Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын



бет14/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА
Силлабус 2017, Кәсіпкерлік силлабус каз осы дурыс, Динара Психология хронологиялық кесте
6

2.Көрнекілік әдісі.

63. Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
баланың денсаулығы;
• отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
• баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
• мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
• үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
• еңбекке көзқарасы;
• әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
• интелектуалдық дамуы;
• саяси сауаттылығы, т.б.

64. Дәстүрлі дидактикалық жүйе.
Дидактикалық жүйе (гр. systema – тұтас, бөліктерден құралған, қосынды) – нақты критерийлер бойынша анықталған тұтас білім. Дидактикалық жүйелер оқытудың құрылымдары, мақсаттар бірлігі, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары мен әдістерінің ішкі бірлігімен сипатталады. 
Неміс философы және педагогы И.Ф.Гербарт (1776 - 1841) Я.А.Коменскийдің дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйесін сын тезінен өткізе келе этика мен психологияның теориялық жетістіктеріне негізделген «педагогиканың ғылыми жүйесін» жасады. Гербарт бойынша тәрбиенің жоғарғы мақсаты – ізгілікті тұлға, моральдық жағынан күшті мінез-құлық қалыптастыруда. Тәрбие этикалық идеялар мен психологияның негізгі ережелеріне сүйенуі керек.
Оқытудың гербарттық жүйесінің негізгі белгілері мынадай: мектептің басты міндеті – оқушылардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау, ал тәрбие – жанұяның ісі. Моральдық тұрғыда күшті мінез-құлық қалыптастыруға дұрыс педагогикалық басқару, тәртіп және онымен байланысты оқыту қызмет етеді. Басқарудың міндеті – оқушыларды ылғи жұмысқа тарту, олардың оқуын ұйымдастыру, олардың дене және интеллектуалдық дамуын бақылау, тәртіпке үйрету. Тәртіп үшін Гербарт тыйымдарды, шектеулерді, сол сияқты дене жазаларын қолдануды ұсынады. Оқыту мен тәртіптің, білімдерді оқушылардың сезімдері мен ерік-жігерлерін дамытумен ұштастыру тәрбиелей оқытудың мәні болып табылады. Бұл ұғымды енгізе отырып Гербарт тәрбиені оқытудан бөлуге болмайтынын, сана мен ерік-жігер, сезім қатар дамитынын көрсеткісі келді.
Гербарттың дидактикаға қосқан басты үлесі – ол оқытудың кезеңдерін (сатыларын) былайша бөліп көрсетті: анықтық – ассоциация – жүйе - әдіс. Оқыту процесі елестетуден түсініктерге, түсініктерден теориялық сипаттағы біліктерге өтеді. Көріп отырғанымыздай, бұл сызбада тәжірибе (практика) жоқ. Бұл формальды деңгейлер оқытудың мазмұнына тәуелді емес, барлық сабақтар мен пәндерде оқу процесінің барысын анықтайды.
Гербарттың шәкірттері мен ізбасарлары (В.Рейн, Т.Циллер, Ф.Дерпфельд) оның теориясын біржақтылық пен формализмнен арылтуға тырыса отырып дамытты және өзгерістер енгізді. Рейн сатыларды басқаша атады, олардың мазмұнын нақтылай түсті және оған қосымша жаңа материалды даярлауды, оны жеткізуді, бұрын алынған білімдермен байланысты, қорыту мен пайдалануды енгізді. Гербарттың теориясы ХІХ ғ. ортасында кең таралып, Герман империясының құлауымен бірге құлдырады. Қазіргі баға бойынша ол мектеп дамуына кері әсерін тигізді: осы теорияның әсерімен оқытудың мақсатын жаттауға дайын білімдер беру деп қарастыратын, сабақта мұғалімге – белсенді, оқушыға – пассивті роль берілетін көзқарастар дүниеге келді. Бірақ та Гербарттың дидактикасынсыз, ол итермелемесе, оның тәрбие жүйесін сыни көзқараспен қайта қарастырмайынша қазіргі теория мен практика болмас еді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет