Үшбұрыштың түрлері



Дата01.05.2017
өлшемі62,76 Kb.
#15319
Үшбұрыштың түрлері

Нсанбаева А.А.

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пән мұғалімі

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, пәнді қызықты өткізу,оқушылардың зеректігін қалыптастыру әр мұғалімнің мақсаты. Сабақта тиянақты білім беру әр мұғалімнің көп ізденісі арқылы жүзеге асады. Осы мақсатты іске асыру үшін сабақтың тиімді жолын таңдай білу керек. Мұғалім сұрап , оқушы жауап беретін бір сарынды сабақ баланы жалықтырып , пәнгі қызығушылығын төмендетіп, білім сапасына да әсер етері сөзсіз. Сондықтан әр сабақта баланың көңілін селт еткізер сәттерді ойластыру қажет. Осыған байланысты 7-сыныпта өткізген «Үшбұрыштың түрлері» атты сабақ жоспарын ұсынып отырмын.



Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың түрлері

Сабақтың мақсаты : 1. «Үшбұрыштың түрлері»тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру,қорытындылау тиянақтау, толықтыру және бекіту. Алған білімдерін есептер шығарғанда қолдана білу,өз бетімен еңбектеніп ойлау қабілетін жетілдіру.

2.Оқушылардың іскерліктерін , өз бетімен еңбектенуге ,шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Өз бетінше жұмыс жасауға,ұлттық педагогикаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: «Саяхат сабағы»

Көрнекіліктер: Үшбұрыштың түрлеріне байланысты тірек сызба, ұлттық ойындардың суреттері салынған бүктеме, карточкалар.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру

  2. «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрінісі

  3. Сұрақ-жауап

  4. Карточкалармен жұмыс (деңгейлік тапсырма)

  5. «Ханталапай» ойыны

  6. «Арқан тартыс» ойыны

  7. Логикалық есептер

  8. Үйге тапсырма беру

  9. Бағалау,қорытындылау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру . Сабақтың барысымен таныстыру:

1-бөлім: «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрінісі

1-жүргізуші:

Мен . . . . . . . . . . . . .. . . . .

Ылғи үштен тұрамын,

Үшбұрыш болар құралған.

Қай элементімді санасаң,

Үштен асып көрген жоқ.

Бұрыштарымның қосындысы ,

180-градусқа тең болады.

2-жүргізуші: Мен .. . .. .. . . . . . . . . . . .

Өзім түскен қабырғаны,

Тік бұрыш жасап қиямын.

Үшбұрышқа ежелден,

. . . . . . . .. . . атымен сиямын.

1-жүргізуші:

Мен бұрышты берілген,тең екіге бөлемін,

. . .. . . . .. . . . . . . аталып келемін.

2-жүргізуші: Мен . . . .. . .. . .

Бұрыш тқбесіне қарсы,

Жатқан қабырғаны қақ бөлемін.

Бұл міндетті ежелден

Ыждағаттап-ақ келемін.

. . . . .. . .. . . . . . . . . . . . . . . . .

Білсең егер атын айта қойшы кәнекей?

1-жүргізуші: Сабағымыздың бірінші бөлімін бастаймыз «Үшбұрыштар еліне саяхат» көрініс

(Тақта алдына үстіне шапан,басына бөрік киген ертегіші Ерден атай шығады.)

Ерден атай: Балалар,мен Қазақ радиосында сендерге көп-көп ертегі айтып,ертегіші атай деген атақ алдым ғой, радиодан менің ертегімді тыңдап жүрген боларсыңдар?!

Ерден атай: Ерте , ерте , ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

«Үшбұрыш» атты хан бопты.

Үшбұрыштар әулеті,

Бір руға тең болыпты.

(Тақта алдына хан болып тең қабырғалы үшбұрыш шығады. Үстіне шапан,басында тең қабырғалы үшбұрыш болып жасалған тақия)



Ерден атай: Ал,қанекей балалар!

Анықтап қарап алыңдар.

Ерекшелігін хан иемнің,

Қорықпай қане атаңдар.



Оқушылар жауабы:

  1. Бұл үшбұрыштың барлық қабырғалары тең.

  2. Барлық бұрыштары тең.

  3. Үшбұрыш төбелері латын алфавитінің үлкен әріптерңмен белгіленіп,солар бойынша оқылады.

Ерден атай: Ой,бәрекелді. Өте дұрыс айттыңдар.

(Тақтаға тағы бір үшбұрыш шығады)



Ерден атай: Ал,мынау ханның үлкен ұлы

Әрқашанда боған жолы.

Қасиетімен бұл жігіттің ,

Танысамыз бұл жолы.



Тең бүйірлі үшбұрыш: Менің атым –Тең бүйірлі үшбұрыш. Себебі екі бүйір қабырғам тең, үшінші қабырғам-табаным. Қасиетім: 1. Табанымдағы бұрыштарым тең болады.

2. Табаныма жүргізілген медианам әрі биіктігім,әрі биссектрисам.

(Тақтаға ақсаңдап тағы бір үшбұрыш шығады)

Ерден атай: Ақсақтаған мынау кім өзі? Қайдан ғана жүр еді?

Әр түрлі қабырғалы үш бұрыш : Мен ханның екінші ұлымын . Атым - Әр түрлі қабырғалы үш бұрыш. Себебі қабырғаларымның ұзындықтары әр түрлі. Жүру қиын болғандықтан көзге көп түсе бермеймін.

(Тақтаға бәр топ үшбұрыш шығып,иіліп сәлем береді)

Ерден атай: Өздеріңді таныстырып,

Өтіндерші қонақтар.

Өайдан келген топсыңдар?

1-үшбұрыш : Мен ханның немерісін.

Ау,халайық

Бұрышым менің сүйір,

Ақылың болса түйір.

Ойланшы өзің;

Сонда қалай атанамын?



Оқушылар жауабы: Сүйір бұрышты үшбұрыш

1-үшбұрыш : Дұрыс, дұрыс.

2-үшбұрыш : Доғал менің бұрышым,

Білсең айтшы дұрысын.

Қалай деп қане атайды,

Шөбересін атайдың?



Оқушылар жауабы: Доғал бұрышты үшбұрыш.

2-үшбұрыш : Дұрыс, дұрыс.

3-үшбұрыш : Келсе егер сөз кезегі,

Таныстыруды бастайын.

Мен ханның неменесі,

Атым менің тік бұрышты үшбұрыш.

Қасиетім менің ерекше,

Белгілі ғой әр елге.

Пифагордың аты шығып,

Тарап кетті әр елге.

Пирамидасы Египеттің,

Абыройымды асырды.



Ерден атай: Міне , балалар , «Үшбұрыштар еліне саяхат» жасай отырып , талай сырға қанықтық.

Үшбұрыштар әулетімен таныстық,

Осымен ертегім тәмәм болды.

Содан бері тәмәм заман болды.

Үшбұрыштар ұрпағы өз қасиетін сақтап келеді.

(Ерден атай шығып кетеді)



1-жүргізуші: Сабағымыздың 2-бөліміне көшеміз

  1. Сұрақ-жауап

а)Үшбұрыштың түрлерін ата

ә)Үшбұрыштың биіктігі,биссектрисасы,медианасы дегеніміз не?

б) Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері.

2. Карточкалар (деңгейләк тапсырмалар)



1-деңгей (ақ түсті карточкалар)

  1. Үшбұрыш қабырғалары 4 см, 5см, 7 см. Үшбұрыштың периметрән тап.

  2. Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 5см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын және периметрін тап.

  3. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 36 см. Үшбұрыштың қабырғасын тап.

  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 25см. Бүйір қабырғасы 7 см. Үшбұрыштыңтабанын тап.

2-деңгей (сары түсті карточкалар)

  1. Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы . . . . . . . . . . . . . екі қабырғасы . . . . . . . тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

  2. Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы . . . . . . . . . . . . . бір қабырғасы . . . . . . . тең болса, онда мұндай үқабырғалар тең болады.

  3. Тең бүйірлі үшбұрыштың . . . . . . . . . . тең болады.

  4. үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы 7 см,2 см, 10см болуы мүмкін бе?

3-бөлім «Ханталапай» ойыны.

Негізгі шарты бойынша шашылған асықты кім көп жинаса, сол ұтқаны,мен өз сабағымда 2 топтан 20 оқушы шығарып, 20 асық шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса,сонша нөмірлі бала асықтың,яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа,ептілікке үйретеді.

«Арқан тартыс» ойыны

Ойын шарты: 2 топтың сынасуы болса,геометрия сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасауға болады. Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғары жағындағы 2 шегеге іліп,1-10оқушы шығып,1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы юұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады.

Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі.

4-бөлім Логикалық есептер

5-бөлім «Кім көп біледі?»

Геометрия мен географияға қатысты:



  1. Жер шарындағы 6 материктің қайсысы пішіні жағынан үшбұрышқа ұқсайды? (Оңтүстік Америка)

  2. Шартты белгісі үшбұрышқа ұқсас металл рудасы? (Темір рудасы)

Геометрия мен химияға қатысты:

  1. Алмаз молекуласының пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды? (Тетраэдр)

Геометрия мен астрономияға қатысты:

  1. Қандай жұлдыздар аспанда тең қабырғалы үшбұрыш құрайды? (Бетельгейзе, Сүмбіле, Працион жұлдызы)

6-бөлім. Үйге тапсырма беру.

7-бөлім. Бағалау,қорытындылау
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет