Шахан кенті әкімінің 2013 жылғы 17 қаңтарда өтетін кент тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама



бет4/8
Дата12.10.2020
өлшемі82 Kb.
#65053
1   2   3   4   5   6   7   8
«Қарлығаш» жастар клубында балаларға екі спорт секциясы ұйымдастырылған: греко – римдік күрес, «Қазақша күрес».
Орта жастағыларға театрлық үйірме жұмысы ұйымдастырылған, шашки, шахмат, үстел теннисінің клубы жұмыс істейді.  

Шағын бизнес
Біздің кентіміздің кәсіпкерлері кентте өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысады, мысалы:
Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күнінің 67 мерейтойын атап өтуде, кенттегі кәсіпкерлер әскери жылдардағы өлеңдердің ән бағдарламасымен, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік қонақасы берді, онда арагерлер соғыс жылдары мен жеңіс қуанышын еске алды.
Жеке кәсіпкер Сапар Кошкенович Ибкеевпен «Наурыз» мейрамын өткізуде ұмытылмайтындай ат спортының көріністік іс шаралары ұйымдастырылды, жеңімпаздарға мадақтама қағазы мен сыйлық берілді, сонымен қатар, кенттің мерейтойын атап өткен жылы Мәдениет үйінің орталық алаңында Қазақстан жерінің батырларына арналған ескерткіш орнатылды.
1 мусым Балаларды қорғау күні, Сергей Анатольевич Шувурталов кент балаларына балмұздақтар таратты, ал «Қарттар күні» «Камелот» кафесінде 10 адамға арналған түстік ұйымдастырды.
Бұдан басқа, осы жылы, кәсіпкерлердің спонсорлық көмектерінің арқасында өздерінің мерейтойы күні  ҰОС ардагерлері құттықталды: Анна Семеновна Сазонова, Иван Иванович Хохленков; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – кенттің 106 жастағы ұзаұ өмір сүрушісі – Магунур Багабиевна Багабиева құттықталды, оған гүл мен сыйлық берілді.
«Қарттар күні» 95-жастағы Анастасия Ефимовна Семкина мен Аманова Аккызда назардан қалмады.
Қыста Шахандағы балаларға ермек пен ойын үшін Сапар Кошкенович Ибкеев, 2013 Жаңа Жылдың қарсаңында Мәдениет үйі маңайында ағаштан жасалған дөңгешік құрды, және Аяз ата мен Ақшақардың мүсінін жасады.
Сонымен бірге, Шахан кентінің № 2 жалпы білім беру мектебінде Сапар Кошкенович және өзге де кәсіпкерлер бірлесіп таңертеңгілік ұйымдастырды, онда 102 бала Жаңа жылдық сыйлықтар алды.
Кәсіпкерлер тек мерекелер мен іс шаралар өткізіп қана қоймай, тұрғындар үшін жұмыс орындарын да әзірлейді, мысалға:
Шахан кентінің аумағында орналасқан ЖБИ шағын заводы КаРЭМ ЖШС, онда жүк бетоны, БІБ (бірыңғай ірге блогтары) үлгісінде тіреуіш және дуалды блогтар, ДШБ дуалды шлакоблок, электр қуатын таратқыш желілеріне тірегіш іргетасын өндіреді. Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында мемлекетті дамытудың жылдамдатылған индустриалдық-инновациалық Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ЖБИ шағын зауытының аумағында пластикалық әйнек арматурасының желісі (металл арматурасын ауыстыру үшін композиттік арматура) іске қосылды, 45 адам жұмыс істейді, «Монтаждық-құрылыс Басқармасы» ЖШС-да 16 адам, бұндағы қызмет өрісі – құрылыс болып табылады.     
2012 жылдың қараша айында В.М. Лобов жеке кәсіпкері өсімдік майын жасап шығару бойынша өз жұмысы өндірістік жиынтығын қайта жаңартты, 1,5 мың литр қыша майы өндірілді, ол нан зауыты мен тұрғындарға жекелеп сату жолымен сатылды. Жоспарланып отырған жұмыс орны 20 адамға дейін, қазіргі уақытта 10 жұмыскер жұмыс істейді.
Бұдан басқа, кент аумағында асфальт өндіру бойынша Асфальт зауыты ашылып жатыр. Жұмыстың сынақ ретінде басталуы 2013 жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта материалдарды тасу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарланған жұмыскерлер штаты – 30 адам. Қазіргі уақытта 10 адам жұмыс істейді.
Есеп беру кезеңінде тіркелген субъектілердің саны 60 бірлікті құрады, оның әрекет етуші 57 бірлігінде біздің шахандықтарда жұмыс істейді.   

2012 жылда Шахан кентінің әкімі аппаратына 1086 үндеу түсті, соның ішінде 1040 анықтама алуға сұраныс және 46 өтініш. Олардың 1034 қанағаттандырылған, 51 түсіндірілді, 1 өтініш мәселе бабы бойынша басқа ұжымға жіберілді.     



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет