сынып көмектеседі. Бұл мәтінді абзац бойынша оқыту деп аталады. Оқулықтың немесе басқа мәтіннің әрбір параграфын білім алушы әр түрлі серіктерімен оқиды, бұл оқылатын мәтінді әртүрлі қөзқарас тұрғысынан қабылдауға мүмкіндік береді, тақырыпты мұқият және толық түсінуге көмектеседі.
Жұмыс принципі бойынша, бірінші абзацты пысықтау үшін білім алушы оқитын, талқылайтын, мазмұнын анықтайтын, абзацты атайтын серіктес табады (егер бірінші кезеңде тақырып қою қиын болса, онда осы абзацтың басты идеясын жазуға болады). Абзацтың атауын немесе оның басты идеясын білім алушының дәптеріне оның серіктесі жазады.
Осылайша білім алушы өзінің серіктесіне абзац туралы түсінгенін және оның атауын дәптеріне жазуға көмектеседі. Мұның бәрі әрбір білім алушының жеке тақырыбы болған жағдайда орындалады.
Келесі абзацты пысықтау үшін білім алушы өзіне жаңа серіктес іздейді, оған бірінші абзацтың мазмұнын айтады, одан әрі екінші абзацты оқиды, талқылайды, онымен екінші абзацтың мазмұнын айтады. Бірге екінші абзацқа атау ойлап табады, ал серіктесі абзацтың атауын дәптеріне жазады. Осылайша серіктесінің абзацын оқу жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші абзацты оқу үшін білім алушы жаңа серіктес іздейді, оған алғашқы екі абзацтың мазмұнын баяндайды және одан әрі онымен бірге оқиды, талқылайды, үшінші абзацтың мазмұнын анықтайды. Оған тақырып қойып, атауын дәптерге жазады. Содан кейін ол өзінің әріптесінің оқыған абзацтары бойынша әңгімесін тыңдайды, оған жаңа абзацты түсінуге, осы жаңа абзацтың басты ойын дәптерге жазуға және т. б. көмектеседі.
Алынған білімді бекіту және жүйелеу үшін барлық мәтінді оқығаннан кейін білім алушы осы тақырып бойынша шағын топта баяндама жасайды.
Содан кейін білім алушы жаңа тақырып таңдайды да, ол мәтінмен жұмысты сол тәсіл бойынша орындайды.
Р. Хазанкиннің «Тігінен жұмыс» әдістемесінің тәсілдерін қолдана отырып, әртүрлі деңгейлі тізбектер жасауға болады, онда әрбір жоғары сынып білім алушысы бастауыш сынып білім алушысының ғылыми жетекшісі болып табылады. Бастауыш және жоғары сынып білім алушыларының бірлескен жұмысы оларды жалпы танымдық іс-әрекетте біріктіреді, ой-өрісін кеңейтеді, тақырыптарды зерделеуде сабақтастықты жүзеге асыруға, бастауыш сынып білім алушыларының білім кемшіліктерін жоюға уақытылы көмек көрсетуге, үлкендердің оқу материалын қайталауды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Шағын жинақты мектепте бақылаудың негізгі әдістері жазбаша және графикалық тексеру әдістері болып табылады, ауызша бақылау кезінде фронтальды тексеру жүргізіледі. Мұғалім күн сайын барлық топта өткізген сабақтан кейін өзіндік сынып жұмысын тексереді, әсіресе егер өзіндік жұмыста жаңа білім мен іскерлікті қолдануды талап ететін жаттығулар орындалса немесе білімді ауыстыруға негізделген дайындық жаттығуларын тексеруі тиіс. Қателерді білім алушының көзінше түзеткен тиімді. Мұнда В. Ф. Шаталов әзірлеген «тізбек» әдісін қолданған жөн. Тапсырманы бірінші орындаған білім алушы дәптерін мұғалімге тексеруге береді. Содан кейін ол екінші білім алушының дәптерін, ал екінші үшіншіні және т. б. тексереді. Бұл жағдайда барлық балалар – білім алушылар мен мұғалімдер болып табылады. Бақылаудың бұл түрімен нашар білім алушыға тапсырманы орындауға көбірек уақыт беріледі және ол тапсырманы орындау барысында түсінбеген сұрақтары бойынша кеңес алып үлгереді.
Сабақта өзіндік жұмыстар саны регламенттелмегендіктен, оларды ұсына отырып, ең алдымен білім алушылардың мүмкіндіктерін ескеру керек, демек, оқу материалының мазмұны білім алушылар үшін қолжетімді және орындауға шамасы келетін болуы керек. Онсыз жұмыс табысты болмайды. [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет