Силлабус (Бакалавриат) Пән атауы: Оториноларингология және офтальмология Пән коды



бет1/12
Дата05.10.2023
өлшемі60,01 Kb.
#183786
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3 курс СТОМ каз Силлабус 2022
Қысқаша көбейту формулалары, инфекционные болезни Таке

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ, ОФТАЛЬМОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Ғылыми Кеңестің шешімімен
бекітілді
№________________
«____»___________2023 ж.


СИЛЛАБУС
(Бакалавриат)
Пән атауы: Оториноларингология және офтальмология
Пән коды: ОО 3205
Мамандығы: 6В10105 «Стоматология»
Кредиттер саны: 3
Курсы: 3

Құрастырушы:


м.ғ.д., профессор ____________ Кожантаева С.К.
ассистент __________________ Балымбетова Л.С.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


№____ хаттама «____» ________________2023 ж.
Кафедра жетекшісі м.ғ.д. ________ Кожантаева С.К.

«Стоматология» мамандығы бойынша Академиялық комитетпен келісілген


№ ______ хаттама «__» _______________ 2023 ж.
Төрайымы м.ғ.к., _______________ Жолдасова Н.Ж

АкЖД мен келісілген


№ ____ хаттама «___» _______________2023 ж.
Жетекші PhD ______________ Алекенова Н.У.
Ақтөбе 2023
Оқытушы туралы мәліметтер:

А.Ә.Т.


Қызметі

Ғылыми дәрежесі


Ғылыми бағыттары



Жапалаков Б.А.

Кафедра жетекшісі профессор


м.ғ.к.

ЛОР мүшелерінің ауруларын тұрақты элект тоғының әлсіз күшімен емдеу

Кожантаева С.К.

доцент

м.ғ.д.

Ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуы

Шайманова М.Н.

ассистент

-

ЛОР мүшелерінің ауруларын тұрақты элект тоғының әлсіз күшімен емдеу

Камелова Г.Н.

ассистент

-

ЛОР мүшелерінің ауруларын тұрақты элект тоғының әлсіз күшімен емдеу



ОФТАЛЬМОЛОГИЯ 33



А.Ә.Т.


Қызметі

Ғылыми дәрежесі


Ғылыми бағыттары



Жолдыбаева Д.Е.

Ответственный по курсу офтальмологии, ассистент


м.ғ.м.

Макулярлы ісінуді емдеу кезінде анти-VEGF терапиясын қолдану, глаукома хирургиясы.

Марданова Л.Д.

профессор

м.ғ.к.


Тор қабық және көру жүйкесінің ауруларын емдеу.

Искаков К.К.

ассистент

-


Көздің қосалқы аппаратының аурулары.

Яхияева Н.К.

ассистент

-

Глаукома хирургиясы, көз алмасының жарақаты, дакриоцистит, Аллоплант биоматериалын торлы қабық ауруларында қолдану – ғылыми қызығушылықтары.

Амирешов А.Б.

ассистент

-

Тор қабық дегенерациясы кезінде лазеркоагуляция, рефракция аномалиялары.

Байланыс ақпараты Оториноларингология кафедрасы Жаңа қоныс қалашығының Ақтөбе Медицина Орталығының бірінше этажының оқу корпусында орналасқан. Баратын автобусдар номері 21, 37, 45, АМО аялдамасы. Тел.: 53-42-63 zhapalakov58@mail.ru
Офтальмология курсы ЖШС «Көз жарығы» клиникасында орналасқан. Офтальмология курсы 4 бөлмемен қамтылған: курс жауаптысы бөлмесі, 2 оқу бөлмесі, 1 лаборанттар бөлмесі. Курс жауаптысы бөлмесі 2-қабатта офтальмология бөлімшесінде орналасқан, ал оқу бөлмелері клиниканың төменгі қабатында орналасқан. Сонымен қатар Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің МО 8-қабатында бір оқу бөлмесі бар. 53-42-13. Dinara3535@mail.ru


Пән саясаты:

Марат Оспанов атындағы БҚМУ " КеАҚ білім алушылардың ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес оқу процесінде білім алушыларға қойылатын кафедраның жалпы талаптары»:


Кафедрадағы студенттерге қойылатын талап:

  • өз елінің елеулі азаматы болуға және өзі тандаған мамандығының біліктілігіне ұмтылу;

  • университет дәстүрлерін құрметтеу, сақтау, қай жерде жүрсе де өзінің ЖОО-н мақтау тұту;

  • үлкендерге құрметпен қарау, дөрекілікке жол бермеу, әдепті, сыпайы болу, өзара түсіністікте және ынтымақтастық қарым-қатынас болу;

  • киім түрі: халат, екінші аяқ киім;

  • практикалық сабаққа және дәріскке қатысуға міндетті;

  • өтелген сабаққа жоғарғы баллдың орнына – 4, –3 балл қойылады;

  • емтиханға жіберілмеу критерийлері жіберу рейтингісінің көрсеткіштері бойынша анықталады;

  • практикалық сабаққа және ОБӨЖ 50 минутқа кешіккен студенттер кафедра жетекшісіне түсініктеме жазады содан кейін сабаққа жіберіледі;

  • себепті жіберілген практикалық сабақтар өтеледі, жіберген сабақты бір рет өтеуге рұқсат етіледі, қанағаттанарлықсыз баға алса, қайталап тапсыруға рұқсат етілмейді;

  • жіберілген сабақты келесі оқу аптасына және аралық бақылауға дейін өтеуге тиісті;

  • білім алушы екеу және одан да көп сабақ себепті жіберген болса, өтеу сабағын деканның рұқсат қағазымен жүргізіледі;

  • Егер де лекцияға қатыспауына дәлелді себептер болса, растайтын құжат болған кезде электрондық журналға "0"қойылады.

Білім алушыларға тыйым салынады:

  • бөгде адамдардың білімді бақылау рәсімдерінен өтуіне;

  • оқытушылардың компьютерлеріне, электрондық деректер базасына және өзге де құжаттарға өз бетінше (рұқсатсыз) қол жеткізу;

  • аралық бақылау, сараланған сынақтар мен емтихандар кезінде мобильді және басқа да электрондық құралдарды пайдалану.

1961 жылдан бері кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі бар, 4-5 курстың 5-6 студенттер қатысады. Үйірменің ғылыми тақырыбы: «ЛОР ауруларын тұрақты электр тоғының әлсіз күшін емдеуге қолдану». Студенттердің ғылыми жұмысының жоспарынамәнжазба түріндегі баяндама, зерттеу жұмысьары және практикалық дағдыларды менгеру жатады. Студенттер кешкі науқастардың шолуына қатысады. ЛОР мүшелерінің зерттеу әдістерін игерген, клиникада кезекшілікте болады. Жыл сайынға ғылыми студенттік конференцияға 2-3 тезистер ұсынылып дәне баяндамалар жасалады.




*Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілген.
1. Кіріспе
Оториноларингология – клиникалық пән ретінде құлақтың патологиясы мен морфо-физиологиялық ерекшеліктерін, жоғарғы тыныс алу жолдарының және солармен аралас аймақтарды зерттейді.
ЛОР ағзаларының басты ерекшеліктерінің бірі олардың бас пен мойында орталық орналасуы. Олар бас-сүйек ойықтары, көз ұясы, тіс-жақ аппаратымен, омыртқа жотасымен және кеуде аралық ағзалармен, магистральді қан тамырлармен, негізгі нерв бағанымен және өрімдерімен тығыз байланысты.
Дәрігер стоматолог тіс және ауыз қуысы аурулармен шұғылданып оның клиникалық көріністерін, диагностика принциптерін және ЛОР ағзаларының ішінде дифференциальді диагностиканы және аурудың келесі ем тактикасын жақсы білу керек.
Офтальмология – көру мүшесінің, көз алмасының және оның қосалқыларының (жас органдары, конъюнктива, қабақтар), көз шарасы және көз айналасындағы кеңістікті түзетін сүйекті құрылымының анатомиясын, физиологиясын, сонымен қатар көру мүшесінің басқа да ауруларын оқытатын клиникалық медицинаның бөлімі.
Көз аурулары және көру мүшесінің өзгерістері науқас адамның ағзасында және жүйелерінде көптеген патологиялық процестердің дамуына алып келеді. Бұл оның анатомиялық топографиялық орналасу ерекшеліктеріне және сыртқы ортаны қабылдаудағы аса маңызды рөліне байланысты. Көз ауруларының 75-85%- жергілікті процесс емес, яғни әртүрлі ағзалар мен мүшелердің (бас миы, бүйрек, жоғарғы жүйке жүйесі) көрінісі болып табылады. Көру мүшесінің ауыз қуысымен, ЛОР- мүшелерімен және бас сүйек қуысымен анатомиялық- топографиялық жақындығын ескере отырып, кез келген дәрігерлер сияқты стоматолог та көз аурулары симптомдарын стоматологиялық және басқа да аурулардан ажырата білуі, уақытылы алғашқы көмек көрсетіп және науқасты офтальмологқа жолдауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет