Шұғаева Лаура Тұрарбекқызы Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Дата26.08.2017
өлшемі58,93 Kb.
#28340
28 жалпы білім беретін орта мектебі КММ-нің Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Шұғаева Лаура Тұрарбекқызы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №28 жалпы білім беретін орта мектеп Мерзiм: 3.02.2017жыл 20 сабақ

Тақырып: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік,қамқорлық.

Мұғалiм: Л.Шұғаева Сынып 6 «а» Оқушылар саны 14


Мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін кеңейете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарының адам өміріндегі маңыздылығын аша отырып, қиянат жасамау құндылығына түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін оятуға ықпал ете отырып, шыншылдық, мейірімділік,қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушыларды шыншылдыққа, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

Кітап, дәптер, үнтаспа, нақыл сөздер, слайд, сурет, шар, гүл, жүрекше



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi (3 мин) НҰРҒА БӨЛЕНУ

5 Ереже қайталау

5 ереже (5 Т)

Тәртіп

Талап


Тыныштық

Тазалық


Татулық

2)Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин) 

Сұрақ-жауап



  1. Жарғанат бұлбұлдың үнін өшіру үшін неліктен қарақұртты таңдады?

  2. Бұлбұл қандай кейіпкер.

  3. Жарқанат бұл ертегіде жағымды ма әлде жағымсыз кейіпкер ме? Неліктен?

  4. Жарғанаттың «Қараңғылықтың құшағы жақсы ғой.

  5. Соны да түсінбейді. Қызық өмір менің үңгірімде» деп кең дүниенің әсемдігін сезіне алмауының себебі неде?

  6. Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдірді?

  7. Қарақұрт қандай кейіпкер?

  8. Бұлбұлдың әсем әні қарақұрттың тасжүрегін жібіте алды ма, оған кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етті?

  9. Жарқанат қарақұртқа қандай өтінішпен келді?

  10. Жарқанат бұлбұлды не деп қарағады?

  11. Қарақұрттың бұлбұлға жасамақшы болған ойы іске асты ма?

  12. Қарақұрттың өлімі неден болды?

  13. Біреуге ор қазба, өзің түсерсің деген мақалды ертегімен байланыстыр.

  14. Ертегідегі жарқанаттың мінез-құлқын сипаттап беріңіз

  15. Бұлбұл қарақұртқа қандай ұсыныс тастады?

Миға шабуыл

Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау




3. Дәйек сөз.

Таза болса, табиғат,

Аман болар адамзат!

Ф.Оңғарсынова



  • Хормен оқыту. Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту.

  • Жұмыс дәптерге жаздыру.

  • Осы дәйексөз сіздерге қандай ой салды?

  • Оқушылардың жауаптары негізінде дәйексөздің мағынасын толық ашып, қорытындылау.




4. Әңгiмелеу (5 мин)

Мәтінмен жұмыс

Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» атты әңгімесін оқуды тапсыру.Оқушыларды түстер арқылы 3 топқа бөлу.



Топтық жұмыс

  • 1 топ Бетпақдала мәтінінің мазмұны бойынша дала табиғатының суретін салу

  • 2 топ Көрініс

  • 3 топ «Табиғат тұтастығын сақтау» туралы өз ұсыныс, пікірлерің.

Оқушылар көрініс, ұсыныстарын сынып алдында жария етеді. Топтар бір-бірін бағалау.


5. Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс

1 жұп Табиғат тақырыбына мақал-мәтелдер жазу

2 жұп Өлең шумақтарын аяқта

3 жұп Ақселеу Сейдімбек (Тұлғаны таны)

4 жұп Фариза Оңғарсынова (Тұлғаны таны)

5 жұп Табиғат аясында өзіңді-өзің ұстау ережесі

6 жұп «Өмір сүрейік алмасып» М.Мақатаевтың өлең жолдарын оқу

Жұптарды бағалау






6.Топпен ән айту.

«АТАМЕКЕН»

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі




7.Үй тапсырмасы.

Эссе «Табиғатты аялайық»






8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Бүгінгі сабағымызда өткен жақсы қасиеттерді бойымызға сақтап алайық.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет