Силлабус (Бакалавриат) Пән атауы: Оториноларингология және офтальмология Пән коды



бет2/12
Дата05.10.2023
өлшемі60,01 Kb.
#183786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3 курс СТОМ каз Силлабус 2022
Қысқаша көбейту формулалары, инфекционные болезни Таке
2. Пән мақсаты: ЛОР ағзаларының және стоматологиялық аурулардағы зақымдануынан білім алушалардың ол мүшелерді зерттеуінен жалпы ұғымының болуы. ЛОР органдарының ауруларының диагностикасы және емдеуінің принциптерінен жалпы түсінігін қалыптастыру.


3. Оқытудың соңғы нәтижелері: хирургия, терапия, медициналық шұғыл көмек көрсету жалпы дәрігерлік практика, неврология, офтальмология.

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер
(Дублин дескрипторлары)

Пән бойынша соңғы нәтижелер

Білімі және түсінігі

  • ЛОР ағзаларының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, құлақ, тамақ және мұрын ауруларының бет-жақ аймақ ауруларымен байланысы;

  • ЛОР ағзаларының ауруларың паталогиясының жалпы сұрақтары;

  • ЛОР ауруларының клиникалық көрінісі;

  • ЛОР науқастарының тексерілуінің негізгі ережелері;

  • ЛОР ауруларының негізгі диагностикасы;

  • Сыртқы және ортаңғы құлақтың жарақаты және бөгде денесі

  • Сыртқы және ортаңғы құлақтың қабыну аурулары

  • Мұрынның жарақаты және бөгде денесі

  • Мұрын қуысының және қосалқы қуысының аурулары

  • Жұтқыншақтың жарақаты және бөгде денесі

  • Жұтқыншақтың жедел аурулары

  • Көмейдің жарақаты және бөгде денесі

  • Көмейдің жедел аурулары

  • ЛОР ауруларында жедел көмек көрсетудің дәрігерлік тактикасы;

  • ЛОР ауруларының алдын алу, емдеу принциптері.

  • офтальмологиялық тәжірибеде кездесетін негізгі синдромдар: көздің жедел қабыну ауруларының синдромдары, «қызыл көз»синдромы, көрудің ауырсынусыз және көрудің біртіндеп төмендеу синдромы, көздің және қосалқыларының онкопатологиясын басқа мүшелермен жүйелердің ауруы кезінде көру мүшесінің өзгерістері;

  • амбулаторлық жағдайларда көру әдістерінің зерттеу әдістері(сыртқы қарау,офтальмоскопия,тонометрия);

  • стоматологиялық науқасты офтальмологқа жіберудің көрсеткіштері;

  • офтальмологиялық шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің принциптері;

  • негізгі офтальмологиялық синдромдардың емдеу принциптері.

Білімі мен түсінігін қолдана білуі

  • маңдай рефлектерін қолдану;

  • ЛОР ағзаларына сыртқы зерттеу жүргізу;

  • мұрын маңы қуыстарының, көмейдің компьютерлі томогрфиясын, рентгенограммаларын бағалау;

  • алдыңғы, ортаңғы риноскопияны жүргізу;

  • орофарингоскопияны жүргізу;

  • тура емес ларингоскопия жүргізу;

  • отоскопия жүргізу;

  • естуді сыбырлап және сөйлеу арқылы зерттеу;

  • ЛОР мүшелерінің патологиясы бар науқастардан анамнез жинау;

  • ЛОР мүшелердің жиі таралған түрін және клинико-лабораториялық зерттеудің көлемін анықтау;

  • науқастардан ЛОР мүшелерінің патологиясын табу;

  • науқасқа диагноз қою;

  • құжаттарды толтыру;

  • ЛОР ауруларында жедел көмек көрсетудің дәрігерлік тактикасы;

  • лабиринтит кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау;

  • Риносинусит кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • Интракраниальды және риногенді асқыну кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • Көмей стенозы кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • Құлақ, мұрын, жұтқыншақ және көмей бөгде денесі кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • Құлық тығыны, сыртқы есту жолындағы бөгде денесідегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • Ортаңғы құлақтың жедел қабынуындағы клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • Жедел және созылмалы ринит, риносинуситтегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • мұрын – жұтқыншақ бөгде денесіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • мұрын шиқаны кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • жедел тонзиллит кезіндегі клиникалық мәліметті және инструментпен зерттеуді интерпретациялау

  • жедел тонзиллитке диагноз қою

  • көздің және оның қосалқыларының кең тараған патологияларының диагностикасы;

  • көз шарасын, жас мүшесін, шырышты қабықты, қасаң қабықты, қарашықты, қабақты айналдырып сыртқы қарау;

  • офтальмотонусты пальпация арқылы қарау;

  • көз тамшыларын тамызу, көздің майын жаға білу;

  • моно және бинокулярлы таңғыштарды тану;

Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы

  • Есту паспортын құрастыру

  • Аудиограмманы оқу;

  • ЛОР патологиясында рентгенограмманы оқу;

  • Офтальмологиялық шұғыл жағдайда алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету: глаукоманың жедел ұстамалары, көз жарақаттары, көздің бөгде денелері.

Коммуникативті қабілеттіліктері

  • ЛОР патологиясы бар науқастармен жұмыс жасағанда коммуникативті пайдалана білу;

  • Көз аурулары бар науқастарға жұмыс уақытында коммуникативті қабілеттерін көрсете білу

Оқу дағдылары және оқуға деген қабілеттері

  • Құлақ, жұтқыншақ және көмей жарақатының алғашқы өндеуі;

  • мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу;

  • мұрынның алдыңғы тампонадасын жүргізу;

  • сыртқы есту жолынан бөгде денені алу;

  • құлақтан құлықты алу;

  • көздің қосалқы аппаратының жарақаты кезінде біріншілік өңдеу

  • қасаң қабықтан бөгде денені алып тастау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет