Үшінші-төртінші тақырып. Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама. Мақсаты


Бесінші- алтыншы тақырып. Педагогтың кәсіби кызметі және оның тұлғасы



бет13/16
Дата08.02.2022
өлшемі39,17 Kb.
#117758
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
педагогика

Бесінші- алтыншы тақырып. Педагогтың кәсіби кызметі және оның тұлғасы.

Мақсаты: педагогикалық қызметтің мәнін ашу, оның түрлерімен таныстыру.

Жоспар.
  1. Педагогикалық қызметтің мәні, мақсаты.


  2. Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.


  3. Педагог түлғасы. Негізгі кәсіби маңызды қасиеттері.


  4. Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.




Педагогикалық қызметтің мәні, мақсаты.
Педагогикалық қызмет – бұл әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.
Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.
Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты - оқушылардың тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму бағыттарын белгілейтін көрініс ретінде мақсат адамның рухани және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді. Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды міндеттерін шешумен байланысты.
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын негізгі функциональды бірлік ретінде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет