Үшінші-төртінші тақырып. Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама. Мақсаты


Педагогикалық мамандықтың гуманистік қызметі



бет10/16
Дата08.02.2022
өлшемі39,17 Kb.
#117758
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
педагогика
Гулнур Нургул слайд 16.03.2022
Педагогикалық мамандықтың гуманистік қызметі. Педагогикалық мамандықтың екі әлеуметтік қызметі қалыптасқан: бейімдеушілік және гуманистік («адамды қалыптастырушы»). Бейімдеушілік қызметі қазіргі әлеуметтік-мәдени ситуациялардың нақты талаптарына сәйкес оқушыны, тәрбиеленушіні бейімдеумен байланысты болса, ал гуманистік оның тұлғасын, шығармашылық даралығын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипаты. «Адам-адам» құрылымдық топтағы мамандықтардың нәтижесін тек бір адам ғана жасаса (мысалы, сатушы, дәрігер, кітапханашы), педагогикалық мамандықта әрбір педагогтың, жанұяның немесе басқа ықпал ету көздерінің үлесін шектеу мүмкін емес. Осыдан педагогикалық мамандықтың ұжымдық сипатта екендігін көре аламыз. Педагогикалық қызметтегі ұжымдық бастамалардың заңды артуына байланысты педагогикаға педагогикалық қызметтің жинақталған субъектісі ұғымы енгізілуде. Бұндағы жинақталған субъект дегеніміз кең мағынада мектептің немесе басқа білім беру орнының педагогикалық ұжымы. Ал тар мағынада, бұл оқушыға немесе оқушылар тобына тікелей әсер етуші педагогтар тобы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет