Шахан кенті әкімінің 2013 жылғы 17 қаңтарда өтетін кент тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама


Жұмысбастылық 2020 бағдарламасының екінші бағыты аясында



бет3/8
Дата12.10.2020
өлшемі82 Kb.
#65053
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмысбастылық 2020 бағдарламасының екінші бағыты аясында:
Азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында, жеке істі ұйымдастыруға көмек көрсетілді, кент тұрғыны Сәуле Карибековна Сымаковаға ауыл шаруашылығын дамытуға микрокредит берілді.
Жеке істі ашу үшін микрокредит алғысы келетіндерден өтініштерді қабылдау жалғасып жатыр.

Жұмысбастылық 2020 бағдарламасының үшінші бағыты аясында:
«Еңбек ресурстарының оңтайлылығын арттыру» 58 адамнан 14 отбасы, кент тұрғындарын Шахтинск қаласына көшіруге қатысты. Шахтинск қаласында құрылып жатқан жалға берілетін үйлерге көшіруге қатысу үшін Шахан кентінде тұратын жеке жұмысбасты, жұмыссыздар және аз қамтылған тұрғындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
2012 жылы жалпы төленген мемлекеттік жәрдемақының сомасы 445 мың теңге.

Білім беру
Жалпы білім беру мектептерін материалдық - техникалық жабдықтандыруға мемлекет біршама көңіл бөліп отыр.
Сонымен, 2012 жылы сомасы 3 миллион 888 мың теңге сомасына компьютерлер, сомасы 3 миллион 412 мың теңгеге жаңа жиһаздар және интерактивті тақталар сатып алынды.
Бүгінгі күні кенттегі барлық мектептер сабақ барысында интерактивті тақталарды қолдануға мүмкіндіктері бар.

Өткен жылдың есеп беру кездесуінде кент тұрғындары № 2 орта мектепті нормативтерге сәйкес жылумен қамсыздандыру бойынша сұрақтар көтерген болатын. 2012 жылы аталған мектепте сомасы 57 миллион 790 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазандықты құру бойынша, жылыту жүйелерін жөндеу, сумен қамсыздандыру және су қайтарғы бойынша, терезе мен еденді ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды.


№ 14 мектепте сомасы 4 миллион 398 мың теңге сомасына канализациялық және суаққы жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Барлық жыл мерзімінде «Березка» бала-бақшаның материалдық-техникалық базасы бекемделді (539 мың теңге), қазір онда 200ден астам бала бар.
«Балапан» Бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды оқу, тәрбиемен қамсыздандыру бойынша, № 14 мектепте 25 орынды кішігірім орталығы жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау
     Кент тұрғындарына медициналық қызметті «Емхана» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын көрсетеді, күніне адам қабылдау қабілеттілігінің саны 300 адамды құрайды.
Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шегінде кепілденген тегін медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтауды қаржыландыру көтеріліп отыр: сомасы 1 394 725 теңгеге балалар тамағымен қамсыздандыру, сомасы 263 992 теңгеге 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларды, сомасы 7 265 000 теңге ересек тұрғындарды дәрі-дәрмек препараттармен қамсыздандыру.
Облыста денсаулық сақтаудың мәселелі сұрағы болып кент тұрғындарын сапалы әрі осы заманға сай тексерудің қажетті материалдық-техникалық базасының жоқ болуы болып қала береді.
«Қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесі» дәрі-дәрмекпен қамсыздандырудың қаржылануы 3 есеге көтерілді деуге болады (1 миллион теңге), онда 109 зейнеткерлер  мен мүгедектер тұрады.

Мәдениет
2012 жыл мерзімінде кенттегі Мәдениет үйінде 220 жаппай мәдени іс шаралар өткізілді, оған 11 көркем өнерпаз ұжымы қатысты, сонымен қатар, үрлеп ойнау оркестрі (2 құрылымды), «ЭОС», «Сюрприз», «Жастар» хореографиялық би ансаблінің төрт тобы қатысты, онда балалар жастарына сай дайындалады. Мәдениет үйінің спорт залында 5 спорт секциялары жұмыс істейді.  
Шахан кентінің 50 жылдығын мерекелеу аясында кенттегі мекемелер мен ұйымдар «Мои земляки» атты іздеу жұмысына белсенді қатысты. Барлығының көмегімен кенттің дамуына үлес қосқан адамдар туралы материалдар жинау ұйымдастырылды. Кенттің мерейтойын атап өткен күні жиналған материалдар  көрсетілді.
Кенттің мерейтойын мерекелеу шеңберінде кенттегі барлық ұйымдар мен мекемелерде жаппай мәдени іс шаралар өткізілді: «Шахан край мой родной», «История Шахана» сынып сағаттары, «Шахану 50 лет...» тематикалық кештер мен концерттер, дөңгелек столдар, сурет салу конкурсы, кенттің 50 жылына арналған логотип конкурсы, әдебиеттік көрсетілім циклі, «поселок мой Шатерский» кітап көрмесі, білімпаздар турнирі, спорттық іс шаралар.
Мәдениет үйінде келесі фестивальдар өтті: поэзияның, «Радуга талантов» конкурсы, «Родному поселку – таланты и успехи» балалардың шығарма марафоны өтті.
Ардагерлер кеңесі отбасылық оқылым кітапханасымен бірге кенттің бірінші құрылысшыларымен, ақ сақалдарымен кездесуді ұйымдастырды.
Мерекелеу аясында балалардың өнер мектебінде кентте оқитын жас суретшілер жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Кентте мерекелік күн мерекелік әннің шырқалуымен басталды. Кенттің орталық көшелерінде ұйымдастырылды: мерекелік сатылым, балаларға арналған ойын-сауық іс шаралар, күні бойы мәдениет үйінің спорттық залында спорттық іс шаралар өтті.
Арнайы дайындалған жолда «Аламан бәйге», «Тай-бәйге» атпен спорттық іс шаралар өтті, жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.
Кенттің орталық алаңында кәсіби сахнада күні бойы кенттегі мәдениет үйінің көркем өнерпаз ұжымының қатысуымен мерекелік концерт көрсетілді, кейін тұрғындар алдында Кали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің шығармашылық ұжымы концерт ұсынды. Кешкі блогта Қазақстан эстрадасы «Кэшью» әртістерінің гала-концерті болды.
Шахан кенті тұрғындарын мерейтоймен құттықтау үшін келген қонақтардың арасында Қарағанды облысының әкімі, Шахтинск қаласының әкімі, облыстық және қалалық Мәслихаттың хатшылары болды. Облыс әкімі өз сөзінде, кент тұрғындарын құттықтау барысында, тұрғындарды аса қатты мазалайтын мәселені қозғады, ол қазандықтың құрылуы мен Қарағанды – Шахтинск жолын жөндеу мәселесі шешіліп жатыр деген болатын.
Мерекелік күннің соңында мерекелік отшашу болды.

2012 жылы отбасылық оқылым кітапханасында оқырмандар саны 4256 құрады, оның ішінде балалар саны 1473.


Балалардың бос уақыты үшін мәдениет үйі мекемесінде Жастар орталығы орналасқан, онда жас өспірімдер мен балалар үшін ойындар, спорттық жарыстар, семинар – тренингтер өткізіледі.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет