Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Түркі дәуірінің ойшыл ақыны Жүсіп Баласағұни еңбегінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет7/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

7. Түркі дәуірінің ойшыл ақыны Жүсіп Баласағұни еңбегінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажыб Баласағұнның туғанына 1000 жыл толуына байланысты 2016 жыл түркі әлемінде ТҮРКСОЙ шешімімен Жүсіп Баласағұн жылы деп жарияланып отыр. Осыған байланысты елімізде көптеген мерейтойлық шаралар басталды. ҚазАқпарат оқырмандарына философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Ы.Алтынсарин сыйлығының лауреаты Жақан Молдабековтің . «Ана тілі» ұлт газетінде жарияланған мақаласын ұсынады Арада мың жылдай өткесін түрік әлемінің әйгілі ақын-ойшылы, ағартушысы Жүсіп Баласағұнның шығармашылық жетістіктеріне қайта оралып жатқан жайымыз бар. Тегін емес. VІ-ХІІ ғасырлар аралығында Жібек жолы өңірі мен Орта Азия мемлекеттері өркениеттің жоғарғы сатысына көтеріліп, елдер арасында сауда-саттық жұмыстарының қарқындап тұрған шағы болатын. Батыс болса, керісінше, өзара көре алмаушылық, бірін-бірі қудалаушылық белең алып, оның тоз-тозы шыққан крепостной шаруалары әртүрлі сәтсіз жағдайларды, орта ғасырдағы үрейлі ғұмырды бастан кешіріп жатты. Жаңа заманның өтпелі кезінде қоғамның, адамдардың белсенділігі күн санап артты. Тарихтағы маңызды бетбұрыстар, қарқынды өзгерістер несімен құнды? 1) Атамекенмен, жерұйықтағы өнегелі, өресі кең, өміршең бастауларымен; 2) адамның күш-қуатын қалыптастыратын кісілік қылықтар мен қасиеттер арқылы, отбасы мен қауымдастық құндылықтар тұрғысынан дәстүрді іріктейтін үлгісімен; 3) мемлекетті, елді басқарудың ортақ саяси мәселелері мен іс-шараларын жаңа қырынан қарастыруымен мәнді. Бірінші құндылық Ж.Баласағұнның елдік ниетінде. Елдің еңсесін көтерген идея адамгершілігі және әлеуметтік маңызы зор өткір оқиғаларға назарды аудартқызды. Екінші құндылық - адами әлеует пен әлемді ұлықтауда, яғни адамдық қарым-қатынастағы жаңашылдықты, білімдар белсенділік пен сауаттылықты көтермелеуде. Үшінші құндылық - тұлғаның тәлімді болмысында, яғни кісілікке жақсылық жасаудың, туыстықтың түбір-тегін түгендеудің гуманистік көкжиегіне ықылас танытуында. Тәлімді ойшылдың ұстанымы жеке пенденің мінез-құлық шегінісіне көндікпеді, жігерлі жаранның ақыл-параса­тын өңдеді. Ақыл-парасат арнасы сөз өнерінен, нақыл сөздерден, ақиқаттан бастау алды. Бұл тағылымның бір ережесі - ойды тыңдаушыға жүйелі, дәлелді, анық, айқын етіп тізбектеп беру үшін оны іштей құрастыра білу, ал үйрететіні - ақиқат сөздің нәрін Діл, Тіл, Дін, Ел мәселелеріне шоғырландыру. Бірақ заманның қилы түйткілдері мен көлденең ­жайттары тұлғалық қасиеттерге түрлі тұсаулар құрып, құндылықтарды санатқа ендіруді кешіктірді. Ғылым дамыған сайын жеке бастың бостандығы артты, таланттарға жол ашылды. Таланттың тірегі - тәрбие, ал тәрбие (оқу, білім) ақылдыны нұрландырды. Тәлімді ойшылдың тұжырымдары кейінгі ұрпақтардың жадында сақталынды. Қазақ жерінде, Талас өңірінде Баласағұн атты қаланың бой көтеруі, оның ғасырлар бойы руханияттың орталығына айналуы, Орта Азияға әйгілі ойшыл ақынның азаматтық, шығармашылық табыстарына деген халықтық ілтипаттың айғағы екені даусыз. Ж.Баласағұнның рубаяттары жаңа өмір­ге, адамның болмысына орнықты көз­қа­рас­тарды қалыптастырудың, оларды жал­ғандықтан, жамандықтан құт­қарудың ха­лықтық талпынысы мен өмір салтының сипат­тамаларына ұқсас. Біз бұл орайда елдік өрке­ниеттің қос нышанын аңғарамыз. 1. Ел қажетін тек таза жүректі, сергек саналы, туған жердің топырағынан құнар алған өмір­лік тәжірибе иелері ғана қалт жібермей сезінді, сондай іңкәрлікке бейімділік танытты. 2. Нақты міндеттерге, ауқымды проб­­лемаларға толығырақ түсінік, мақсатты ой­лану қабілетін жетілдіруге деген ұмтылыс зия­лы салауаттылар тарапынан қолдау тапты. Он ғасырдан кейін тәуелсіз Қазақстан өркениеттің жоғарғы сатысына өрлеп бара жатқан жайы бар. Енді ел азаматтары байтақ өңірде бұрыннан дәстүрге айналған еркін тілдесу, емін-еркін сұхбаттасу, өзара түсінісу, бірін-бірі сыйлай білу өнегесін игеруде. Жұмылған әрекетте адам алдымен кімді түсіне алды, түсінуге тырысты, кімнен өзін аулақ ұстап бақты? Қиыншылықта түсінбеушілік неден басталды, кімдер жағынан қолдау тапты? Жамандықтың пайда болу себебі неде? деген тіршілікке тиек болатын сауалдарға жауап іздеуде. Ондай толғаныстар тегін емес. Тіршілік тынысы тарылғанда тығырыққа тірелген мәселелерді ескеру, ал кеңінен ашылғанда өмірдің келелі болашағы туралы нақты түсінік-талдауды алға тарту, тоқтам-тұжырымдарды ұсыну дағдыға айналуда. Тек түркі әлемі туралы тұтас дүниетанымдық көзқарастың қалыптаспауы ғалымдарды ойландырады. Ж.Баласағұн үшін: 1) «Тарихтың көзі де, өзі де - адам, Дамудың... ыстық жүрегі де - адам». Ғұлама адамның болмысы мен жан дүниесін толық түсінуге тырысқан; 2) «болашақ - өткен тарихты қорыту...». Бұрынғы ойшылдардың рухани мұрасымен жақын таныстығын көрсетеді; 3) замандасымен, ұрпақпен ашық, еркін сұхбаттасу барысында адаммен тіл табысады, адамзат тарихымен тілдеседі, болашағымен үндесуге ниет танытады. Осындай ұстанымдарды ұлағаттаған ақын адам болмысының іштей тоқырау нышандарына назар аударып қана қоймай, адамды тәрбиелеудің тұтас көкжиегіне шықты. Кемшілік пен білімсіздікке төзімділікпен қараса да, надандық пен немкетерлікке, зұлымдыққа қарсы тартынбай күресті. Адам­гершіліктің дамуын бар болмысымен қолдады. Ж.Баласағұн адамгершілік пен іс­кер­лік аясын кеңейтуде, тұлғалық және халықтық сананы қалыптастыруда өзіндік қайталанбас рөлін атқарды. Біздің ойы­мызды қорытуға Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны, шамасы 54 жасында 18 айда (1069-1070 жж) жазған іргелі еңбегі негіз болды. Кітап 6645 бәйіттен тұрады. Ашық айтарымыз, кітап иесі керемет білімді, парасатты, заманының озық ойшылы; оның ұлылығы - ақылда, біліктілікте, өткерер тынымды тірлікте. Дас­тан - құнары мол, дәуірдің киелі кітабы. Әзіз кітаптың құдіреті - адамгершілік қуатында, елдікке арналған мұратында. «Құтты білік» дастаны қос бастаманың - автордың үздік дарыны мен білімінің айғағы, сол кездегі жазу өнерінің, жазба әдебиеттің, қолданбалы өнердің, жаратылыстану ғылымдары мен философияның жақсы дамығанының нәтижесі. Бірде ақын: «Шығыс елі, күллі түркі ішінде, Дүниеде кітап жоқ бұл пішінде. Құтты кітап - хан тілі атанған. Кітап құны - біліктілікте» десе, енді бірде: Дастан «жақын күллі адамзаттың діліне», «күллі кісіге ақыл береді. Ол арқылы «түркі тілі ғажабына қанарсың». Онда «әмірліктің шарттары мен тәртібі» көрсетілген, ел басқарудағы тәртіп-жөнді саралап ұғындырылады дейді. «Құтты білік» мән-мазмұны жағынан таң­дандыратын, толғандыратын, даналыққа құштар­лықты арттыратын трактаттар жиынтығы; адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы ізгі мұраттар сабақтастығы; халықтың құты, ырысы болған ілім. Әдеп ілімі мен дүниетанымдық бағдары негізгі үш факторға - ірі тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен қоғамдық пікірге, кең ортадағы сауатты ақсүйектердің әлеуметтік әлеуеті мен ойшылдардың рухани мұрасына, биліктің түрлеріне және адамдардың өзара ықпалына деген өзінің ішкі тоқтамы мен сеніміне негізделген. Тұрмыс-тіршілігін ірі талаптар деңгейіне көтерген еңбек. Табыс көзінің бір бастауы - тарихи сабақтастық пен көркемдік үйлестікте. Күлтегіннің үлкен жазуы мен «Құтты білік» дастанының арасында мәдени-тарихи кезеңнің, көркемдік стильдің үзілмегенін мамандар бірауыздан қолдайды. Бұл жай өскен ортаның, географиялық, мәдени-әлеуметтік атмосфераның үйлесімділігін, ұқсастығын аңғартатындай. Дастандағы көркемдік талғам мен стильдік құрылымдар көне дәуір поэзиясымен тамырлас, ал өлеңнің формасы, образ жасау жүйесі, сөз орамдары шығыстық өрнекпен үндес келеді. Ақын Орта Азиядағы, Ирак, Ирандағы «жаңару» дәуірі әдебиетінің (VІІІ-ІХ ғғ) идеялық ағымдарымен таныс болғандығын аңғартады. ХІ-ХІІ ғғ. ирандық рубаи үлгілерін түзіп береді, парсы-түрік әдебиетінің ерекшеліктерін сауатты ескерген. Ақын - қайраткер ойшыл, ойшыл ғұлама. Ел басқарудың рухани-діни және саяси тәртіптермен жақсы таныс, олардың әлеуметтік мән-мағынасын айқын ажыратады. Ж.Баласағұн әл-Фарабидің «жаман мінез-құлық - бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты - адамның басты қадір-қасиеттері», «бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат», ал «ұстаздың мінез-құлық нормасы қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады», «ол интеллектің пайымдағыш объектілерін аңғарады, сұлулықты сұмпайылықтан айырады, сөйтіп, өнер мен ғылымға ие болады» деген ортақ тағдырдың қағидаттарын басшылыққа алады.

Жүсіп Баласағұнның қазіргі ұрпаққа жеткен «Құтты білік» шығармасын атай аламыз. Дастан – саяси және ғибрат, өсиет, ақыл ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында, тәлім – тәрбиелік, ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы көркем туынды.
«Құтты білік» дастанын тек қана әдеби мұра деп қарау біржақтылық болар еді. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы елтану, әдебиеттану, тілтану, мәдени – тарихи қатынастар саласындағы алатын орны, маңызы мен мәні ерекше. Бұл тұрғыда, қазақ халқының да рухани кәмелеттену жолының күретамыры Жүсіп Баласағұнның эстетикалық әлемінде жатыр.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, баланың мінез – құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ата – ананың бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Бұл орайда көзге көрініп тұрған тағы бір жай – ақынның тәлім – тәрбиелік, ақылдылық, адамшылық пікірлері қазіргі біздің заманымыздың жағдаятына сай келуі, онда «барша адамзат қауымының ұстанатын мұраттардың» болуы.
Қай заманда болмасын адамзат атаулының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – келешек өмірді жалғастыратын салауатты, саналы, өзінің ісін жетік білетін — тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам, халық қамын ойлау екені даусыз. Педагогика ғылымында тәрбие заңдылықтарын тәрбие үрдісінде берік қайталанатын және маңызды байланыстар деп түсінсек,ендеше оларды іс жүзінде қолдану, жүзеге асыру жеке тұлғаны дамытуда, қалыптастыруда нәтижелі қорытындыларға жетелейді.
Халықтық тәлім – тәрбие дәстүрін он бірінші ғасыр шамасында түркі халықтарының қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне енгізуші, гуманистік, адамгершілік, ағартушылық идеялар мұрасын жалғастырып уағыздаған Жүсіп Баласағұнның еңбектерімен жастарымызды таныстыру, бай мұрасынан нәр алдыру – бүгінгі ұрпақ алдындағы басты міндеттеріміздің бірі

Жүсіп Баласағұн шығармасы Қарахан мемлекетінің Ата Заңы қызметін атқарған. Ол үшін автор өз еңбегінде патшалар мен уəзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, əскербасылар мен нөкерлердің, тəуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез- құлқы, білім дəрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мəселені əмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам — ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған əкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы «Хас Хажыб», яғни бас уəзір, міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уəзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. «Құтты білікте» елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет дейді ғұлам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет