Сынып: 8 «а» Күні: 03. 02. 2015 жыл



Дата22.08.2017
өлшемі80,25 Kb.
#24590

Сынып: 8 «а»

Күні: 03.02.2015 жыл

Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы. Қанның артериялық қысымы. Тамырдың соғуы (пульс). Организмде қанның қайта таралуы. №12 зертханалық жұмыс.

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларға қан тамырларының түрлері мен олардың ерекшекліктері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері мен олардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Ресурстар:

Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке,топпен

Әдісі: баяндау, диалог, Блум таксономиясы

Оқыту нәтижесі:

Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Түйінді идеялар

Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұсысын бағалау , жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Кіріспе

2-минут

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.

Сыныпты үш топқа бөлеміз:

1 топ «Эритроциттер»

2 топ «Лейкоциттер»

3 топ «Тромбоциттер»


Мұғаліммен амандасады.
Топтарға бөлінеді.

Тұсаукесер

1-минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады.



Оқушылар өздерінің ұсыныстарын айтады.







Негізгі бөлім

Білу.

Түсіну.

Қолдану.

Талдау.

Жинақтау.

15 -минут

10- минут

10-минут

5- минут


2- минут

Үй тапсырмасын тексеру

Конкурс «Модельдер»

Физиологиялық үдерістерінін модельдерін көрсету 1 оқушы өз тобының қимылын айтып тұрады.

1 топ:

1. «Жүрек жұмысы»

Қатысады 6 адам, төртеуі жүрек бөлімдері (оң және сол жақ жүрекшелер мен қарыншалар, екеуі – қан)

Қатысушылар 1-4 жұп пен тұрады, шеңбер құрады. Жүрек циклі 0,8с болғандықтан «1» деген де қан (5-6 қатысушылар) 1 қадам жасап жүрекшеге (1,2) түседі, 2-3-4 деген де «қан» қарыншаға ауысады (3-4), 5-6-7-8 деген де «қан» «жүрекшеден» шығып, бастапқа орына тұрады.



2 топ:

2. «Тромб түзелуі» 5-6 оқушы қатысады: екуі – тамыр қабырғасы, қалғандары –қан элементтері

Жүргізуші: Елестетіндер, қолдарынды кесіп алдындар (1-2 қатысушы қолдарын үзеді) кесілген қантамыр арқылы қан ағады (3,4,5 ойыншы қайта- қайта үзілген жерден жүгіріп өтеді) Ал, енді жарақаттанған жерде фибрин нәруызының жіпшелері түзіледі (1-2 ойыншы қолдарын созып, қосады.) Осы торған қан жасушалары өтелмай тұрып қалады (3,4,5 ойыншы қол торында (1-2). осылай тромб түзіледі.

3 топ:

3. «Иммунитет түзелуі»

Қатысушылар: екі қыз (екі жасуша) бұзақы (ауырған ағза), полицейскии (лейкоцит) және спецназ (антитело). Қыздар асықпай қыдырып әңгімелесіп жүреді, бұзақы келіп оларды теуіп тастайды (ауырған ағза жасушаны жоюға кіріседі), нәтижесінде қыздардың біреуі есінен танады (жасуша өледі) ал екіншісі қашып кетіп, полицияны (лейкоцит) ертіп келеді. Полиция бұзақыға қарап, протокол жазады (инфекция түрін анықтайды) және спецназды (антитело) шақырады, ол бұзақыны алып кетеді.

2 тапсырма

Проблемалық сурақтарды шешу

Жаңа тақырыпты меңгеру §36,37

1 топ. Үлкен және кіші қанайналымның шеңбері

2 топ. Қанның артериялық қысымы

3 топ. Қанның тамырлар боиымен қозғалуы


Зертханалық жұмыс №12 «Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу. Жүрек қантамырлар жұмысына байкау жүргізуді мөлшерлі жүктемеге дейінгі және кеінгі тамыр соққыларын салыстыру арқылы анықтайды (20 рет отырып тұру)»

«Дискуссиялық өрнек»

1 топ.




Мазмуны

Келісемін

Келіспеймін

1

Үлкен қанайналым шеңбері он жақ жүрекшеден басталады







2

Тамырдың соғу жиілігі ересек адамда тыныштық кезінде 60-70 соққыны құрайды.







3

Қанның венада ағу жылдамдығы артерияға қарағанда төмен







2 топ.



Мазмуны

Келісемін

Келіспеймін

1

Қанның козғалуы жүректің ырғақтық жұмысына байланысты.







2

Дені сау ауамның қан қысымының артуы гипотония деп аталады.







3

Қалыпты күйде барлық қан айналымға түспейді, белгілі бір бөлігі қан қорында болады.







3 топ.




Мазмуны

Келісемін

Келіспеймін

1

Капиллярдағы қан қысымы 22мм сын. бағ. көрсетеді







2

Артерия қаны алқызыл түсті.







3

Тамырдың соғуын тонометр арқылы өлшейді






Не білдік? Сабақтан алған әсерлерін?


Қойылымдарды көрсету

Топқа берілген тапсырманы орындау барысында бірлесіп шығармашылықпен жұмыс атқарады, өз пікірін еркін білдіреді.

Тұжырым жасай білуге дағдыланады.

Мәтінмен жұмыс жасайды.

Оқушылар өз пікірін еркін білдіреді.

Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп зертханалық жұмысты орындайды, қорытынды жасайды.


Әр топ бірлесіп отырып тапсырманы орындайды



Қорытынды жасайды



Қорытынды

Топ мүшелері өздерін бағалайды. Басқа топтар туралы өз пікірлерін айтады.

Оқушылар өз жұмыстарын критериалды бағалауды ұйымдастырды.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі




Үйге тапсырма

№ 36-37.

Үй тапсырмасын жазып алады.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет