Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Ұлы ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасының түркі халықтары әдебиетіндегі рөліне тоқталыңыз



бет8/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

8. Ұлы ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» шығармасының түркі халықтары әдебиетіндегі рөліне тоқталыңыз.

Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.

Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. Түркі халықтарының тарихында бұл кезең исламның ресми қабылдауымен ерекшеленеді. [1] Құтадғу Біліг [2]– Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.

Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.



Дастанның идеясы

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет