Сынып жетекшісі: Сынып



Дата10.11.2023
өлшемі211,91 Kb.
#190831
Байланысты:
«Ғаламторсыз 1 күн»
есеп улги, ЕРІК Реферат, Копия реферат-2-1, Мейіргер ісі тест, емдеу ісі тест фарм

Сынып сағаттары

Сыныбы:

Уақыты:

Сынып жетекшісі:

Сынып сағатының
тақырыбы:

«Ғаламторсыз 1 күн»

Сынып сағатының

Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

мақсаты:

Сынып сағатының міндеті

Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Бағалау критерийлері:


Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Игерілетін дағды:

Тыңдалым және айтылым

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Жүру барысын алдын ала үйлестіру

І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы. 2. Телеконференциялар. 3. Web (WWW ) қызметі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернетке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

Психологиялық тренинг.Шарты: Оқушылап өздеріне қалаған түстерін таңдайды. Сіздің таңдаған түстеріңіз сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады.

Ой толғау. ТЖ. Мен интернетсіз күнді қалай өткіземін?
Әр топ интернетсіз өз күн тәртібін құрады.
Қорытынды сөз
Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді ұрпақ интернетті дұрыс пайдаланып, Қазақстанға өз үлесін қосады деп сенемін!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет