Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет87/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады.

Жер сыбағасын жергілікті жер 917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді. комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.

Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. «Үш жүздің» саяси көзқарастары «Алаш» партиясының саяси көзқарастарына үш өзекті мәселенің тқңірегінде алшақтанды: 1) қазақ облыстары автономиясының сипаты; 2) жер мәселесін қайта қарау; 3) дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының сипаты. Партияның идеялық бағыты большевиктік қағидалардың күшті ықпалында болды. Партия басшылығына Петроградтағы Қазан төңкерісінен кейін К. Тоғысовтың келуімен «Үш жүздің» саяси қағидалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде үшжүзшілер социал-революционерлер партиясымен одақтасу бағытын ұстанса, ал 1918 жылдың қаңтарынан бастап жергілікті жерлерде Кеңес үкіметін орнату мен нығайту жұмысына белсене араласа бастады. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет