Реферат тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»



бет1/6
Дата10.11.2023
өлшемі39,67 Kb.
#190724
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жусип баласагун (копия)
Документ (копия) (копия), сыни ответы

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
РЕФЕРАТ
тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы Күнтуды бейнесі.

Орындаған:


М062 «Культурология» 7М03104
Курмашева Акжан Канатовна
1 курс
Астана, 2023


Жұмыс жоспары:

Кіріспе:
«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ
Негізгі бөлім:
1. Күнтуды – «идеал» патша
2. Күнтуды – әділдіктің символы
3. Күнтуды сөз қадірі жайлы.
4. Күнтуды бектің Одғұрмышқа берген ақыл-кеңесі
Қорытынды
«Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері

«ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫ
Ислам дәуірі әдебиетінің ең көрнекті туындысы – Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» (Құтты білік) дастаны. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн –ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшылы, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы – «Құтты білік» дастаны. Бұл дастан – қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі жөнінде аса қызықты әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Ақын «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Жүсіп Баласағұн сол жылы өз дастанын «Тамғаш қағанға – хандардың ханына» тарту етеді. Бұған риза болған Бограхан ақынға «ұлы Хас Хажыб» (ұлы уәзір, бас кеңесші) деген жоғары атақ береді. Этикалық-дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай болуы керек, олардың әрқайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс екені баяндалады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын жазу барысында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін (көріктеу құралдарын, мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін, фразеологиялық сөз тіркестерін т.б.) жазба әдебиеттің тәжірибесімен ұштастыра білді. Жүсіп Баласағұн ойшыл ақын ретінде түркі тектес халықтардың тағдырын табиғаттың осындай көктемгі жандану кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп теңейді. Дастанда мал бағумен айналысатын ру-тайпалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты афоризмдер, бейнелі сөздер, теңеулер жиі ұшырайды. Жүсіп Баласағұн ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында кедейлер, аш-жалаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал-дүниесін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді. Дастанда автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазған аса маңызды мәселелердің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады.
Ғұлама-ақын Жүсіп Баласағұн бұл өмірдегі барлық нәрседен де білімді жоғары қояды, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді өзара байланыстырып қарайды. «Құтты білік» дастаны адамшылық ізгі армандардың біршама ғылыми, саяси-әлеуметтік тұжырым, бағдар үлгісі іспеттес.
Ежелгі Шығыс ілімі бойынша, əлемді төрт нəрсе ұстайды: жер, су, ауа, от. Осы төрт нəрседен əлемнің үйлесімі жасалады. «Құтты білікте» қоғамдағы, өмірдегі үйлесім осы төрт нəрседен тұрады. Дастанның басты идеясы мынадай төрт принципке негізделіп жазылған [8; 161]:
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай əділ заңның болуы. Автор əділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дəулет, яғни елге құт қонсын, деген тілек. Бақ-дəулет мəселесі дастанда патшаның уəзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уəзірдің баласы Ұғдүлміш (Өгдүлміш) бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мəселесі. Бұл мəселе дастанда уəзірдің туысы, дəруіш Одгүрміш (Одғұрмыш) бейнесі арқылы əңгіме болады: Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.
Бірі оның-шындық жолы-әділет,
Екіншісі-құт пен ырыс, дәулет.
Үшіншісі-ақыл менен парасат,
Төртіншісі-ұстамдылық, қанағат
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бəйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл – 13000 өлең жолы деген сөз.
Дастан қара сөз бен өлең түріндегі кіріспеден, сексен бес бөлімнен жəне қорытындыдан тұрады. Алғашқы төрт бөлімі діни мақтауларға, бесіншісі — жеті ғаламшар мен шоқжұлдыздардың белгілерін суреттеуге арналған, ал алтыншы – он бірінші бөлімдер негізгі бөліміне кіріспе болып табылады. Шығарманың сюжетті бөлігі он екінші бөлімнен басталады. Ол бас кейіпкерлердің əңгімелері мен хат жазысуларынан тұрады. Туындының негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.
«Құтты білік» дастанының сюжеті де автор алға қойған этикалық-моральдық, дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған.
Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.
Күнтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жаһанға есімі мәшһүр болады. Құдіретті де әділ патшаның атақ-даңқын естіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп, алыс жолға аттанады. Ұзақ сапарда көп қиыншылықтарға ұшырап, ақыры Күнтудыны іздеп табады. Патша алдымен Айтолдыны жан-жақты әбден сынап көреді.Ақыры, патша оны өзіне уәзір етіп алады. Патша енді мемлекеттің барлық істерін уәзіріне сеніп тапсырады. Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта түседі. Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды күндердің күнінде жарық дүниемен қоштасады. Уәзір ажал төсегінде жатып, Күнтуды патшаға және жастай қалып бара жатқан баласы Өгдүлмішке өсиет-уағыз айтады. Арада талай жылдар өтеді. Өгдүлміш ер жетіп, Күнтуды патшаның қарамағына қызметке кіреді. Ол жас та болса, аз уақыттың ішінде-ақ өзінің іскерлігімен, білгірлігімен, адамгершілігімен көзге түседі. Бірте-бірте ол әкесінің орнын басып, патшаның ең жақын сенімді адамы болады. Патша енді мемлекет істерін соған тапсырады. Өгдүлміш ел басқару ісін әкесінен де жақсы жүргізеді. Ел-жұрттың бақ-дәулеті еселеп артып, ол басқарған мемлекет жайқалған гүлстанға айналады.
Бір күні патша онымен әңгімелесіп отырып, Өгдүлмішке көмекші болатындай білгір, іскер адам керектігін айтады. Сонда Өгдүлміш іске әбден лайықты бір туысқаны бар екенін ескертеді. Ол адамның аты – Одғұрмыш екен. Патша Өгдүлмішке қалай да сол кісіні тауып, маған ертіп әкел деп өтініш жасайды. Өгдүлміш көп іздеп, ақыры Одғүрмышты табады. Бірақ ол бұл өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі дүние жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кеткен екен. Дана-дәруіш бес күндік пәни өмірдің күйбең тіршілігіне қайтып оралғысы келмейтінін айтып, патша сарайындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, дүние-мүліктен бас тартады.
Патша Өгдүлмішті үш рет жұмсап, Одғұрмышты сарайға қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші мәрте шақырғанда дана-дәруішті қызметке емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем айтады. Сонда ғана ол патшаға келеді. Екеуі ұзақ сұхбат құрады.Бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап береді. Содан кейін қайтадан дана-дәруіш дорбасын асынып, тауға қарай кете барады.
Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Өгдүлмішті ауыр ойға салады. Адам жасы келіп, таяқ ұстанғанда бұл өмірдің күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүниелік дәруіш болып кетуі керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын өле-өлгенше істей бергені жөн бе? Өгдүлміш осы сауалға жауап таппай, дел-сал болады. Ақыры ол таудың үңгірін мекен еткен дәріш-Одғұрмышке барады. Дәруіш оған: «Бұл өмірде адамдар үшін еңбек ету-сауап іс, сондықтан өз міндетіңді бұрынғыша адал атқара бер»,-деп кеңес береді. Өгдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз қызметіне қайтып оралады.
Жылдар жылжып өте береді. Бір күні Одғұрмыш ауыр науқасқа шалдығып, Өгдүлмішті шақыртады. Ол келеді. Дәруіштің жазылмас кеселге ұшырағанына Өгдүлміш қатты қайғырып, өзегі өртене күйіп піседі. Ақыры дәруіш дүниеден өтеді. Ал Өгдүлміш өз ісін одан әрі жалғастыра береді. Дастанның хикаясы осымен бітеді.
«Құтты білік» дастанының сюжеті автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың əділдікті, бақ-дəулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-əрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі қарапайым болып келеді. Әрине, «Құтты білік» дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызметін атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе – шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.
Кітаптың сұрақ-жауап, диалог түрінде жазылуы Авестадан бері келе жатқан дəстүр болатын. Ж.Баласағұни сол дəстүрді жалғастыра келіп, ақыл-білімге, кемелдікке деген ізденісін кейіпкерлердің өзіне жинақтайды. Адам мүмкіндігі шексіз екендігін, адамның əділетке жете алатындығын, мұсылмандардың қырқыншы парызы – ғылымның таным процесіндегі рөлі туралы айтады. Бала тəрбиесі, адамгершілік, т.б. көптеген мəселелер Туындыда кейіпкерлер дүниелік қызықтардың жалғандығы, маза бермейтін игіліктердің тұрақты еместігі, ізгілікті, əділеттілікті, ақыл мен білімді, ұстамдылықты, мырзалықты бағалау керектігі туралы сыр бөліседі. Кітапта еңбектің жəне кəсіптің қай түрі болмасын маңызды деген ой білдіреді. Тек соны адал істей білген адам ғана өз еңбегінің жемісін көреді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында елді басқарған әкімнің басты міндеті – халыққа құт, бақыт, дәулет әкелу, «кедей халықты бай» ету екендігі ерекше атап көрсетіледі..



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет