Сыныбы: 9 Тақырыбы: 20-21-22 Геометриялық денелердің сызбалары(графикалық жұмыс- 3 сағат) Мақсат



бет2/4
Дата05.06.2017
өлшемі301,64 Kb.
#18175
түріСабақ
1   2   3   4

1-сурет 2, а-сурет 2, ә-сурет 3-сурет 4-сурет 5-сурет



Шенбердің центрі S2 пирамида төбесінің горизонталь проекциясын береді. S2 нүктесі арқылы вертикаль түзу жүргізіп, оның шеңбермен қиылысу нүктесін пирамида төбелерінің бірінін горизонталь проекциясы ретінде қабылдаймыз. Ол нүктені А2 деп белгілейік. Бір төбесі А2 нүктесі болатын шеңберге іштей дүрыс үшбүрыш сызамыз. Бұл үшбұрыштың бір кабырғасы ВС фронталь проекциялар жазыктығына параллель. Табылған А2, В2 жөне С2 нүктелерін өзара және S2 нүктесімен қоссақ, пирамиданың горизонталь проекциясы шығады. А2, В2 және С2 нүктелері арқылы вөртикаль байланыс сызыктарын х осіне дейін жүргізіп, А1, В1 және С1 нүктелерін аламыз. Пирамиданың биіктігіне тең А1S1 кесіндісін салып, S1 нүктесін табамыз. Табылған А1, В1, С1 және S1 нүктелерін кесінділермен қосудың нәтижесінде пирамиданың фронталь проекциясын шығарып аламыз. Профиль проекцияны түрғызу үшін калауымызша z осін жүргізіп (оны вертикаль орналастыру кажет), S, А, В және С нүктелерінің про-филь проекцияларын- S3, А3, В3 және С3 нүктелерін саламыз. Пирамиданың бүйір жағы-SВС үшбұрышы профиль проекциялаушы фигура болғандықтан, оның профиль проекциясы кесіндіге кескінделген, ал қыры SА профиль орналасқан кесінді болғандықтан, 3 жазықтығына нақты шамасында проекцияланған. 2, ә-суретте үшбұрышты дұрыс пирамиданың тікбұрышты изометриясы көрсетілген.

3,а-суретте дұрыс бесбұрышты пирамиданың проекциялары көрсетілген. Мұнда да алдымен горизонталь проекция салынады. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш тұрғызылады. Пирамиданың горизонталь проекциясы бойьшша фронталь проекциясы, ал фронталь және горизонталь проекциялары бойынша оның профиль проекциясы салынады. 3,ә-суретте SАВСDЕ бесбұрышты пирамиданың қиғашбұрышты фронталь диметриясы сызылған.

Призма. Табандары деп атпалатын екі жағы параллелъ және тең көпбұрыштар, ал қалган буйір жақтары параллелограмдар болатын көпжақты призма деп атайды. Егер табаны п бұрышты фигура болса, онда призма п-бүрышты призма деп аталады. Призмаларды тік және көлбеу призмалар деп екі топка бөледі. Тік призманың жақтары тіктөртбұрыштар болады және табандарымен 90° бұрыш жасайды. Табаны дұрыс п бұрыш болатын тік призманы дұрыс п-бұрышты призма дейді. 4,а-суретте дұрыс алтыбұрышты призманың сызбасы, ал 4,ә-суретте оның киғашбұрышты фронталь диметриясы көрсетілген. Призманы фронталь проекцияда оның үш жағы көрінетіндей етіп орналастырады, оның себебі кейінірек айтылады. Алдымен горизонталь проекциясын салып алған дұрыс. Призманың табандары горизонталь орналасқан, сондықтан олар 2 жазықтығына нақты шамасына проекцияланған. Призманың алты бүйіржағы- горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан тіктөртбұрыштар. Олардың екеуі фронталь проекция жазықтығына параллель. Бүйір қырлары-горизонталь проекциялаушы кесінділер, ал табан қырлары - горизонталь орналасқан кесін ділер.5-суретте үшбұрышты көлбеу призма-ның фронталь, горизонталь және профиль проекциялары салынған.

Каталог: uploads -> doc -> 0be0
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0be0 -> Сабақтың тақырыбы: §67 Галогендер топшасына жалпы сипаттама
0be0 -> Сабақ Тақырып: "Жалауша" затқа қарап сурет салу
0be0 -> МҰҒалімге ақпарат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет