Сынып жетекші Нартаева А. А сынып сағатының түрі



бет2/17
Дата20.11.2023
өлшемі76,17 Kb.
#192429
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-тоқсан Тәрбие қмжлары толық (1)
Күй өнері, жусипбекова даметкен философия
1991 - 2016 жылы тәуелсіздік алдық. 1889 - 2021 жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл.

  • Тағы да бір елеулі оқиға төрт жылда бір рет өтеді. 2013-2017жж.

    елімізде үлкен көрме өтеді «ЭКСПО - 2017» (слайд 1)

    • Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.

    ІІ. Ыбырай туралы мәлімет
    Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның
    қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
    тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
    Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым
    В.В Григорьевпен жақын танысып алды.
    Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. (слайд 2)
    ІІІ. Топпен жұмыс

    • Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту)

    • «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыту. (1 - қосымша)

    ІV. Ыбырайдың ағартушылығы туралы ұғым. (слайд 3)
    1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап,
    халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын»
    балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды.Олардың бірқатарын өзі жазды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет