Шағын жинақты бастауыш мектептегі өзіндік жұмыс, оның ТҮрлері және пәндерді оқытуда ұйымдастыру әдістемесі


-4 сынып білім алушылары үшін өзіндік жұмыстың келесі түрлері ұсынылады



бет4/4
Дата25.11.2022
өлшемі26 Kb.
#159757
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
шжм нұрсұлу

1-4 сынып білім алушылары үшін өзіндік жұмыстың келесі түрлері ұсынылады:

  • жаңа материалды өткенге дейін орындалатын дайындық жаттығулары (оқулық бойынша қайталау, карточкалармен, кестелермен және т. б. жұмыс.);

  • толық нұсқаулық бойынша жүргізілетін, бұрын меңгерілгенге ұқсас жаңа материалды өз бетінше оқу;

  • алгоритмдік кестелер, нұсқаулықтар, жадынамалар негізінде іс-әрекет ету тәсілдерін меңгеру мақсатында бекітуге арналған жаттығулар;

  • даярлық жаттығуларының барлық түрлері;

  • оқу материалының барлық бөлімдерін меңгергеннен кейін ұсынылатын бақылау және тексеру тапсырмалары.

Біртіндеп, өзіндік жұмыстың ұзақтығын ұлғайтуға болады және қажет те, тапсырмаларды көлемі мен күрделілігіне қарай көбірек ұсынуға болады.
Өз бетінше жұмыс істей отырып, сабақтың маңызды бөлігін білім алушы өзіндік жұмыстың мақсатын анық көрсету, оны орындау, қателерді тексеру және түзету сияқты жалпы тәсілдерді біртіндеп меңгеруі тиіс. Мұғалім оқытудың кез келген технологияны қолданып жұмыс істей алады (дәстүрлі – көрнекі-иллюстративті немесе шағын жинақты бастауыш мектеп үшін ең қолайлы дегенін таңдайды).
Бірақ кез келген технология бойынша өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру үшін топтарға бөлінетін әдістемелік тәсілдер жүйесі қолданылады:
1. Білім алушылардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырманың мазмұнын дұрыс түсінуін және оларға қойылатын талаптарды, тапсырманың қолжетімділігін қамтамасыз ететін тәсілдер. Сабақтың басында бір сыныппен жұмысты жоспарлай отырып, мұғалім басқа сынып білім алушыларына өз бетімен жұмыс істеуге тапсырма береді, бірақ ол білім алушылардың сұрақтарына жауап беру мүмкіндігінен айырылады. Білім алушылардың түсініксіздігін болдырмау мақсатында, оның алдын алу үшін тапсырмамен бірге оның орындалу үлгісі көрсетіледі.
2. Білім алушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдер. Шағын жинақты мектепте білім алушыларда туындаған қиындықтарды мұқият талдау және әрбір білім алушы жіберген қателерді ескеру маңызды. Сондықтан жеке жұмыс білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың дайындық дәрежесін ескергенде ғана тиімді болады. Бұл жағдайда әрбір білім алушы өзіне қажетті міндеттерді шешумен 45 айналысады, осылайша әрбір білім алушының дамуына және олардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын меңгеруіне жағдай жасалады. Сараланған тапсырмалардың мақсаты – білім алушылардың орындау барысында өз бетінше іс-әрекетін қамтамасыз ету және сол арқылы тек білім, білік пен дағдыны ғана емес, сонымен қатар өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру. Жеке өзіндік жұмысты келесідей ұйымдастыруға болады: барлық білім алушылар үшін мазмұны жағынан бірдей тапсырмалар беріледі, бірақ орындау тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Оларды орындай отырып, әрбір білім алушы даралық таныта алады.
3. Өзін-өзі бақылау тәсілдері. Шағын жинақты мектеп жағдайында білім алушыларды мұғалімнің көмегінсіз жіберілген қатені өз бетінше анықтауға үйрету өте маңызды. Білім алушыларды өзін-өзі бақылау тәсілдерін үнемі, ескертусіз қолдануды, яғни өзін-өзі тексеруге қажеттілікті қалыптастыруды үйрету қажет. [2]
Шағын жинақты бастауыш мектептерде белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерту, оқушының, қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы тұрғыдан алғанда, шағын жинақты бастауыш мектепте оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру, педагогикалық жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қорыта айтқанда, шағын жинақталған мектептерде сабақты тиімді ұйымдастырудың бірден-бір жолы оқушылардың өзіндік жұмыстарын дидактикалық талаптарға сай сауатты ұйымдастыру болып табылады.
Әдебиеттер тізімі



  1. ШЖМ-да білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар - Нұр-сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 160 б. http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1598074

  2. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.

  3. «Бастауыш мектеп» журналы № 1-5. 2013ж. № 5-7. 2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет