Сын тұрғысынан ойлауға кіріспе


Сын тұрғыдан ойлау мәселелері



бет8/17
Дата20.12.2023
өлшемі72,4 Kb.
#198043
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
сыни ответы
Документ (копия) (копия), жусип баласагун (копия)
17. Сын тұрғыдан ойлау мәселелері.
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз? Мен ұсынып отырған анықтама бес баптан тұрады.
Біріншіден, сыни ойлау - дербес ойлау. Сабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады. Ешкім де біз үшін сыни ойлай алмайды, бұны біз тек өзіміз үшін ғана жасаймыз. Сонымен, ойлау тек жеке (индивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және де тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде еркін болуы қажет. 
Сыни ойлау міндетті түрде тек жаңа өзіндік (оригиналды) болуы шарт емес: біз басқа адамның идеясын немесе сенімін өзіміздікі сияқты қабылдауымызға құқылымыз. Бізге тіпті басқалардың пікірімен келісу ұнайды – бұл біздің ойымыздың дұрыстығын дәлелдейтін сияқты. Сыни ойлайтын адам басқа біреудің пікіріне жиі қосылады. Дербестік сөйтіп сыни ойлаудың бірінші және, мүмкін, ең маңызды сипаты.
Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім түрткі, қызығушылық (мотив) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Кейде біз «бос баспен ойлау қиынға соғады» деп те айтамыз. Күрделі ойды тудыру үшін талай «шикізатты» – фактілерді, идеяларды, мәтіндерді, теорияларды, берілген жәйттерді, тұжырымдарды – қайта өңдеу керек. Мен сыни ойлауды дәстүрлі фактілерді зерттеуге теңегім келмейді – сыни ойлауды фактілік білім ғана айқындамайды. Алайда оқытушы жұмысы тек сыни ойлауға үйретумен шектелмейді: біз шәкірттерімізді ең күрделі түсінікткрді қабылдауға және есінде әртүрлі деректерді сақтауға үйретемі.з.
Сыни ойлауды үйрету – оқытушы сан қилы жұмысының бір ғана қыры.
Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Адам баласы болмысынан білімге құштар. Біз жаңа бір нәрсені байқасақ, соны білуге құмарлық танытамыз. Біз қандай да бір ерекшелікті көрсек, оның ішкі құрылысына үңілгіміз келіп тұрады. Біз бұл ерекшелікті жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерден гөрі бүлдіршін балалардан көруге үйренгеміз, - әттеген-ай десек те мектептегі білім берудің бала миына жасаған ықпалының кері әсері осындай. Алайда нағыз танымдық процесс өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажынан туындайтын проблемаларды шешетін және сұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады. Демек, бір жағынан сыни ойлауға үйретудің қиыншылығы оқушыларға бізді қоршаған проблемалардың сан алуандылығын танып білуге көмектесуде жатыр».
Төртіншіден, сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады.Сыни ойлайтын адам проблеманы шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді. Ол бұған қоса бұл проблеманың басқа да шешімдері болуын ескеріп, өзі таңдаған шешімнің басқалардан гөрі санаға қонымды және тиімді екендігін дәлелдеуге тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет