Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын



бет2/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА
Силлабус 2017, Кәсіпкерлік силлабус каз осы дурыс, Динара Психология хронологиялық кесте
Ынталандыру принципі. Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципінің шарттары:
• жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;
• ділгірлік оқыту;
• компьютерлік технологияны қолдану;
• интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;
• өзара оқыту (жұптық, топтық);
• білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;
• сыныпта жағымды микроклимат жасау;
• мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы;
• оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
• білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы;
• оқыту нысандарын және әдістерін түрлендіру.
4-сұрақ
Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі қызметінің ерекшеліктері. Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі - шет тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикасы саласындағы тілдік білімге, шеберлік пен дағдыларды меңгеруді оқытатын педагог. Бұл педагогикалық профиль мамандығы, оның кәсіби саласы бастауыш білім берудің пәндік саласы болып табылады. Қазіргі заманда тек бір тілді білу жеткіліксіз. Бірнеше тіл білу - жетістікке апарар жол! Шет тілдерін бастауыш сыныптардан бастап оқу керек.Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың түрлі формаларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Пәнді жүргізу бойынша сабақ жоспарларын құрайды. Оқу процесіне инновациялық білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.Кез-келген мұғалім сияқты шет тілі мұғалімінде де стресске төзімділік, табандылық, коммуникативтілік, ұжымда беделге ие болу және оны сақтай алу қабілетінің болуы өте маңызды. Әлбетте мұндай педагог жақсы есте сақтау қабілетімен, мінсіз дикциясымен ерекшеленуі керек, өзі сабақ беретін тілін жетік білуі тиіс. Бұл маман қарапайым мұғалімнен тек ағылшын тілін меңгергендігімен ғана емес, сонымен қатар осы тілде сабақ беру және құжаттаманы жүргізе алу қабілетімен де ерекшеленеді.
5-сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет