Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» ұғымдары



бет4/7
Дата26.12.2021
өлшемі24,07 Kb.
#105641
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сыбайлас. ЖХМ-912 Мамбетов Х. 2 сем
ТЕСТ Сыбайлас жемқорлық , Дәріс 12, 1 сабақ, 1 дәріс, Документ Microsoft Word (3), Философия сөж №1 (копия), 1-тақырып, максотов-жалгас, пайызға байланысты мәселе есептер – Google Поиск

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» ұғымдары


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың

барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде

зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас

жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады.

Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында

атқаратын рөлі де бар.

Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар

емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күш- жігер компоненттерінің түйісу жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады.

Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет