Сынып: 8 Сынып жетекші: Қабланова Э


кезең «Ер қанаты-ат»-әр топ жылқы туралы толық мәлемет беру



бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#130976
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тәрбие сағаты
testy-videokurs-қaz-mәd-tar
1 кезең «Ер қанаты-ат»-әр топ жылқы туралы толық мәлемет беру / презентация қорғау/
1 топ-«Жігер»- тобы
2 топ –«Батыр»- тобы
Жүргізуші: Сонымен «Жақсы ат-жанға серік» 2 кезеңімізге көшеміз. «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек». Қазақ тарихында есімі еліне ұран болған батырлар көп. Ал ер жігіттің жеті қазынасының біріне баланған жүйрік ат - батырлардың сенімді серігі болған тұяғымен жер тарпып, ауыздығымен алысып, батырға найза кезеген жауын ат үстінен жұлып алып, шайнап тастаған, тұяғымен мыжығын, соғыстың әдіс-тәсілдерін меңгергені соншалық, жау жебесінен жалтарудың, иесін аман сақтап бұра қашудың нешеме әдісін меңгерген, тіпті қазақ аңыздарында батырдың жаны қысылған шақтарда, иесіне ақыл-кеңес айтатындай тіл біткен қасиетіңнен айналайын қазақ сәйгүліктері туралы аңызға бергісіз хикаялар да, тарихи оқиғалар да көп.
Олай болса әр топқа қазақ Батырларының есімі жазылған карточкадан таратылады. Топтың мүшелері әр батырдың жылқысын атауы керек.

  1. Қобландының- Тайбурылы

  2. Тарғынның-Бозтарлан

  3. Ақан серінің-Құлагері

  4. Алпамыстың-Бейшұбары

  5. Кендебай – Керқұла

  6. Ер Төстік – Шалқұйрық

  7. Исатай – Ақтабан

  8. Кеңесары – Ақтаңгер

  9. Райымбек- Көкойнақ

  10. Әбілқайыр – Ақбозат

  11. Қаракерей Қабанбай - Қубас

  12. Абылай хан - Нарқызыл

2 оқушы:Қазақстанның арнайы жылқы өсіретін зауыттары мен шаруашылықтарында жылқының 17 тұқымы өсіріледі.
1. Қазақы жылқы. 2. Мұғаджар жылқысы. 3. Адай жылқысы 4. Көшім жылқысы
Жылқыны қадір – қасиетіне қарай «арғымақ», «жабы» деп бөледі. Арғымақтарды халық өте жоғары бағаланған. Олар негізінен адамға адал дос бола алатын әрі жүйрік, әрі алғыр жылқы тұқымдары болған. Сондықтан да арғымақтан шыққан ерекше тұлғаларын ерте кездерде «тұлпар», «сәйгүлік», «пырақ», дүлділ деп атаған. Көркем шығармаларда да батырлардың сенімді серіктері аттары болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет