Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы (Оқу құралы)



бет8/9
Дата28.01.2018
өлшемі2,29 Mb.
#35451
1   2   3   4   5   6   7   8   9

БАҚ және қоғаммен байланыс

Қоғаммен байланыс орнату қашаннан журналистердің кәсібінің бір қыры. 1960-шы жылдардан бері дамыған елдерде бұл мамандықты ЖОО-да дайындап, мемлекеттік және тәуелсіз мекемелердің барлығына PR қызметін кеңінен пайдалануда. PR мекеменің барлық қатнастарын (қоғамның, әкімшілік, қаржылық) зерттеп, талдап, реттеп отырады.

Қоғаммен байланыс және жарнама маркетингтік (коммуникацияның) байланыстың бір бірін толықтыра түсетін және өзара сынау арқылы байланысатын И. Рожков айсберг тәріздес схемамен көрсеткен. Байланыс - мақсаты жарнама - форма мен тауар бейнесін жасау. «Сейц проушн» сатып алуға жол ашу. Директ-маркетинг – тұтынушы мен өндіруші арасындағы екі жақты ұзақ байланыс орнату.

PR - қазіргі заманғы бизнестің ең басты бөлігі болып саналады. Европаның өзінде жетекші PR агенттіктерінің бір жылғы кірісі жүздеген млн. долларды құраған.

Қоғаммен байланыс АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде тұрақты жұмыс үрдісі болып саналады. Қытайда, мысалы қоғаммен байланыс курсы жүзден аса университеттің оқу бағдарламасына енген. Бұл дамыған елдердегі PR мамандығын дайындау әлдеқайда ертерек қолға алынған.

Күнде миллиондаған газет-журналдар оқырман қолдарына келіп түседі. Бүгінгі күнде жүздеген радиостанциялардың толқындарда еліміз бен шетелдік жаңалықтарды тыңдарманға жеткізеді. Мыңдаған телемұнаралар, ондаған ғарыштық спутниктер бізді әлемнің түрлі елдеріндегі оқиғалардың куәгері болғызады.

Баспасөз, радио мен телеарна мәнін қазіргі уақытта асыра бағалай алмаймыз. Өйткені олар әсерлесудің ірі құралына айналып кетті.

РR-дың негізігі бағыттарының бірі –БАҚ. Ал БАҚ өз ішінен жеке-жеке тармақтарға бөлінеді. Адамның бүкіл өмірі БАҚ-пен өте тығыз байланыста.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Ол адамды толықтай ақпаратқа, жаңалықтарға “орап” кетіп, адамды өзіне тәуелді етті. Егер бұрын әлеуметтік-саяи өмірде кейбір жайлар белгісіз немесе толық шығарылмаған болса, қазіргі уақытта қоғам түрлі-түрлі ақпартты кез келген жерден алу мүмкіндігі бар.

Соңғы он жылда көптеген дамыған елдерде қоғамдық қатынастар мақсаттарының жүзеге асуына үлкен әсер етті. Имидж, репутация, іскерлік қатынастар және қоғамдық пікір өнеркәсіптердің түсініктері қоғамдық қатынастың негізгі құрылымына айналды. Егер де қазіргі ұйымдар өмірінде қоғамдық пікір маңызды рөл атқарса, онда бұқарамен өзара байланыс үрдісін тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен қатар жеке шаруашылық субъекті ретінде басқарады.

Бұқарамен байланысты төрт түрлі жолмен түсіндіруге болады.

Біріншіден, атақты бұқарамен байланыс маманы С.Блэкпен, қоғамдық қатынастар институтымен (Ұлыбритания) және Уэбстердің түсіндірмен сөздігімен трактатталады. Сонымен С.Блэк РR-ды өзара түсіністік әсерінен гармонияға жету өнері деп айтады. Уэбстердің түсіндірме сөздігі – ақпараттандыратын материалдарды тарату, ақпарттар алмасуы және қоғамдық редакцияны бағалау әсерімен тұлға, ұйым, топ адамдары немесе бүкіл қоғаммен өзара түсіністік және тілдестік қатынастарды орнатуға көмектесу. Бұқаралық қатынастар институты (РR) – ұйым мен қоғам арасындағы түсіністік және сыйластық қатынастарды орнату және қалыптастыруға бағытталып жоспарланған.

Екіншіден, мұнда қоғамның мүдделері ұйым мүдделерімен сай келгенде ғана ескеріледі. Бұл жағдайда ұйым мақсаттарының жүзеге асырылуы тек барлық жақтардың мүдделері ескерілсе ғана мүмкін. Бұл бағытты ХХ ғасырдың бірінші жартысында Э.Бернейз ұсынған болатын. Ол: “PR – бұл қоғамды өзінің әдіс-амалын немесе әрекеттерін өзгерту үшін көндіруге, сонымен қатар қоғамның мүдделеріне сәйкес ұйым әрекетінің үйлесушілігіне және керісінше бағытталған”,- деп тұжырымдайды. Бұл бағыт басқаларға қарағанда ең тиімді болып келеді. Өйткені әрбір ұйым белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылады және бұл мақсаттардың нәтижелі жүзеге асырылуына көбінесе РR әсер етеді. Коммерциялық өнеркәсіп үшін РR өнімдердің өтімділігін жоғарылауын, тұтынушылармен өзара пайдалы қатынастардың реттеуін негізге алады. Ал коммерциялық емес ұйымдар үшін РR қызметі мақсаттарға жету үшін ғана емес, сонымен қатар әрі қарай тіршілік етуіне бағытталған.

Үшіншіден, бұқарамен қатынасты коммуникациялық менеджменттің синонимі ретінде қарастырады. Менеджментте коммуникация астарында екі немесе одан да көп субъекттер арасындағы ақпарат алмасу үрдісі кіреді. Қоғаммен өзара табысты байланыс орнату үшін ұйым белгілі бір әрекеттер жасауы қажет.

Төртіншіден, әлем тәжірибесінде таралған РR түсінігі маркетинг кешенінің бір бөлігі. РR маркетингтің құралы ретінде, бір негізгі топ пен тұтынушылар арасында өзара әрекеттесуге бағыттайды. Маркетинг пен бұқарамен байланыс бірігіп, мақсаттардың орындалуын жүзеге асырады.
Саяси жарнама

Радио мен телеарналардағы эфирлік уақыт – үлкен қаражат көзі. Саяси партиялардың оларға кіруін үкімет немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзі, саяси партиялар төлеуі қажет. Сондықтан мұндай жағдайда сайлау науқанына бөлінетін қаражат әділетті және дұрыс бөліну мәселесі туындайды, әсіресе бұл мемлекеттің қаржысы жеткен жағдайда болуы мүмкін.

Эфирлік уақыт алуға демократияға өтетін режимде елдердің үкіметі рұқсат етті. Қосымша эфирлік тегін уақыт беру демократияға өту жағдайында партиялардың өз бағдарламаларын жариялау мүмкіндігі бірдей болмайды. Оппозициялық партиялар эфирлік уақытқа қажетті бірқатар құралдар алуына мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар олардың саяси өмірге қатысуына және радиоға ерікті енуіне кедергі жасалуы мүмкін. БАҚ мемлекет бақылауында жиі болып, сайлау науқанын жүргізуде оппозициялық партияларды сайлау алды оппозицияға ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Тіпті электронды БАҚ жеке меншікте болса да, онын иесі билеуші тапқа жағымпазданып оппозицияға уақыт бере бермейді. Саяси партиялардың сайлау алды насихатының бағдарламасы азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыратын ақпарат алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар өзінің саяси партияларын қалыптастырғандарға сайлау процесіндегі сөйлеу бостандығына құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан демократияға өту кезеңінде үкімет эфирлік уақытқа төленетін мемлекеттік қаржы бөлгені дұрыс.

Демократияға өту кезеңінде саяси партияларға радио мен телеарналардағы эфирлік уақытты сатып алуға рұқсат етілмеген. Көп елдерде сайлау жүргізу науқанында эфирлік уақытты сатып алу рұқсат етілген. Кейбір жағдайда тікелей трансляция және бейнежазу жасауға мүмкіндік берілді.

Жалпы саяси жарнаманың кейбір шетелдерде қолданыс аясы әртүрлі.

1989 жылы Панамадағы науқанда кандидаттар 25% жеңілдік алады деген келісімге қол жеткізді. Алайда коммерциялық телекомпания Норьегадан бағаның ең жоғарысымен төлеуді талап етеді. Ал оппозиция кандидаттарына 50% көлемінде жеңілдік жасап, күн сайын ең қолайлы мезгілден 10 минут уақытты тегін береді. Норьегаға да 10 минут беріледі, бірақ 100 мың $ талап етті. Осылайша, Норьега ұтылады.

Сайлау науқанының ұзақтығы көрермендер төзімінің де, кандидаттар қаржысының таусылуына әкеп соғуы мүмкін. Науқан ұзақ өтетін АҚШ-та тележарнама үшін ең арзан бағалар туралы ереже алғашқы сайлауға 45 күн қалғанда және жалпы сайлау басталуына 60 күн қалғанда іске қосылады. Коста-Рикада саяси жарнама эфирде сайлауға екі ай қалғанда беріледі.

Ал Италиялық телекомпания кандидаттарды жалпы ұлттық дәрежеде ұсынған барлық партияға эфир уақытын тең мөлшерде, тегін береді. Кейбір италиандық жекеменшік телеарналар кандидаттар арасында саяси айтыстар өткізеді.

Саяси айтысты ұйымдастырудың үш түрі бар:


  1. Заңдар мен ережелер құрастыру үшін негіз ретінде басшылыққа алынар принциптерді әзірлеу.

  2. Әдет қалыптастыру. Телекомпаниялар сол әдет-ғұрыпқа сай болуы тиіс, сонда ғана рұқсат құжат беріледі. Мысалы: АҚШ конгресі белгілеген әдеттің талабы қандай? «Қоғам игілігіне жайлы жағдай жасалуы мен қажетсінушіге қызмет ету». Қоғам мүдделерін қанағаттандыру.

  3. Елдің хабар беру жүйесі тек үкіметтің меншігіне негізделеді.

Демократияға өту жағдайында саяси партияларға эфирлік уақытты сатып алу кезінде бірқатар мәселелер туындайды. Бірінші мәселе цензураға ұшырайтын жарнамалық таралымдар жөнінде 1991 ж. Сайлауда Замбидағы Замбияның ұлттық Радиотарату Компаниясы оппозициялық партияның жарнамасын таратудан бас тартты. 1989 ж. Тайваньда сайлау кезінде теледидар жетекшілігі оппозицияның жарнамасын қабылдамады, ол өз шешімін оппозициялық партияларын жарнамалық роликтерінің нақты емес екендігіне сілтеді.
Саяси жарнама және бұқарамен байланыс

Жарнама ісіндегі саяси жарнама көбінесе сайлау қарсаңында депутаттыққа, президенттікке кандидат тұлғалардың үндеу сөздері және солар туралы портреттік жарияланымдары жатады. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің бір санында: «Республика Парламентіне сайлауға бекінген Ғалымжанның таңдаған мамандығының өзі еліміздің заң шығарушы органында қызмет жасауына толық мүмкіндік беретіндей. Оның бұған дейінгі қызметі барысында жинаған тәжірибесі де мол. Ғалымжан Сұраған депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсетін сөйлеу округінің сайлаушыларын алдына қойған мақсаты жолында табандылықпен тер төгетін, қиындықтардан қаймықпайтын Ғалымжан үшін дауыс беруге шақырамын. Осындай таңдау жасағандар қателеспейді» делінген.

Саяси жарнама – сайлау алдындағы науқанды жариялаудың анағұрлым қызулы дауын туғызатын жайт. Саяси жарнаманы берудің бірнеше жолы бар: біріншіден, телеарна арқылы, яғни эфирге шығу арқылы сайлау алдындағы өзінің үгіт-насихатын жасайтын кандидат халыққа үн қата алады. Екіншіден, плакат, афиша түріндегі жарнама саяси тұлғаларды өзін танытуына зор мүмкіндік береді. Үшіншіден, радио арқылы сұхбат беру немесе тікелей халық сұрағына жауап беру тәсілі бар. Төртінші, баспасөз арқылы халыққа өзін жария ету мүмкіндігі беріледі. Ең қымбат жарнама тележарнама болғандықтан эфир уақытының ұзақ-қысқалығын қаражат мәселесі шешеді.

Телеарна саласындағы саясат Комиссиясының 1991 жылғы мәжілісінде ақысы төленетін саяси жарнаманың алуан түрлі жайттары қаралды. Осы мәселе туралы елеулі қайшылықтар АҚШ тарапынан енген комиссия мүшелері арасында шиеленіс туғызды. Ақылы саяси жарнаманы пайдалану құқына шектеу қою туралы АҚШ конституциясында бар. Ақы төленетін жарнамаға тыйым салудың қандайына болсын қарсы шыққан Америка үкіметі мен ақпарат компаниялары өкілдері бұл ұсынысты қабылдатпай тастады. Бұл ақпарат компаниялары еркіндігін және кандидаттардың сөз еркіндігі құқын шектейтінін айқындайды. Ақылы саяси жарнаманы жақтайтындар да бар. Өйткені ол кандидаттың халыққа тікелей үн қатуына жол ашады. Сондай-ақ ол кіріс көзінің өрісін кеңейтеді.

Осындай түрлі себептерге байланысты – демократия жолына түскен мемлекеттерде кандидаттарға мемлекетті жүйемен сайысқа түсуге жағдай туғызу үшін және кандидаттардың сайлау науқанын аса ірі соманың қажетінсіз жүргізуге мүмкіндік жасау қажеттігіне байланысты теледидар саласындағы саясат Комиссиясы мынадай қорытындыға келді: Теледидар жүйесі кандидаттар арасында эфир уақытын тегін бөліп берсе, оған қосымша ретінде эфир уақытын сатып алуға, оны өз еркінше пайдалануға рұқсат берілуі тиіс. Ел арасындағы саяси жарнамаға теріс көзқарастың басты себебі, халықтың саясаттан хабарсыз және саясатқа сенбейтіндігінде болса керек.

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағында «Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін орын белгілейді және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлық тормен жарақтандырады» делінген.

Заң бойынша «Үгіттік баспа материялдар барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Кандидаттар үгіттік баспа материалдарын тиісті обьект иесінің рұқсатымен өзге де орындарда іліп қоюға құқылы» делінген.

Кез келген фирма немесе саяси тұлға үшін жарнама берудің қолайлы әрі қымбат түрі – эфирлік жарнама. Эфирлік жарнаманың басты алғы шарттарына мыналар жатады.

1. Саяси тұлға өзін жарнамалай отырып, халыққа жағымды әсер етуді көздейді.

2. Эфирлік уақытты тиімді пайдалану.

3. Эфирлік безендіру мен жарнама мәтінін байланыстыра жасау.

4. ҚР заңына бағына отырып, ҚР-ның мемлекетін құрметтеу.

5. Өзін насихаттай отырып, өзге кандидаттардың азаматтық құқығын сақтау.

Эфирлік саяси жарнаманың саяси тұлғалар үшін қолайлы болғанымен, саяси жарнамаға көп елдерде рұқсат етілмеген. Осы себептерге байланысты демократия жолына түсе бастаған елдерде кандидаттарға мемлекеттік жүйемен тайталасқа түсуге жағдай туғызу үшін, кандидаттардың сайлау науқанын аса ірі сома жинамай-ақ, журналистерге мүмкіндік жасау, теледидар саласындағы саясат комиссиясы мынадай қортындыға келді: Егер телехабар жүйесі кандидаттар арсында эфир уақытын тегін бөліп берсе, оған қосымша ретінде эфир уақытын сатып алуға, оны өз еркінше пайдалануға рұқсат етілсін»,- делінген.

Саяси жарнама феномені – қоғамдық өмірде маңызды орын алатын саяси институттар технологиясы. Ол - саяси процестер қызметінің дамуына және көпшілік санасына ықпал ететін саяси коммуникациялық, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары желісінің жетілуіне, жағымды имиджді қалыптастыруға тырысатын саяси тұлға немесе партиялар қызметінің біліктілігін арттыруға көмектесетін берден-бір құрал. Осы орайда саяси тактикаға негізделген технологияларды пайдалану және оны халық санасына дәл жеткізе алу тәсілінің қажеттігі тәжірибелі әрі әлуетті қызметті талап ететіні сөзсіз.

Саяси маркетингтік немесе коммуникация құралдары арқылы білгілі бір әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүзеге асыру, жарнама жасау, оны нақты объектіге немесе аудиторияға бағыттау саяси мақсатқа жету тәсілі.

Сайлау – қазіргі саясаттың маңызды бөлігі. Ол билік және басқару органдарының қалыптасуын, азаматтардың саяси еріктері сайлау жүйесінің ережелері арқылы іске асуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол – азаматтар мен билік арасындағы ең маңызды арақатынас арналарының бірі. Сайлау нәтижесінде билік басындағылар өз іс-әрекеттері қаншалықты халыққа жағымды не жағымсыз екенін көре алады.

Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Қазіргі кезде халықтың сайлау белсенділігнің өзгергіштігін сарапшылар былай түсіндіреді: сайлаушылардың сайлау аралығында енжарлықтары, селқостықтары сайлау кезінде ғана белсенділікке ұштасады. Олардың пікірінше, саяси өмірге әлуметтік топтардың көп араласу қоғамдық барлық саласында трасформациялық процестерге әкеледі. Сондықтан қазақстандақтардың саяси мәдениетін жетілдіру шараларын іске асыру керек.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайындағы саяси институттар құрылымдарының өркениетті ақпараттық технологияларды қолдану мен жүзеге асыру: саяси маркетинг және саяси коммуникация құралдары мен саяси жарнама тәсілдерін меңгеруі позитивті имиджді қалыптастырушы саяси кандидат пен партия үшін маңызды құрал болып табылады.

Жалпы, жарнама жасау біздің қоғамдық-ғылыми өмірімізге немесе экономикалық қатынастар жағдайында қолданысқа енуі өткен ғасырдың 30- жылдарында белгілі болды. Бірақ саяси жарнама жасау бұдан да ертерек, сайлау алдындағы тартысты ұйымдастыру кезінде пайдаланылған. Мәселен, АҚШ-та 1796 және 1800 жылдары республикандықтар мен демократтар өкілдері президенттік қызметке үміткер кандидаттарға жалпы талап қою және мәселелерді талқылауға салу жолымен саяси жарнама тәсілін пайдаланса, 1820 жылдың соңында Мартин Ван Буян оңтүстікте демократтардың сайлау алдындағы тартыста Джексонды қолдау науқаның жүзеге асыруға, өз кандидатурасын презденттік сайлауға ұсынуда табысты нәтижеге қол жеткізеді.

Демек, саяси жарнама электораттар шешімін өзгертуге тікелей немесе жанама ықпал ететін коммуникацияның ерекше түрі екен. Оның басты міндеті - ұсынылған тауар немесе саяси қызмет қарым-қатынасы жөнінде жағымды бейнені қалыптастыру.

Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси технология рөлінің атқарушы, ақпараттар өнімін қысқа әрі нақты етіп жеткізуі каналдарының дамуы көпшілік санасына ықпал етуші факторға айналады. Осы құралдар негізінде саясат субъектісі немесе объектісі жөнінде қалыптастырушы фактор саяси жарнама.

Саяси жарнама - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы саяси тұлға немесе партия жөніндегі белгілі бір имиджді қалыптастыратын коммуникациялық және маркетингтік қатынастар жүйесінің элементі.

Жарнаманың саяси иделеогиямен байланыстылығы халық пен тікелей қатынас орнатады. Бұл жөнінде американдық зерттеуші Джонкарло Буззи: «Жарнамалық хабарлама белгілі бір идеологияға қызмет ету арқылы пікірлер мен мінез-құлықты үйлестіруге тырысады», - дейді. Яғни жарнама - үгіт-насихаттың ерекше формасы. Ол үнемі дамып, өзгеріп отыруды талап етеді. Саяси жарнаманың бірінші кезектегі міндеті - саяси күштің, партияның және оның лидері мен өкілдерінің талғамға сай имиджін қалыптастыру.

Саяси жарнама жасаумен айналысатын институттар агенттіктері 70-жылдарда АҚШ-та пайда бола бастады, ал 80-жылдары оның саны күрт өсті. Саяси жарнама сайлау агенттіктері қызметінің дамуы 50-жылдардағы саяси жарнама тәсілін түбірінен өзгертті. Ол кезде қайталауға, ақпарат, вербальды хабарлар беруге негізделіп жасалса, 60 жылдардағы саяси жарнама тікелей эмоцияға бағытталған. Саяси сайлау болмаған жерде саяси жарнама да болмайды. Ал сайлау болған жерде саяси жарнаманы жасау мен дамыту үшін мүмкіндік бар. Сайлау процесі кезіндегі саяси жарнама қызметі - күрделі саяси бағдарламаларды қарапайым баламалар арқылы оңайлатып жеткізетін тәсіл. Осы қолайлылықты туғызу арқылы ол саяси күрес үшін тиімді құралға айналды. Саяси жарнама саяси бәсекелестіктер жағдайына функционалданады. Ол өзінің жеке объектісін (лидер, партия) басқалардан бөліп алады. Сондықтан біз оны әлеуметке бағытталған идеологиялық қызмет деп атауымызға болады.

Саяси жарнама қызметіне қарай әртүрлі болады, соның бірі – институтционалды жарнама. Институтционалды жарнама партиялар мен қозғалыстардың әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық маңызы бар қызметін жүзеге асыруға бағытталған жарнама болып табылады. Институтционалды жарнама саяси партияның «адамдардың қызығушылығы мен алғысына бөлейтін қандай да бір әлеуметтік және экономикалық жобалауға демеушілік жасауын, оның бір қоғамдық қордың құрылтайшысы болуы, халыққа танымал фестивальдардың, қайырымдылық концерттердің ұйымдастырушысы болуы, меценат рөлін атқаруы мүмкін шараларды жүзеге асыруды жарнамалайды».

Саяси жарнаманың плакат, буклет, листовкалар және басқалардан да маңызды құралдың бірі – телеарна. Оның партиялық күресті жүзеге асырудағы маңызды рөлі өзара тығыз байланыстағы екі факторға негізделеді.

Бірінші фактор – телеарналардың көпшілік санасына ықпал ету ерекшелігі. Телекөрермендердің экраннан барлық құбылысты бақылауы, оның нақты жағдайды көрермен ретінде емес, оқиғаға қатысушы ретінде сезінуін туғызды. Сөйлеушінің көрермендермен тікелей байланысуы олардың сөйлеушіге деген сенімі мен ықыласын бекіте түседі, бірақ телеарна оның барлық әлсіз жақтарын аша алады. Сондықтан телеарналарда сөйлеу жан-жақты дайындықты талап етеді.

Екінші фактор – саясаткерді жеке даралау процесі. Көп жағдайда бұл телеарна ерекшелігіне байланысты. Ол кандидаттың ертеңгі күні сайлаушының назарын аударатын қабілеттілігін, тіптен оның сыртқы ерекшеліктерін, рөлін бірнеше мәрте күшейте алады, саны мен бірге оның өзі мүше партиясының рөлін төмендеуге ықпал жасай алады. Телеарналардың саяси жарнама жасаудағы рөлінің маңыздылығы әрбір саяси имидж жасаушы партия немесе кандидаттың нақты бейнесін көрерермендерге жеткізе алуында.

Біріншіден, телеарна көрермендерге саяси партия немесе кандидаттың жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның бағдарламалық мақсаттарын, образын халыққа жағымды факторлар негізінде көрсете отырып, позитивті имиджді қалыптастырса, екіншіден, ол бәсекелестер күресі нәтижесінен қарсыласының имиджін бұрмалап жеткізу және теріс пікр қалыптастыру үшін де ұтымды тәсілді жүзеге асыра алдады. Яғни бұл жағдай көрерменге арнайы субъектінің екі жағын өзінің қатысуымен емес, арнайы имиджмейкерлер арқылы жасалған бейнені «мәжбүр» мойындауына итермелейді. Телеарналардан кейінгі келесі маңызды фактор - саяси күрес технологиясын тұтасымен өзгертетін және саяси жарнаманың негізін құрайтын компьютерлік технология. Компьютерге енгізілген ақпараттық мәліметтер көпшілік сайланушылардың негізгі субъектіден күтетін мақсаттары мен көңіл-күйін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге кандидаттың имиджін анықталған көңіл-күй мен кандидаттан күтілетін талаптарға сәйкес «түзетуге» мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ компьютер басқа мақсаттарды «тікелей почта» жарнамасы түрінде жүзеге асыра алады. Сайлаулар тәрбиесінен белгілі болғандай алдымен электрораттардың әртүрлі топтары тыңдалып алынып, оларға кандидаттың үндеуі мен «жеке» қолы қойылған «арнайы» хаттары жазылып жіберіледі.

Бұл тәсіл «қарапайым» адамдар үшін «назар аудару» болып табылады, оның өзінің белгілі бір жауапкершілікті сезінуіне әсер етеді.

Сонымен, саяси жарнама үшін жағымды имиджді қалыптастыру -сайланушылар сенімі мен ықыласын жаулап алудың белгілі бір объектісі немесе субъектісі жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыруы.

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны - сайлау. Оның сипаты үкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.

Сайлаудың негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:

- берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси – ұйымдастырылуы бейнеленеді;

- сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастыру жағын көрсетеді.

Сайлаушылардың берген дауысын санау тәсілі мен депутаттық мандатты беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропоционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция) аралас жүйе түрінде қолданылады.

Мажоритарлық жүйе бойынша белгіленген дауыстың басым бөлігіне не болған үміткерлер сайланған болып есептелінеді. Басым көпшілік салыстырмалы әлде абсолютті немесе біліктілікті болуына орай өз ішіндегі тағы түрлерге бөлінеді.

Сайлаудың бір мандаты округтер бойынша өткізілуі, нәтижеге жету үшін сайланушылардың шағын бөлігі болуын белгілейді. Егер мұндай шек белгіленбесе сайлау заңсыз деп саналады. Ал дауыс берген сайланушылардың басым көпшілігі қолданған үміткерлер (егер бір дауыс болған жағдайда) сайланған болып есептелуі мажоритарлық жүйенің негізі ерекшеліктерін құрайды. Аталған жүйенің оңды сипаты оның Парламентке тірек боларлық тұрақты үкімет қалыптастыру қабілеті болып табылады.

Негізгі саяси процесс сайлау комиссияларының ішкі ұйымдастырушылық формасында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында өткен сайлау процесінің сипатына ой жүгірте отырып, бір негізгі басты кемшіліктерге тоқталамыз:

1. Әртүрлі саладағы кандидаттардың жаппай (саяси тәжірибесі бары да, жоғы да) түрлі қолдаулар (материалдық және қоғамдық ұйымдар) көмегімен сайлауға қатысуы;

2. Халықтық мүддеден жеке мүдденің жоғары тұруы;

3. Үгіт-насихат жүргізу шеңберінің тарлығы (туыс-туған, таныс жора-жолдас немесе белгілі бір мекеме аумағында);

4. Өзі сайлауға түскен аумақтың әлеуметтік-экономикалық мақсат-мүдделері жөніндегі ақпараттану деңгейінің, саяси тәжірибесі мен біліктілігінің төмендігі;

5. Саяси жарнама жасау тәсіліндегі «сауатсыздық» пен имиджінің қалыптасуы және т.б.

Осы сайлау процесіне қатысушылардың жұмыс механизмдерін қорытындылай келе, жалпы қалыптасқан жағдайдан халық санасын жаулап алудың (манипуляция) әлеуметтік-психологиялық тәсілінің стихиялық көрініске ие болғанын көреміз.

Саяси жарнамалардың сезімдік сипатқа ие болуы электорат санасына ықпалды әрекет етуіне бағытталған. Жарнама жасау техникасы әлеуметтік ортамен, психологиялық және жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ халықтың санасына, қарапайым халықтың ойына қонымды тілде жасалуы тиіс. ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында өмір сүрген француз ғалымы, әлеуметтік психология ғылымының өкілі Густав Ле Бон өзінің «Халық психологиясы» атты кітабында: «Идеялар мінез-құлыққа ықпал ете алмайды, егер олар сезімге әсер ететін тілге аударылмаса», - дейді.

Қорытындылай келе, респонденттердің басым көпшілігі сайлау институты арқылы мемлекет органдарының қалыптасуына өз үлестерін қоса алатындарына көздері жететінін және олардың көпшілігінің сайлау институтына сенімдерінің мол екенін көреміз. Бірақ халық арасында зерттеу нәтижесі бойынша, респонденттердің 35,3 % - і сайлау институтына сенімсіздік көрсеткен. Адамзаттың үштен бір бөлігінен астамы күнделікті тіршілікте саясаттан тыс қалып қана қоймай, 4-5 жылда бір болатын сайлау кезінде өз азаматтық борышын өтеуден бас тартуы қоғамтанушыларды селқос қалдырмауы керек.

Жоғарыда сарапшылардың адамдар неғұрлым саяси өмірге ат салысуы қажет деген пікірін айтып кеткенбіз. Әлеуметтанушылардың тілімен айтсақ, саяси әлеуметтану үрдісін жетілдіру керек. Бұл мәселені шешуде тек отбасы, оқытушылар мен ғалымдар ғана емес, мемлекеттік органдар мен саяси партиялар, бірлестіктер, қозғалыстардың , БАҚ-тың рөлі зор.
Саяси жарнама имиджі

Саяси жарнаманың коммуникативтік компоненті - саясаткер. Қазіргі заманғы тілде ағылшынның «image» сөзі көп қырлы болып табылады. Бейне, мотив, рөл, амплуа, маска, типаж, сән қойылым, фасад, репутация - бұл ұғым түсінігінің толық емес тізімі. Адам мәдениетінде көп бейне рөл ойнай отыра, «имидж» түсінігі әр түрлі мәдени-тарихи мәндерді қамтиды.

Имидждің көптеген анықтамалары бар, сондай-ақ имидждің классификациясының әртүрлі әдістері бар. Мұндай көпбейнелілік негізінен имидждің қилы аспектілерде (құрылымдық, функционалдық, пәндік және т.б.) қарастырылуында. Имидж - бұл әрі «адамдардың белгілі бір тұлғамен ассоциацияланатын белгілі бір сапалар жиынтығы» , әрі «құбылысқа оған тән емес қасиеттер мен сипаттар беруге қабілетті бейне», әрі сізді басқалардың қабылдауы. Сіздің тұлғаңыздың қоршаған адамдардың алдындағы жалпы суреті және т.б. Осы және басқа анықтамалар коммуникативтік өрісте әртүрлі бейнелер (субъект біздің жағдайда кандидат немесе саяси ұйым) елестететін бейне; мақсатты жасалған бейне; объект (аудитория) санасында қалыптасатын бейне) циркуляцияланатынын көрсетеді. Бұл бейнелер бір-бірінен бөлек тұрмайды, олардың арасында күрделі байланыс жүйесі болады, олар бір-біріне әсер етуге қабілетті.

Кандидат имиджінің басты компоненті - ол сайлаушының кандидат жайлы пікірі қалыптасатын оның сыртқы сипаттарының жиынтығы. Имиджді қабылдаушы адамдардың санасына жақсы «қалыптасқан» имидж белгілі бір бағдар береді. Осының нәтижесінде санада пайда болған белгілі бір ой адамның өзінің жемісі ретінде қабылданады. Имидж бойынша кеңесші саясаткердің ең жақын көмекшілерінің бірі болуы тиіс. Имидж сомдаған кезде келесілерді ұмытпау керек:

Адамдар көбінде кандидаттың мына белгілеріне көп назар аударады.

түр сипатына- 55%

сөзіне- 38%

ойына- 7%

Сайлаушылардың көбісі апатия күйінде болып отырған қазіргі экономикалық-әлеуметтік, психологиялық жағдайларда негізінен саяси бағдарлар мен жүйелер емес, тұлғалар, дәлірек айтқанда, сәтті сомдалған имидждер күреседі. Саяси жарнамада субъективті-объективті қарым-қатынастар өзінің ерекше спецификалық жағдайларымен ерекшеленеді. Сайлаушылармен кандидаттың коммуникациясы көбінесе «опосредственно» сипатқа ие. Бұл бір жағынан, адамдардың көп бөлігіне әсер ету талап етілетіндігімен (ал мұндай әсер ету бұқаралық коммуникация арналарынсыз мүмкін емес), екінші жағынан, тұлға бұқара алдына өзінің толық адамдық қасиеттерімен көріне алмайтынындығымен түсіндіріледі.

Имидж лидер мен бұқара арасындағы өзіндік бір делдал ретінде болады, ол лидерлік функцияларды өзі атқарады. Сайлаушы үнемі сайлаушының өзі немесе коммуникация құралдары арқылы жасалып отыратын дәл осы бейнені қабылдайды.

Лидер имиджі - саяси жарнаманың басты құралының бірі. Оның өзіндік сапасы – доминаттылық. Біз ақпараттың толық көлемімен жұмыс істеудің орнына қысқа ақпаратты қолданамыз. Имидждік коммуникация спецификасы ақпарат алушы реакциясы бақылана алатындығында, хабарламалар халықтың күтілетін реакциясын есепке алу арқылы жасалынады.

Басқа зерттеулер сайлаушылар қалауларын төмендегідей етіп бөледі:

Бірінші орында - құлықтылық, адалдылық (22,3%)

Екінші орында - сайлаушылар алдындағы жауапкершілік (18%)

Үшінші орында - жергілікті өмір сүру жағдайларымен таныс болу;

Төртінші орында - мейірімділік, әділділік (3%);

Бесінші орында - іскерлік пысықтық (8,6%);

Алтынша орында - эрудиция, интеллект (7,4%)

Халықтың барлық топтары пікірі бойынша алғашқы үш позиция негізгі болып табылады. Ал қалғандары рейтингі әртүрлі топтарда әрқалай. Зиялы қауым өкілдері үшін «іскерлік, пысықтық» және «эрудиция, интеллект», «мейірімділік, әділеттікке» қарағанда әлдеқайда маңызды. Студенттер саясаткерлерге ең қажетті қасиет «іскерлік, пысықтық» деп санаса, зейнеткерлер «эрудиция мен интеллектілікке» қарайды.

Сайлаушылар лидердің жеке өміріне, оның тұрмысына, жанұялық дәстүрлеріне ерекше қызығушылық білдіреді. Зерттеулер көрсеткендей, аудитория әрқашан кез келген лидерден тұрақты әлдебір қасиеттер болуын күтеді. Бұл доминанттарды қандай мөлшерде толық үлгіленетін мөлшерде имидж қосу керек. «Кандидатта барлығымызға ұнайтын бір немесе бірнеше сипаттар болуы керек»,- деп жазады саяси жарнама қисыншылары.

Кандидаттың тиімді имиджі сайлаушының тиімді электоралды іс-қимылдарына ықпал ететін категория болып табылады, кандидаттардың саяси нарықта бәсекеге тұрақтылық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Имиджмейкер қызметі бейнені «жасаумен» шектелмейді. И. Викентьев имиджбен жұмыс істеуде төмендегі мәселелерді қамтитынын көрсетеді. Бейнені жасау және оның қабылдануын қажетті жаққа бағыттау. Бейнені түсінікті және жағымды (халық пікірі бойынша) категориялар көмегімен беру, яғни позициялау.

Лидерді позициялаудың мүмкін боларлық бірнеше жолдары бар, оның әлдеқайда тиімдісін таңдап ала алған жөн. Мысалы, Дж. Мейджордың саяси консульттанттары оны немесе радикалды өзгерістерді жақтаушы реформатор (Дж. Кеннеди стратегиясы) ретінде немесе қолда бар жетістіктерді сақтап қалуға ұмтылушы консерсватор (Линкольн стратегиясы) ретінде таныстыра алады. Олар сондай-ақ «оның салыстырмалы түрдегі жастығын, жақсы сырт келбетін, энергиясын, тәуекелшіл және спортқа деген ыстық ықыласын көрсете алатын, немесе оның қарапайым әлеуметтік жағдайына, талғамына, сыпайылығына және қарапайымдылығына екпін жасай алатын. Осы екі сипат та Мейджор бейнесін береді, бірақ олардың бірін таңдау керек болады. Позициялау мәні тек бір қалаулы сипаттар мен бағыттарды жай ғана таңдап алу емес, кандидаттың нақты басымдықтарын, яғни бәсекелестердің сипатынан асып түсетін жақтарын анықтауда.

Стратегияны жүзеге асыру процесінде бәсекелестің имиджін түсіру, яғни контржарнама жасау қажеттілігі туады. Кандидаттың тиімді имиджін қалыптастыру бағытында келесі мәселелерді шешу қажет.



  1. Кандидат туралы материалдар мыналарды қамтиды: өзіндік

стил қалыптастыру, кандидаттың ақпарат, үлгілеу материалдарын жасау арқылы ортақ стильдік шешім табу. Электрондық БАҚ және халықтық іс-шараларда үгіттеу компанияларын жүргізу үшін аудио және видео жазбалар жасау.

  1. Кандидаттардың өз бағдарламаларын ұсыну төмендегідей мазмұнда болуы мүмкін:

- Кандидаттардың кітаптары мен брошюраларын даярлау, олардың

тұсаукесерлерін өткізу;

- Кандидаттардың бағдарламаларының қолданбалы формаларын манифесттер, декларациялар, арнау және ашық хаттар шығару;

- Кандидаттар бағдарламаларының ұрандары мен мессеждерін орналастыру;

- Кандидаттар бағдарламаларының насихаттайтын сөз сөйлеушілерді дайындау.

PR – іс – шараларын ұйымдастыру және өткізу:

Имидждік акцияларды және басқа да республикалық және аймақтық деңгейде кандидаттардың әйгілілігін жаңғыртуға бағытталған PR – шараларды ұйымдастыру қажет.

Кандидаттардың ақпараттық кеңістікте қатысушылық деңгейін көтеру үшін саяси оқиғаларды және ақпараттық әдістерді қолдану қажет.

Кандидаттармен жұмыс:

- Кандидаттардың бұқаралық имиджін талдау және оптимизациялау;

- Кандидаттар үшін сөз сөйлеу мәтіндерін даярлау және олардың психо-лигвистикалық сараптау;

- Кандидаттардың портфологиясын қалыптастыру;

- Кандидаттар үшін халық алдында сөз сөйлеу үшін тренингтер

ұйымдастыру,

- Кандидаттардың сайлаушылармен, БАҚ өкілдерімен, іскерлік, мәдени және саяси элиталармен кездесуін және сайлау округтерінің аудандары бойынша сапарларын ұйымдастыру;

- Кандидаттардың сайлау компаниялары кезіндегі психологиялық

ілеспелерін жасау.
Саяси имидж құрылымы

Имидждің күрделі, көпдеңгейлі, көпқырлы құрылым екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бейнеге қатысты сипаттамалардың толық спекторын блоктарға біріктіріп отырып қарастырған тиімді. Имидждің айқын құрылымын «Никкола-М» саяси кеңестер орталығы мамандары ұсынып отыр.

Олардың пікірі бойынша, имидждің сипаттамасының үш тобы бар:


  1. Жеке сипат.

  2. Әлеуметтік сипат.

  3. Символикалық сипат.

Жеке сипаттарға саясаткердің физикалық, психикалық ерекшеліктері, оның мінезі, тұлға типі, шешім қабылдаудың жеке стилі, харизманың болуы жатады. Бұл тізімге саяси қайраткерлердің мәнері, өз-өзіне сенімді, сендіре алатын адам ретінде көріне алуы. Кандидаттың сырт келбеті, темперамент, өмірбаяны сияқты сипаттары маңызды рөл атқарады. Бұл сипаттардың көбісін өзгеруі мүмкін емес. Бірақ артықшылықтарды айқын көрсетіп, кемшіліктерді артықшылықтар ретінде көрсету арқылы оларға деген белгілі бір қатынасты қалыптастыруға болады.

Кандидаттың әлеуметтік сипаттарына жататындарының ең маңызды қасиеттері – біріктіруші және жұмылдырушы қасиеттерін басшылыққа алу және жариялау қабілеті. Лидер және аудитория арасындағы коммуникациялық лидер қорғайтын және қазіргі уақытта халық қолдайтын саяси идеяларды сәйкестігі арқасында жүзеге асады.

Әлеуметтік сипаттар - саяси шынайылықпен тығыз байланысты кандидат имиджінің ең «қозғалмалы» бөлігі. Саяси жағдай өзгерген әр кезде ол қайта жасалып отырады.

Символикалық сипаттар - саяси имидж компонентінің коммуникативтік өрісіндегі ең тұрақтысы. Бұл блок лидерді белгілі бір идеология ұстаушы ретінде көрсетеді, болашағына іс-әрекеттерінің белгілі бір курсына кепілдік береді. Символикалық сипаттар қатарына саясаткер дүниетанымы, оның бағдарламалары, электоратпен үнемі талап етілетін «лидерлік» сипаттардың белгілі бір жиынтығы, сондай-ақ сайлаушылар санасында лидерлік позиция және рөлдермен байланысты тұрақты мәдени архетиптер жиынтығы жатады.

Саяси имиджді құру әдістері

Жарнамалық саяси имиджді қалыптастыру мынадай тізбекпен жүзеге асады: а) аудитория талаптарын анықтау; ә) кандидаттың шынайы қасиеттерін аудитория қалауымен сәйкестендіру.



ҚОРЫТЫНДЫ

Жарнама экономика, мәдениет, өнердің бір бөлігі болып табылады. Журналистика, кинематография, графика, көркем сурет тәсілдерін және түс, көлем мен кеңістікті қолдануда композициялық шешімдерді пайдалана отырып, жарнаманың әртүрлі өзіндік идеялары мен жанрлары жасалады. Жоғары кәсіптік деңгейде орындалған жарнама адамның талғамын қалыптастырады, рухани және сезім әлеміне әсер етіп, наным мен құндылықтарына ықпал етеді. Жарнамалық үндеудің ең үздігі қолданбалы өнердің туындылары болып табылады. Пішіні, идеясы, көркемдігі, сәтті сценарийі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше психологиялық және эмоциялық жағынан әсер етеді.

БАҚ-тағы жарнама – белгілі бір мақсатты көздеп, нақты бір уақыт кезеңін қамтитын іс-шара. Жарнама дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өте тиімді және шығарылатын өнімнің тез, әрі үзіліссіз өндірілуіне себепші бола алады. БАҚ-тағы жарнаманы жоспарлау кезінде мақсатты аудиторияны анықтап, жарнама компаниясының мақсатын, негізгі идеясын, оны берудің әдісін таңдап, материалды жариялаудың оңтайлы мерзімін белгілеп, ықтимал шығындарды есептеп алу қажет. Жарнама мақсаты – жарнамалық хабарламаны оқыған аудиторияны мақсатты әрекетке талаптандырып, белгілі бір коммуникативтік нәтижеге қол жеткізуге жетелейді.

Бүгінгі таңда баспасөздегі жарнама дәстүрлі БАҚ-тың бір бөлігі болып табылады. Ол ғылым мен техника жетістіктерінің ықпалы нәтижесінде бірнеше ғасыр бойы қоршаған әлемнің тіршілігімен бірге сан салалы өзгерістерге ұшырап келді. Баспасөз басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда жарнама берушілердің барлық дерлік түрлері мен типтерінің мүдделерін анықтаушы болып табылады. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, адам ақпаратты жазбаша, яғни, баспа түрінде тез қабылдап меңгереді. Мұны жарнама берушілердің баспасөздегі жарнама қызметін пайдалануы айқындайды. Газет пен журналдарға негізінен ұсынып отырған қызмет пен тауар сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда рационалды немесе рационалды-эмоциялық дәлелдері бар едәуір көлемді ақпаратты қажет ететін компаниялар жарнама береді. Басылымдағы жарнаманың радио мен теледидардан айырмашылығы, ол жарнамаланып отырған тауар немесе қызмет түрі туралы егжей-тегжейлі баяндауға мүмкіндігі бар. Шағын жарнаманың өзіне жеткілікті түрде қажетті ақпаратты сыйғыза отырып, түрлі мінездемелер, бағалар, байланыс телефон нөмірін, мекен-жайлар, купон т.б. кірістіре алады. Оларды телевизиялық немесе радиожарнамадан көрсетуге болады, бірақ естілгенде немесе экранда жылдам көрсетілген ұсақ сандарды, бағаны, байланыс телефон нөмірін және мекен-жайды адам тез қабылдап, қас-қағым сәтте есте сақтай алмайды.

Баспасөзді негізгі жарнама құралы ретінде пайдалануға болады. Теледидардағы немесе радиодағы жарнаманы газетке меңзеудің еш қиындығы жоқ. Мысалы, «Толық мағлұматты сіздер осындай газеттің осындай санынан біле аласыздар...» деген мәтіндерді бүгінгі таңда жиі кездестіреміз. Жарнама жарияланған газетті директ-маркетинг құралы ретінде делдал мен клиенттерге тарату үшін пайдалануға болады. Газеттер аудиторияның кең ауқымын қамтиды. Олардың әрқайсысын бірнеше мыңнан бастап миллиондаған тұтынушылар оқиды. Сондай-ақ, газет арқылы жарнамалар қоғамның барлық бөлігіне тарайды. Белгілі бір географиялық орындарға таралып, көп жағдайда нақты бір аймаққа қатысты ақпаратты жариялайтындықтан, газеттегі жарнама жергілікті аймақты толығымен қамту мүмкіндігіне ие. Осылайша газет арқылы белгілі бір жергілікті нарық жағдайын анықтау ыңғайлы. Басылымдағы жарнама ықпалын іріктеуші қару болуы да мүмкін. Бір жағынан, ыңғайлас аудиториясы бар газетті таңдауға болады. Ал, екінші жағынан, жарнаманы мүдделері ортақ адамдар үшін белгілі бір бетке немесе белгілі айдармен орналастыруға мүмкіндігі бар. Баспасөздегі аудиторияның тұрақтылығы тиімділікті анықтайды. Адамдар теледидар көргенде әдетте арнаны жиі ауыстырады. Радио тыңдағанда, бір радиотолқынды келесісіне ауыстырып отырады. Ал, газет тәртіп бойынша, бір қалыпта оқылады. Сондықтан газет аудиториясының құрамы туралы дәл айтуға болады. Осыған сәйкес жарнаманы баспасөзге бағыттау оңайға соғады. Оқырмандардың белгілі бір бөлігі газеттегі жарнаманы елеп-ескермейтін болса да көпшілігі жарнамаланған тауарды тұтынуға әзірліктерін танытады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы – радионың басты ерекшелігі – тыңдарманға өз ісімен айналасуын тоқтатпай, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілу мүмкіндігін туғызып отырғанын ескерсек, бұл ақпарат құралында жарнаманы берудің тиімді деп тұжырым жасай аламыз. Радиожарнамада дыбысты кең көлемде қолдану мүмкіндігі берілген. Радиодағы жарнама оны берушілерді арзандығымен қызықтырса, тыңдармандарды өз жұмысын жалғастыра отырып, өзіне қажетті ақпаратты алуға икемділігімен тартады. Өзге бұқаралық ақпарат құралдарындағыдай радиода берілетін жарнаманың түрлері көп. Радиожарнаманы өз ішінен төрт түрге: музыкалық қойылым, жанрлық көрініс, тікелей жарнама және шынайы қойылым деп бөлуге болады.

Тележарнама өмірдегі шынайы оқиғалар көрсетілген шағын сахналық қойылымды елестетеді. Кейіпкерлер көріністің басында қарапайым адамдар болса, ал соңында пайда болған қиыншылықтың шешушісіне айналады. Осы әдіспен жасалған жарнаманың жақсы шығуының кілті - қарапайымдылық. Жарнама белгілі бір тауарды жариялауға бағытталып, оны көрермен есінде қалатындай етіп берілуі тиіс. Әрбір эпизодтың нанымды шығуын қамтамасыз ету және жақсы идея қажет. Ал осы идеяның ойдағыдай жүзеге асуы, жарнаманың сәтті шығуы көрініске қатысушы тұлғаның актерлік шеберлігінің жоғарылығына байланысты. Өз күшіне сенімді жарнама жасаушылар әртүрлі жанрлық көрініс түрін қолданады. Қазіргі техниканың жетістігі компьютерлік сызбаның көмегімен кез келген жарнамаға жан бітіру мүмкіндігін туғызып отыр.

Жарнаманың тиімділігі және сапасы көп аспектілерге тәуелді. Жарнаманың бізге белгілі түрлері мен бағасы әртүрлі. Жарнаманың бағасы оның тасымалдаушы құралымен байланысты болады. Жарнаманы тасымалдаушы құралдар мен арналарды таңдау жұмысы ерекше рөл атқарады. Бұл қандай құралдар болатынын анықтау қажет.

БАҚ-тағы жарнама тарату кестесі үш түрге бөлінеді. Біріншісі – жарнаманы жыл бойы қалай тарату керектігін анықтау. Жарнаманы жыл бойы немесе маусым бойынша беріп отыруға болады. Екіншісі – жарнаманы таратудың жиілігін таңдау. Үшіншіден – белгілі бір кезеңде жарнаманы әркелкі етіп тарату. Мысалы, жарнаманы бір жылда бір рет беруге болады немесе бірнеше рет екпіндетіп жариялауға болады. Маркетинг бюджеті - маркетиннг жоспарының табыс, шығын және пайданың жоспары мөлшерін көрсететін бөлімі. Оны есептеу үшін жалпы маркетинг бюджетін есептеуде қолданылатын әдістер пайдаланылады. Бұл әдістердің бір де біреуі түпкілікті жетілген емес. Республикамыздың жарнама агенттіктері өз қызметінде кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктері мен жарнама құралдарының бағасын ескере отырып, маркетингтік бюджетті бағалайды. Шетелдерде жарнама бюджеті әдетте, тауар айналымының 1-3 пайызын құрайды. Жарнаманың нақты бюджеті жарнама берушінің мақсаттары мен қаржылық мүмкіндіктері бойынша бағаланады.

Қорыта айтқанда, жарнама жасау біздің қоғамдық-ғылыми өмірімізге немесе экономикалық қатынастар жағдайында қолданысқа енуі өткен ғасырдың отызыншы жылдарында белгілі болды. Қазір жарнама барынша маңызды нарықтық құралға айналып отыр. Жоғары дәрежедегі бәсекелестік бар және әр сатушы тұтынушының сұранымын қанағаттандыра алатын дамыған нарықтық жағдайда, жарнама бәскелестік күрестің шешуші факторы болып табылады. Сол арқылы өзінің пәрменділігін арттырады.



Негізгі пайдаланған әдебиеттер

1 Котлер Ф. Основы маркетинга. – М.: 1992.

2 Современный маркетинг. / В.Е.Хруцкий, И.В.Корнеева, В.Е. Автухова. – М.: 1991.

3 Беклешев В., Воронов С. Реклама в торговле. – М.: 1991.

4 Маяковский В.В. Агитация и реклама. Полн. собр. соч. Т. 12. М.: 1959.

5 Артеменко В.Г. Реклама в торговле. – Новосибирск. 1996.

6 Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы.

7 www.sana.gov.kz/showarticle.php, www.parlam.kz.

8 Назайкин А.Н. Эффективная реклама в прессе. - М.: Международный институт рекламы. 2001.

9 Плотникова Т. Пресса под прессом. Рекламная компания. М.: 2005.

10 Панкратов Ф.Г., Баженов Ю.К., Серегина Т.К., Шахурин В.Г. Рекламная деятельность. М.: Информационно-внедренческий центр. Маркетинг. 2001.

11 Скороделов К. В. Планирование рекламной кампании рекламным агентством. Маркетинг в России и за рубежомж. М.: №3. 2000.

12 Фарбей Э. Эффективная рекламная компания - Днепропетровск: Баланс-Клуб. 2003.

13 Назайкин А.Н. Медиапланирование на 100% . М.: Альпина Бизнес Букс. 2005.



Қосымша әдебиеттер

1 Голядкин Н. Творческая телереклама. М.: 1998.5-б.

2 Фостер Н. Найди свой путь в реальном деле. М.: 1998. 4-б.

3 Голядкин Н. Творческая телерекламы. М.: 1998. 36- б.

4 Дели Д, Линда Т. Учебник по рекламе: как стать известным не тратья денег на рекламу. М.: 1997 ж. 7-б.

5 Гринберг Политическая реклама: портрет лидера. М.: 1996.

6 Зазыкин В.С. Психология рекламы. М.: 1998.

7 Картер М. Эффективная реклама. М.: 2000.

8 Музыкант Реклама: международный опыт и Российские традиции. М.: 1996.

9 Ульяновский С. Миф, дизайн рекламы. М.: 1998.

10 Сэм Блэк . Паблик Релейшнз. Что это такое?. М.: 1990.

11 Пашенцев Е. Н. Связи с общественностью: мировая практика и современная Россия. М.: 2000.

12 Гринберг Т. Э. Политическая реклама: портрет лидера. М.: 1996.

13 Аренс Б. Современная реклама. М.: 1995 ж., 369 б.

14 Крылов В.В. Геополитика конспект лекций. - Сант-Петербург: 2000.

15 Гольман Н.А. рекламное планирование, рекламные технологии. Организация рекламной деятельности. М.: 1996.

16 Исаенко Е.В., Васильев А.Г. Организация и планирование рекламной деятельности. М.: 2004.

17 Катернюк А.В. Рекламные технологии. Коммерческая реклама. М.: 2001.


«БАҚ- тағы жарнама технологиясы» пәнінен тест сұрақтары

1. «Жарнама» термині қай тілден шыққан, нені білдіреді?

А. Грек тілінен шыққан, «жарнамалау» дегенді білдіреді. Ә. Араб тілінен шыққан, «сөйлеу» дегенді білдіреді. Б. Латын тілінен шыққан, «айқайлап сөйлеу, хабардар ету» дегенді білдіреді. В. Орыс тілінен шыққан, «жазу» дегенді білдіреді. Г. Ағылшын тілінен шыққан, «жариялау» дегенді білдіреді.

2. Жарнамалық ақпараттың ағымдағы ақпараттан айырмашылығы неде?

А. Жарнама адамға, бір тауарға немесе қызмет түрін пайдалануға насихаттау арқылы әсер ету. Ә. Жарнама адамның тауарды пайдалануға сұраныс тудыратын құралы. Б. Жарнамалық ақпарат тез көндіретін тіркестерден тұрады. В. Жарнамалық ақпарат қоғамның маңызды мәселелерін көтереді. Г. Жарнамалық ақпарат жедел тарайды, шапшаң жылдамдықпен халықты хабардар етеді.

3. Ең алғаш жарнама қай елде пайда болды? А. Үндістанда. Ә. Ұлыбританияда. Б. Ресейде. В. Египетте. Г. Францияда.

4. Ежелгі жарнама таратушыларды қалай атаған? А. Жарнамалаушы. Ә. Глашатайлер. Б. Клишаттар. В. Жарнама беруші. Г. Рекламист.

5. Ежелгі Римде жарнамалық жазбалар қайда жазылды? А. Ағаш тақтайшаларына Ә. Папируске Б. Қағазға В. Оқулықтарға Г. Қабырғаларға.

6. Гутенберг баспа станогын қай жылы ойлап тапты? А. 1444ж. Ә. 1404ж. Б. 1450ж. В. 1478ж. Г. 1446ж.

7. Алғаш Лондонда басылған жарнамалық хабарландыру қай жылы шықты?

А. 1449ж. Ә. 1472ж. Б. 1401ж. В. 1467ж. Г. 1471ж.

8. Бенджамин Франклин негізін қалаған «Газетт» басылымы қай жылы жарық көрді?

А. 1777ж. Ә. 1778ж. Б. 1743ж. В. 1729ж. Г. 1735ж.

9. Жарнама агенттіктері нешінші ғасырда құрылды?

А. ХХ ғ. Ә. ХІХ ғ. Б. ІХ ғ. В. ХҮІІ ғ. Г.ХХІ ғ.

10. Әлемде ең ірі жарнама агенттігі қай елде орналасқан?

А. Италияда Ә. Ұлыбританияда Б. Америкада В. Жапонияда Г. Францияда.

11. Жарнама агенттіктерінің қызметіне берілетін төлемнің неше әдісі бар?

А. 2 Ә. 6 Б. 8 В. 10 Г. 4

12. Алғаш жарнама мәтінімен қоса фотоиллюстрациялар қай жылы пайда болды?

А. 1800ж. Ә. 1824ж. Б. 1839ж. В. 1886ж. Г. 1806ж.

13. Директ - маркетинг дегеніміз не?

А. Тұтынушымен тікелей қатынасқа түсетін сауда қызметі. Ә. Тұтынушының көңіл-күйін, талабын орындайтын сауда түрі. Б. Тұтынушының тауарға деген сұранысы. В. Кірістен түсетін пайда. Г. Бір тауарды жарнамалдайтын шаралар.

14. Жарнаманың адамның сезім мүшелеріне әсер етуінің неше түрі бар?

А. 12 Ә. 8 Б. 10 В. 6 Г.

15. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама қалай жіктеледі?

А. Ішкі, сыртқы, аймақтық, әлемдік Ә. Мемлекеттік, қоғамдық, мемлекетаралық, шекаралық Б. Аймақтық, жалпыұлттық, халықаралық, жергілікті В. Ұлттық, қоғамдық, жеке, әлеуметтік, танымдық Г. Бүкілхалықтық, жалпы, арнайы, салалық.

16. Жарнама құралдарын неше топқа бөледі?

А. 6 Ә. 4 Б.10 В. 2 Г. 8

17. Жарнаманы құрайтын негізгі элементтер?

А. Шрифт пен сурет Ә. Графикалық элементтермен дыбыс Б. Сурет пен дыбыс В. Мәтін мен дыбыс Г. Мәтін мен сурет

18. Баспасөздегі жарнаманың неше түрі бар және қалай аталады?

А. 3 түрі (жалпы, ұлттық, қоғамдық сипаттағы жарнама) Ә. 4 түрі (салалық, жарнамалық хабарландыру, жаңалықтар, қоғамдық) Б. 2 түрі (жарнамалық хабарландыру, жалпы жарнамалық сипаттағы публикациялар) В. 1 түрі Г. Баспасөздегі жарнама бөлінбейді.

19. Аудиовизуальді жарнамаға нені жатқызуға болады?

А. Кітап, газет, видеофильм (жарнамалық сипаттағы) Ә. Кинофильмдер, видеофильм, слайд-фильмдер Б. Жарнамалық хабарландыру, үгіт насихаттау В. Интернетті Г. Баспа өнімдері

20. Жәрмеңке дегеніміз....

А. Тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар. Ә. Айналымға кеткен тауардың шығыны. Б. Тауардан түскен пайда. В. Тауарды өндіруге жұмсалған ақша. Г. Ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған коммерциялық шаралар.

21. «Директ мейл» дегеніміз....

А. Тікелей қоғамдардың қатысуымен берілетін жарнама. Ә. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама. Б. Дыбыспен берілетін жарнама. В. Тікелей пошта арқылы берілетін жарнама. Г. Баспасөз арқылы берілетін жарнама.

22. Сыртқы жарнамаға қойылатын талаптар нешеу?

А. 1 Ә. 5 Б. 10 В. 8 Г. 4.

23. Жалпы шрифтінің неше түрі бар?

А. 3 Ә. 12 Б. 2 В. 4 Г. 14.

24. Жарнама мәтінінің неше түрі бар?

А. 4 Ә. 8 Б. 10 В. 2 Г. 5.

25. Транспарант дегеніміз не?

А. Үнемі беріліп тұратын жарнама. Ә. Жарнаманың мәтіні. Б. Жарнама беруші. В. Белгілі бір уақытта жарнама. Г. Таблоидтарда берілетін жарнама.

26. Тауарды қандай принципке байланысты жіктейді?

А. Тауардың өнімділігіне орай Ә. Өндірушінің көңіл-күйіне Б. Салалық және пайдалану әдісі бойынша В. Тауардың сапалылығына сүйенеді Г. Жіктелмейді.

27. «Паблик рилейшнздің» жарнамадан айырмашылығы неде?

А. PR ұсынылатын өнімді өндіруші ұйымның қоғаммен байланысын қалыптастырады. Ә. PR-дың жарнамадан айырмашылығы жоқ. Б. Астыртын, жасырын түрде тауарды пайдалануға үгіттейді. В. Тауарды өткізу үшін түрлі алдау-арбау әдістерін пайдаланады. Г. Жанама жарнама жасайды.

28. «Имидж» сөзі қай тілден шыққан, қандай мағына береді?

А. Француз тілінен шыққан, «түр» дегенді білдіреді. Ә. Орыс тілінен шыққан, «өзгешелік» дегенді білдіреді. Б. Чех тілінен шыққан, «жаңару» дегенді білдіреді. В. Түркі тілінен шыққан, «танымал» дегенді білдіреді. Г. Ағылшын тілінен шыққан «бейне» деген мағынаны білдіреді.

29. Алғаш РR сөзін кім қолданды? А. В.И. Ленин Ә. Ф. Кастро Б. Т. Джеферсон В. Э. Бернауз Г. В. Сухомлинский.

30. PR қызметінің негізгі функцияларының неше түрі бар?

А. 8 Ә. 4 Б. 10 В. 1 Г. 6.

31. Ақпарат агенттіктері дегеніміз......

А. Жедел ақпарат тарататын мекеме. Ә. Халық игілігі үшін тегін таратылатын маңызды ақпарат беруші ұйым. Б. Ғылыми зерттеулерге талдау беретін орталық. В. БАҚ-та мемлекеттік, қоғамдық қаржылай негізде жаңалықтармен қамтамасыз ететін ұйым. Г. Тауарды шетелде жарнамалайтын агенттік.

32. АҚШ-тың ең ірі ақпарат агенттігі қалай аталады?

А. Юнитед – Пресс Ә. Прайм –Тасс Б. Итар –Тасс В. Голден Пресс Г. Ассошайтед Пресс.

33. Жарнама беруші дегеніміз...

А. Жарнама мәтінін жасаушы адам. Ә. Тауарға деген сұраныстың мөлшерін белгілеп отыратын тұлға. Б. Жарнаманың пайдасын ойлаушы. В. Жарнаманың таралуымен, хабарлануына жауап жауапты болатын, заңды немесе жеке тұлға. Г. Жарнаманың бейнеролигін жасаушы.

34. Смета....

А. Жарнамалық іс-шаралардың қаржылай жоспары. Ә. Тауардың кемшіліктерін жинайтын. Б. Жарнама компанияларының шығыны. В. Фирманың жарнамалық қызметі. Г. Қаржылай жоба.

35. Тауар белгісінің негізгі типтері нешеу?

А. 1 Ә. 4 Б. 5 В. 8 Г. 12.

36. Ұжымдық белгі дегеніміз...

А. Біріккен ұйымның белгісі. Ә. Шаруашылық ассоциациялар, одақтар белгісі. Б. Тауарды пайдаланып, экспортқа шығаруға қойылатын талап. В. Тауарды лицензиялау. Г. Қарапайым белгі.

37. Бэкграунд ...

А. Сенсация Ә. Тауар өндіруші Б. Қоғамдық пікір В. Өсек-аяң Г. Ағымдағы жаңалық.

38. Верстка ....

Жазу, бояу Ә. Талдау жасау Б. Графикалық элементтерді, мәтінді фотография қажетті, дұрыс формада орналастыру В. Компьютердегі бейнені қағазға түсіру Г. Жарнаманы интернетте қолдану.

39. Инфожарнама дегеніміз....

А. Ойын-сауық, көңіл көтеретін жарнама. Ә. Халықты күнделікті жарнамамен хабардар ету. Б. Тауарға сұраныс тудыру үшін жүргізілетін насихат. В. Тауарды сату мақсатымен берілетін бағдарлама. Г. Алып-сату жарнамасы.

40. Кегль ...

А. Жазудың өлшемі Ә. Символ, баспа белгісі, қаріптің өлшемі Б. Жарнама орналасқан беттің өлшенуі (баспасөзде) В. Сызу Г. Қысқартылған мәтін.

41. Логотип ...

А. Фирманың графикалық белгісі Ә. Белгіні ойлап табу Б. Сызба түрі

В. Жазба түрі Г. Жаңалық.

42. Радио немесе теледидардан берілетін жарнамалық сипаттағы материалды қалай атайды?

А. Слайд Ә. Самплинг Б. Спичи В. Девиз Г. Ролик

43. Дискетада сақталған дайын иллюстрациялар .....

А. Тұрақты Ә. Жазба Б. Сызықты В. Стандартты Г. Фото.

44. Регламент талаптарына сәйкес демонстрация немесе көруге ғана арналған тауарды қалай атайды?

А. Эмблема Ә. Спич Б. Экспонат В. Ролик Г. Слайд.

45. Факт – лист нені білдіреді?

А. Пресс-конференцияда таралатын парақшалар. Ә. Ұйымның қызметінен хабардар ететін қысқаша түрдегі қызмет. Б. Маңызы жоқ ақпарат. В. Ағымдағы жаңалық. Г.Маңызды ақпарат көзі.

46. Спич дегеніміз не?

А. Презинтация, арнайы шақыруларда сөз сөйлеу Ә. Интернеттен алынған ақпарат Б. Өтірік, жалған ақпарат тарату В. Бейнеролик жасау үшін жоспар құру Г. Өңделген ақпарат.

47. Слайд......

А. Сайлау алдындағы жарнама. Ә. Тауар өндіруші жасайтын жарнама түрі. Б. Маркетингтік, техникалық безендіру (баспасөз). В. Бейнероликті монтаждау тәсілі Г. Фотопленкадағы ақшыл-қара түсті бейненің, экранда көрсетілуі.

48. Бір уақыттың ішінде түрлі слайд бейнелерін көрсететін экран...

А. Милиэкран Ә. Миндиэкран Б. Полиэкран В. Бэндиэкран Г. Микроэкран.

49. Прайс-лист деп нені атайды?

А. Тауардың түрін, бағасын, ерекшелігінен тұратын атауы. Ә. Айналымға түскен тауардың тізімі. Б. Хабар. В. Мекеменің тауарды өндіруге қажет сатып алынатын шикізаттардың тізімі. Г. Тауардың түбіртегі.

50. Пресс-релиз дегеніміз не?

А. Жарнама агенттіктерінен қалың бұқараға тарайтын ақпарат. Ә. PR қызметкерлерінің дайындаған хабарландыруы. Б. PR мен жарнама қызметінің бірігіп атқарған отырысы. В. Тауарды өткізу үшін жасалған шаралар. Г. Қоғамдық маңызы бар мәселе.

51. Қоғам және бизнес әлемінде жарнаманың рөлі қандай?

А. Маркетингтік, коммуникативтік, экономикалық, әлеуметтік Ә. Маркетингтік, коммуникативтік Б. Экономикалық, әлеуметтік В. Жарнама-бизнес, саяси, қоғамдық, құқықтық Г. Құқықтық, әлеуметтік.

52. Жарнама беруші деген кім?

А. Жарнаманы сатушы. Жарнамалық процесті қадағалайтын жеке тұлға немесе ұйым Б. Жарнаманы шығарушы В. БАҚ бетіндегі жарнаманы қадағалаушы Г. Ұйым мен қоғам арасын байланыстырушы.

53. Дәрі-дәрмек пен тағамдардың тазалығы туралы заң қашан қабылданды?

А. 1905ж. Ә. 1907ж. Б. 1908ж. В. 1910ж. Г. 1906ж.

54. Федералдық сауда комиссиясы туралы заң қай жылы қабылданды?

А. 1912ж. Ә. 1916ж. Б. 1914ж.В. 1913ж. Г. 1915ж.

55. Жанама жарнама дегеніміз не?

А. БАҚ- мен және қоғаммен байланыс Ә. Адамдар арасындағы қарым-қатынас Б. Ұйым ішіндегі қарым-қатынас В. Саудагер мен тұтынушының арсындағы қатынас Г. Мекеме мен клиент арасындағы қатынас.

56. Инфожарнама дегеніміз не?

А. Жарнама агенттіктерінде жарнама беруші. Ә. Белгілі бір тауарды сату, жарнамалау үшін ашылған 30 минуттық бағдарлама. Б. Теле-радио роликтердің соңында оқылатын лозунг. В. Тұлға немесе топтардың статистикалық мәліметтері. Г. Қара фонда ақ түспен басылған мәтін.

57. Паблисити дегеніміз не?

А. Ең қымбат жарнама Ә. Ең арзан жарнама Б. Тегін жарнама В. Суретті жарнама Г. Саяси жарнама.

58. Ролик...

А. ТВ және радиода берілітін қысқа жарнама Ә. Газеттің бірінші бетіндегі жарнама Б. Жол бойындағы жарнама В. Ғимарат алдындағы жарнама Г. Арнайы спорт аяқ киімі.

59. Жарнамада қолданылатын жарнама мәтінінің неше негізгі элементі бар?

А. 2 Ә. 3 Б. 4 В. 5 Г. 6

60. Төмендегі газеттердің қайсысы жарнамалық газет болып табылады?

А. «Жас алаш» Ә. «Из рук в руки» Б. «Нұр - Астана» В. «Қазақ әдебиеті» Г. «Егемен Қазақстан».

61. Төмендегі айдарлардың қайсысы жарнамалық айдар болып есептеледі?

А. «Достық дәнекері» Ә. «Іште пікір өлгенше» Б. «Ұлағат» В. «Шолу» Г. «Үй сату, сатып алу».

62. Халықаралық жарнама кодексі қашан және қайда қабылданды?

А. Лондон, 1987 Ә. Берлин, 1986 Б. Париж, 1987 В. Париж, 1989 Г. Берлин, 1987.

63. Халықаралық жарнама кодексі неше баптан тұрады?

А. 20 бап Ә. 19 бап Б. 15 бап В. 25 бап Г. 18 бап.

64. Халықаралық жарнама кодексіндегі «жауапкершілік» бөлімі қанша бапты құрайды?

А. 4 Ә. 3 Б. 2 В. 1 Г. 5.

65. Ресейде «жарнама туралы заң» қашан қабылданды?

А. 14 маусым 1995ж. Ә. 16 қаңтар 1994ж.Б. 18 шілде 1995ж. В. 20 маусым 1997ж. Г. 14 ақпан 1993ж.

66. Эдвертайзинг дегеніміз не?

А. Париждегі еуропалық жарнама конкурсы. Ә. Орыс транскрипциясындағы жарнама бизнесі. Б. Америка жарнамасында қолданылатын сөз. В. Азаматтық-құқықтық термин. Г. Фирма тауарларының көрмесі.

67. «Эпикаэворуз» дегеніміз не?

А. Париждегі еуропалық жарнама конкурсы. Ә. Бразилиядағы жарнама конкурсы. Б. Роликтер конкурсы. В. ПР- мендер конкурсы. Г. «Ең үздік жарнама беруші» конкурсы.

68. Қысқа кинокадр қалай аталады?

А. Шоинг Ә. Царо Б. Эмпатия В. Шоп Г. Шпон.

69. «Неделя PR в Астане» газеті қандай форматпен шығады?

А. А2 Ә. А4 Б. А3 В. А5 Г. А6.

70. Жеке тұлғаның беделін көтеруде пайдаланатын жарнама формасы қалай аталады?

А. Тиарпи Ә. Тестемониум Б. Тендер В. Ретушь Г. Ротафиши.

71. Жарнамалық қағаздар тарататын адамды қалай атайды?

А. Сэндвич-мен Ә. ПР- мен Б. Сейлзмен В. Менеджер Г. Табльдот-мен

72. Сейлз дегеніміз...

А. Шрифт түрі Ә. Коммерциялық аргумент Б. Сауда келісімі В. Сауда келісімі Г. Бағаны төмендету.

73. Тұтынушылардың жарнамаланған тауарды алуға дайындығын қалай атайды?

А. Саяси жарнама. Пирамидалық жарнама. Психологиялық жарнама. Стратегиялық жарнама. Көрмелік жарнама.

74. ТВ және радиода жарнама беретін қолайлы уақыт қалай аталады?

А. Пилот Ә. Петит Б. Позитинг В. Помоушн Г. Пик- тайм.

75. Пейпербек...

А. Жарнама қағазы Ә. Видеопленка Б. Аудиопленка В. Типографиялық шрифт Г. Ролик түрі.

76. Конвертсіз пошта арқылы жіберілетін жарнамалық қағаздар қалай аталады?

А. Буклет Ә. Патернализм Б. Бродсайт В. Каталог Г. Петит.

77. Петит...

А. Ірі типографиялық шрифт Ә. Ұсақ типографиялық шрифт Б. қағаз түрі. В. Папирустағы жазбалар Г. Жарнама тақтайшасы.

78. Ашық түсті жарнамаларға қандай элемент қолданады?

А. Бром Ә. Йод Б. Хром В. Неон Г. Бутан.

79. Америкалық Бенджамин Деем ойлап тапқан әдіс қалай аталады?

А. «Бендей» әдісі Ә. «Дейл-Шалла» әдісі Б. «Мозговая атака» әдісі В. «Дискрит» әдісі Г. «Мейл» әдісі.

80. Лид ....

А. Роликтің ашылуы Ә. Жарнамалық айдар Б. Пресс-релиздердің 1-ші параграфы В. Жарнама түрі Г. Жарнамамен айналысушы.

81. Биржалық келісімдегі тауарлардың өлшем бірліктері қалай аталады?

А. Лид Ә. Лот Б. Лизинг В. Марка Г. Куртож.

82. Копирайтер...

А. Жарнамаға мәтін жазушы адам Ә. Шенеуніктерге мәтін жазатын адам Б. Аудармашы В. Жазушы Г. Көшірме жасаушы.

83. Мәтінде орфографиялық, стильдік, синтаксистік, пунктуациялық қателерді түзетуді қалай атайды?

А. Контактор Ә. Кульминация Б. Копирайтер В. Коньюктура Г. Корректура.

84. ІВМ корпорациясының жазба машинкасының фирмалық атауы қалай?

А. Комплект Ә. Композер Б. Windows В. Пилот Г. Позишинг.

85. Коньюмеризм дегеніміз не?

А. Тұтынушылар құқығын қорғау қозғалысы Ә. Өкілетті ұйым Б. Үкіметтік емес ұйымдар В. Жарнамалық агенттіктер Г. Ешқайсысы дұрыс емес.

86. Газет бетінің үстіңгі бөлімінде тұратын жарнамалық лента...

А. Кинесика Ә. Клише Б. Каук В.Табу Г. Фик.

87. Тауарға қойылатын нақты баға қалай аталады?

А. Фосстис Ә. Фикс Б. Хайринг В. Ретушь Г. Каук.

88. Жарнама ролигінде қолданылатын музыкылық фраза ...

А. Доджер Ә. Драив-тайм Б. Джингл В. Джиарпи Г. Диллер.

89. Дегустация дегеніміз не?

А. Тауарлардың сапалығын анықтау. Ә. Жарнама сапалығын кеміту. Б. Тауардың бұзылуы. В. Өнімдердің шетелде сатылуы. Г. Өнімдердің өз шыққан жерінде сатылуы.

90. Вояжер деген кім?

А. Тауарды тұтынушы Ә. Өнеркәсіп иегері Б. Тауарды жарнамалап жүретін саудагер В. Жарнамалық агенттіктің өнімі Г. Жарнама мәтінін жазушы.

91. Видеоклип дегеніміз не?

А. Әртістің еңбегінің нәтижесі. Ә. Компьютерлік шеберлік. Б. Жарнамалық хабарландыру. В. Ешқайсысы дұрыс емес. Г. Қысқаша музыкалық сипаттағы бейнесюжет.

92. 4 бұрышты немесе 3 бұрышты жарнамалық планшет қалай аталады?

А. Вензель Ә. Вип Б. Блистер В. Бэннер Г. Буш.

93. Ерекшеленген жарнамалық мәтіннің бөлігі...

А. Бокс Ә. Фокс Б. Кокс В. Марк Г. Бум.

94. Автобус төбесінде орнатылған жарнама панелі ...

А. Билборд Ә. Бассорама Б. Биаборд В. Аффидавит Г. Афиша.

95. Америка компаниясының телебағдарламалар танымалдығы жөнінде мәлімет жинайтын құрал қалай аталады?

А. Арбитрон Ә Ад`лип Б. Аудиметр В. Анафора Г. Анонс.

96. Тальдот дегеніміз не?

А. Тауарды жарнамалау мақсатында Ә. Автобус ішіндегі жарнама Б. Газет бетіндегі жарнама В. Жарнама мәтіні жазылған кесте Г. Көшедегі жарнама.

97. ХХ ғасырдың 20 жылдарында пайда болған көркемдік безендіру бағыты қалай аталады?

А. Спот Ә. Арбитрон Б. Стайлинг В. Бильборд Г. Морк.

98. Телерадио бағдарламаларының арасында жіберілетін жарнама ролигі...

А. Контактор Ә. Спот Б. Пилот В. Каук Г. Табу.

99. Кітап баспасын қорғайтын марка ...

А. Симрт Ә. Сигнат Б. Синкел В. Сейлз Г. Сипити.

100. Қайталама тираж қалай аталынады?

А. Репринт Ә. Рентинг Б. Репрайт В. Репкинт Г. Репкод.

101. Әлемде ең ірі жарнама агенттігі қай елде орналасқан?

А)Италияда Ә)Ұлыбританияда Б)Америкада В)Жапонияда Г) Францияда.

102. Ежелгі жарнама таратушыларды қалай атаған?

А) жарнамалаушы Ә) глашатайлар Б) клишаттар В) жарнама беруші Г) рекламист.

103. Жарнаманы құрайтын негізгі элементтерді атаңыз

А) шрифт пен сурет Ә) графикалық элементтер мен дыбыс Б) сурет пен дыбыс В) мәтін мен дыбыс Г) мәтін мен сурет.

104. Жәрмеңке дегеніміз:

А) тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар Ә) айналымға кеткен тауардың шығыны Б) тауардан түскен пайда В) тауарды өндіруге жұмсалған ақша Г) ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған, коммерциялық шаралар.

105. Жанама жарнама дегеніміз не?

А) БАҚ және қоғаммен байланысты қосымша жарнамалау Ә) адамдар арасындағы қарым-қатынас Б) ұйым арасындағы қарым-қатынас В) ұйым ішіндегі қарым-қатынас Г) Жеке адамдар арқылы жарнамалау.
106. Жарнамалық қағаздар тарататын адам ....

А) Сэндвич-мен Ә) ПР-мен Б) Сейзмен В) Менеджер Г) Таблоидпен.

107. Жарнама сапалығын кеміту дегеніміз не?

А) Тауардың сапалығын анықтау Ә) Дегустация Б) Тауардың сапасының бұзылуы В) Өнімдердің шетелде сатылуы Г) Өнімнің өтпей қалуы.

108. Ұжымдық белгі дегеніміз…

А) біріккен ұйымның белгісі Ә) шаруашылық ассоциациялар, одақтардың белгісі Б) тауарды пайдаланып, экспортқа шығаруға қойылатын талап В) тауарды лицензиялау. Г) қарапайым белгі.

109. Ашық түсті жарнамаларға қандай элемент қолданады?

А) бром Ә) иод Б) хром В) неон Г) бутан.

110. Төмендегі айдарлардың қайсысы жарнамалық емес?

А) «Достар» достық дәнекері Ә) «Іште пікір өлгенше...» Б) «Алтын адам» суының дәмі қандай!? В) «Көлік сатамыз» Г) «Үй сату, сатып алу»

111. Бразилиядағы жарнама конкурсы қалай аталады?

А) Еуропалық Ә) Эпикаэвордз Б) роликтер конкурсы В) ПР-мендер конкурсы Г) «Ең үздік жарнама беруші» конкурсы.

112. Қысқа кинокадр...

А) шоуинг Ә) царо Б) эмпатия В) шоп Г) шпон.

113. «Неделя ПР в Астане» газеті қандай форматпен шығады?

А) А2 Ә) А4 Б) А3 В) А5 Г) парақша.

114. Факт-лист нені білдіреді?

А) пресс-конференцияда таралатын парақшалар Ә) ұйымның қызметінен хабардар ететін қысқаша құжат Б) маңызы жоқ ақпарат В) ағымдағы жаңалық Г) берілген жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес

115. Баспасөз-релизі дегеніміз не?

А) жарнама агенттіктерінен қалың бұқараға тарайтын ақпарат Ә) ПР қызметкерлерінің дайындаған хабарландыруы Б) ПР мен жарнама қызметінің бірігіп өткізген отырысы В) тауарды өткізу үшін жасалған шаралар Г) қоғамдық маңызы бар мәселе.

116. Жарнама құралдарын неше топқа бөледі?

А) 6 Ә) 4 Б) 10 В) 2 Г) 8.

117. Баспасөздегі жарнаманың неше түрі бар және олар қалай аталады?

А) 3 түрі, жалпы, ұлттық, қоғамдық сипаттағы жарнама Ә) 4 түрі, салалы, жарнамалық хабарландыру, қоғамдық жаңалықтар Б) 2 түрі, жарнамалық хабарландыру, жалпы жарнамалық сипаттағы публикациялар В) 1 түрі, қоғамдық Г) баспасөздегі жарнама бөлінбейді.

118. Аудиовизуалды жарнамаға нені жатқызуға болады?

А) кітап, газет, видеофильм (жарнамалық сипаттағы) Ә) кинофильмдер, видеофильмед, слайд-фильмдер Б) жарнамалық хабарландыру, үгіт-насихат ету В) интернетті Г) баспа өнімдері.

119. Жәрмеңке дегеніміз...

А) тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар Ә) айналымға кеткен тауардың шығыны

Б) тауардан түскен пайда В) тауарды өндіруге жұмсалған ақша Г) ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған, коммерциялық шаралар.

120. «Директ мейл» дегеніміз:

А) тікелей адамдардың қатысуымен берілетін жарнама Ә) белгілі бір аймақта тарлатын жарнама Б) ештеңе емес В) тікелей пошта арқылы берілетін жарнама Г) көшедегі жарнама.

121. Сыртқы жарнамаға қойылатын талаптар нешеу?

А) 1 Ә) 5 Б) 10 В) 8 Г) 4.

122. Жарнама мәтінің неше түрі бар?

А) 4 В) 8 С) 10 D) 2 Е) 5.

123. Ерекшеленген жарнамалық мәтіннің белгісі

А) бокс Ә) фокс Б) кокс В) марк Г) бум.

124. Автобус төбесінде орнатылған жарнама панелі

А) билборд Ә) басорама Б) биаборд В) аффидавит Г) афиша.

125. Америка компаниясының телебағдарламалар танымалдылығы жөнінде мәлімет жинайтын құрал...

А) арбитрон Ә) адлип Б) аудиметр В) анафора Г) анонс.

126. ХХ ғасырдың 20 жылдарында пайда болған көркемдік безендіру бағыты қалай аталады

А) спот Ә) арбитрон Б) стайлинг В) билборд Г) морк.

127. Телерадиохабарлардың арасында жіберілетін жарнама ролигі

А) контактар Ә) спот Б) пилот В) каук Г) табу.

128. Кітап баспасын қорғайтын марка

А) силуэт Ә) сигнат Б) синкел В) сейлз Г) сипити.

129. Қайталама тираж қалай аталады?



А) репринт Ә) рентинг Б) репрайт В) репкинт Г) репкод.
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
data -> -
data -> МЕҢдігүл шындалиева қазақ очеркінің поэтикасы (монография)
data -> МЕҢдігүл бұрханқызы шындалиева уақыт және суреткерлік шеберлік: жанрлар поэтикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет