Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет1/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь


2019-2020 оқу жылы

  1. Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар. Сондай-ақ, Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және тағы басқа шақырылады. Айтпақшы, Түркістан облысында арнайы арт-фестиваль ұйымдастырылып, оның аясында қолөнершілердің жәрмеңкелері, ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен мерекелік концерттер өткізілмек. ЮНЕСКО-ның атсалысуымен гуманитарлық білім саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспары тағы бар. Жалпы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы Президент бекіткен арнайы Қаулыға сәйкес ресми бүгін бастады. Жоспарға сәйкес бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «әл-Фараби» атындағы халықаралық орталық ашылуы тиіс.

Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби. Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. «Сол себепті «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған» дейді зерттеушілер. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әл-Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Әкесі әскербасы болатын. Ештеңеден кемдік көрмей өскен айрықша дарын иесі Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен. Алғашында Бұхарада, Самарқанда білім алады, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында зерттеумен айналысқан. Ақыры Бағдад қаласында тұрақтап қалады. Бұл жерде 20 жылдай тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Содан кейін Шам жеріне (Бағдад) қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады. "Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы. Әл-Фараби осындай үлкен ізденістерінің арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанады. Яғни философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», «Метафизика», «Аналитика» секілді көптеген еңбектерін түсіндірген. Яғни грек тілінде ғана дамып жатқан ғылымның араб, парсы, түрік тілдерінде тәпсірін жасайды. Сонымен қатар, Аристотелдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын түсіндіріп қана қоймай дамыта білген адам. «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Музыка туралы үлкен трактат секілді көптеген философиялық еңбектер жазды. Жалпы саны 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Мемлекет, ел басқару жөнінде ғажап тұжырымдар жасай алған. Дамаск қаласында жазып шыққан «Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты шығармасында ол қала басшыларын «қайырымды» және «надан» деп екіге бөледі. Әрі қарай «қала тұрғындары қай кезде бақытты болады?» деген мәселеге үңіледі. «Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді.



Ғұлама ғалым адамзат тарихында алғаш рет ғылымға классификация жасап оны  теориялық ғылымдар және  практикалық ғылымдар деп екі топқа бөлген. Оның алғашқысына жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізсе, екінші тобына этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған. Нақтысын айтқанда, әл-Фарабидің еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті дейді ғалымдар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет