Сыныбы: 9 Тақырыбы: 20-21-22 Геометриялық денелердің сызбалары(графикалық жұмыс- 3 сағат) Мақсат



бет3/4
Дата05.06.2017
өлшемі301,64 Kb.
#18175
түріСабақ
1   2   3   4

Цилиндр. Цилиндр туралы жоғарыда айтылған.Математика курсында цилиндрді тіктөртбурыш өзінің бір қабыргасынан айналғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіреді.Тіктөртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндрдің осі деп атайды, ал оған карама-қарсы кабырғасы-жасаушысы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады. 6-суретте горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған



6-сурет 7-сурет 8-сурет 9-сурет 10-сурет



цилиндрдің сызбасы жөне тікбұрышты изометриясы сызылған. Цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары тең тіктөртбұрыштар, ал горизонталь проекциясы шеңбер болатынын көреміз. Айналу цилиндрінің осі табан жазықтықтарына перпендикуляр. Цилиндрдің бетінде жататын оның осіне параллель кесінді жүргізуге болады. суретте осындай кесінділердін бірі АВ көрсетілген. Осындай кесіндіні, мысалы, АВ кесіндісін, цилиндрдің жасаушысы деп атайды. Оның себебі АВ кесіндісін осьтен айналдырса, онда ол кесінді цилиндрдің бүйір бетін жасайды. Жасаушылары табан жазық-тықтарына көлбеу болатын цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды. Көлбеу цилиндрдің табандарындағы дөңгелектердің центрлерін қосатын түзу (цилиндрдің осі) оның табан жазыктықтарына перпендикуляр болмайтындығын байқау қиын емес. Көлбеу цилиндрдің сызбасы 7-суретте көрсетілген.

Конус. Тікбурышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустыц осі, гипотенуза-жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конустың табаны болатын деңгелекті жасайды. 8,а-суретте айналу конусының сызбасы, ал 8,ә-суретте аксонометриясы кескінделген. S нүктесі конустың төбесі деп аталады. Сонда конустың фронталь және профиль проекциялары теңбүйірлі үшбұрыштар, ал горизонталь проекциясы табанына тең дөңгелек болады. Конустың төбесі 2 жаэықтығына өзінің горизонталь проекциясы болатын
дөңгелектің центріне проекцияланады. Конустың аксонометриясын салу үшін аксонометриялық осьтер жүргізіп, табанының центрі-О' нүктесі координаталары бойынша салынады. Одан кейін конустың табанындағы шеңбердің кескіні болатын сопакша сызылады. Конус төбесінің аксонометриясы-S' нүктесі координаталары бойынша салынады. S' нүктесінен сопақшаға жанамалар жүргізіледі (8, ә-сурет).

Егер төбесі мен табанының центрін қосатын түзу оның табанына перпендикуляр болмаса, конусты көлбеу конус дейді. Көлбеу конустың мысалы 9-суретте келтірілген.

Шар. Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады (10 -сурет).

Каталог: uploads -> doc -> 0be0
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0be0 -> Сабақтың тақырыбы: §67 Галогендер топшасына жалпы сипаттама
0be0 -> Сабақ Тақырып: "Жалауша" затқа қарап сурет салу
0be0 -> МҰҒалімге ақпарат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет