Шешендік өнердің қалыптасу тарихы



бет2/2
Дата17.11.2022
өлшемі64 Kb.
#158625
1   2
Байланысты:
БӨЖ Шешендік
3329929410b1ae5bd78c97bda7fca304, Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Есжан Арай Н., Қ.тарих БӨЖ 8 апта (копия), òåñòû ïî ìåòîäèêå, 500сөз, 3кл әдебиет БЖБ-5-1
Шешендік толғау дегеніміз — халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.
Шешендік дау-заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды.Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді.
Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша таралған қонақта немесе бір мәселені талқылаған жиында көп жасаған кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы жүйелі сөздерді құймақұлақ талапты жастар, өнер қуған қыз-бозбалалар жаттап алып жүрген, тұрған жерлерінде ойын-жиындарда айта жүрген.
Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс.Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек. Бізге мәлім Аяз би, Жиренше, Сырым мен Исатай батыр, Махамбет пен Абай «От ауызды орақ тілді» адамдар болған.
Ш.Уәлихановтың айтуынша шешен болу үшін 2 шарт болу керек:
1.Елдің әдет-ғұрпын, заңын жетік білу керек.
2.Шешендік қабілеті,дарындылығы болу керек.
Шешендік сөздер айтыс, дауларда туып дамиды және озат ойшылдармен тілмар шешендер жасаған. Халық сынынан ғасырдың соқпағынан өткен сөз өнері — шыңдалып соғылған әдеби мұра, асыл қазына. Бастауыш сыныпта, балаларға шешендік сөздердің жеңіл түрлерін айту арқылы тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. Шешендік сөздер ескі заңдарды талқылау кезінде де көп айтылған.
Мыс: Қасым салған, қасқа жол,
Есім салған,ескі жол.
Тәуке ханның жеті жарғысы.
Бұлар жөнінде күн төбенің басында, күнде кеңес болған деп айтады.Ол кеңес кезінде билер соңғы шешімді айтатын болған.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Тілеужанов. «Ел әдебиеті»
2.Ә.Табылдиев. «Халық тағылымы»
3.Қ.Жарықбаев. «Ақылдың кені».Алматы. 2000ж
4.А.Байтұрсынов шығармалары. Алматы,1989ж.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті


БАӨЖ
Шешендік өнерге үйрету әдістемесі
Тақырыбы: Шешендік өнердің қалыптасу тарихы
Тобы: ПМНО-22-1у
Студент: Сақтапбергенова А.
Қабылдаған: Қойшыбаев М.

Қызылорда 2022 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет