Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет- 1. Білім сапасын қамтамасыз ету жолдары



бет9/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è
Алдиярова Тойдық, 6 в
Сурет- 1. Білім сапасын қамтамасыз ету жолдары
(М.Жадрина бойынша)



Жүйеге «кіруді» реттеу





Нені оқыту?

Берілетін білім мазмұнын нормалау

Қалай оқыту?

Оқыту үдерісін ұйымдастыру

Алынған нәтиже

Жек пәндер бойынша пәндік ББД









Жүйеден «шығуды» реттеу





Не үшін оқыту керек?

Оқу нәтижелерін анықтау

Оқушыны оқуға қалай үйрету?

Оқу үдерісін ұйымдастыру

Алынған нәтижелер

Оқушының меңгерген құзырлығы,біліктілігі




Әлемдік білім беру тәжірибесінде білім жүйесіне «шығуды» реттеу нәтижеге бағытталған білім арқылы іске асады (2-сурет).



Сурет-2. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы оқушының өзін-өзі басқаруы

Әлемдік білім беру кеңістігінде өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жолы орын алған. Оны шартты түрде жүйеден «шығуды» реттеу дейді. Бұл жолдың ерекшелігі неде? Мәселен, «не үшін оқыту керек?» деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтылады. Бұл нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген ББД емес өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мәселе «Оқушыны оқуға қалай үйрету» деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күнінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді өз бетінше іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, дағды, тәсіл және т.б) қаруландырады. Осындай ұстанымды ұйымдастырған оқу үдерісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықты меңгеріп шығады.
Аталған мазмұндық және процессуалдық ерекшеліктер негізінде жалпы білім берудегі басты құжат-білім беру стандартының атқаратын міндеттерінде айырмашылықты тудырады.
3-суретте жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық негізін реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктері ашып көрсетіледі.


Сурет-3. Жалпы білім берудің мазмұндық және процессуалдық
негізін реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктері



«Кіруді реттеу»

«Шығуды реттеу»

1. Мектепте берілетін білімнің мақсаты мен міндеттерін жалпылама түрде белгілеу.
2. Мектептің әр сатысының мақсат пен міндеттерін нақтылау.
3. Әрбір оқытылатын пәннің ретін оқу жоспарында анықтау.
4. Әрбір пәннің мақсат пен міндетін 2 деңгейде анықтау:
- тұжырымдамалық;
- стандарттық.
5.Оқу бағдарламасы негізінде әрбір пәннің мазмұнын әр сынып үшін анықтау.
6.Әр пән бойынша оқулық,оқу-әдістемелік, көмекші оқу құралдарын жасау.
7. 12-жылдық білім берудің мазмұнын, жаңа стандарттарын анықтау, оқу бағдарла- масын даярлау, оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендерін даярлау.








1.Ұлттық деңгейде білімнің жалпы мақсатын, мектеп түлектерінің басты құзырлықтарын сипаттау арқылы белгілеу.
2. Білім аяларының мақсатын күтілетін түпкі нәтижелер арқылы нақтылау.
3.Оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау.
4.Оқу жетістіктерін анықтайтын бағалау-өлшеуіш жүйелерін даярлау.
5. Балама бағдармалар, оқулықтар жасау арқылы нақтыланған мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын таңдауға мүмкіндік жасау.
6. Білімге қатысушылардың жауапкершілікті өзара бөлісу жүйесінің қалыптасуы.
7. Кәсіптік білім беру шеңберін анықтау.








Бірыңғай білім беру жүйесі
(1930-1980жж.). Оқу жүктемесінің жылжымалы бөлігінің балама мазмұны (1990-2004жж.)
- Құзыреттілік білім беру жүйесі (2005-2015жж.)

Білімнің мазмұндық процессуалдық негіздерінің шынайы баламалығы.

«Кіруді» реттеу жағдайында білім стандартының міндеті-жалпы білім берудің және пәндердің мазмұндарын реттеу және жүйелеу,ал «шығуды»реттеу жағдайында білім стандартыының міндеті:


- мектептің әр сатысында алынатын нәтижелерді анықтау;
- білім саласы бойынша алынатын нәтижелерді нақтылау;
- оқу жетістіктері деңгейлері бойынша алынатын нәтижелерді белгілеу.
- реттеу және қадағалауға бағдар беретін құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   108




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет