Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын


Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретінде ерекшеліктері



бет7/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА
Силлабус 2017, Кәсіпкерлік силлабус каз осы дурыс, Динара Психология хронологиялық кесте
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретінде ерекшеліктері.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүм- кіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі - жеке тұлғалар колданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оку процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәті нінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кенейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде колдану; демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсінік- терді мұқият ойластыру;
• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан ке- ректі мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.
20-сұрақ
Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип класси- калық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке әзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және политехникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары:
• мектепте окылатын ғылыми білімдердің керектігін когамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Оқушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту;
• «Білім - өмір» байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетану мәліметтерін қолдану;
• балаларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік катынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру;
• оқушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге уйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны колдану;
• оқушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі.
•мектептің өндіріспен байланысын қолдану. «Оқу пәні- өндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау;
• оқушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру;
•аймақтың сұранысына карай кәсіптік бағдар беру жұмы сын жүргізу;
• Мәселелік - ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжіри- бені байланыстырудың басты құралы;
• еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, мұғалімнің еңбектегі үлгі-өнегесі;
• қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті оқушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыру, сұрақтар кою, кеп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру;
• коғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудың өмірмен байланысын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі;
• еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оку процесіне енгізу;
• окушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, баска жұмыстар беру;
• балаларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу;
• балалардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса <<Жас өнертапқыштар» сайысын өткізу;
әр оқушыны оған ұнайтын ғылым, техника, өнер салаларынан өз бетімен білім алуға ынталандыру;
• акыл-ой іс-әрекетін тәжірибемен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
21-сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет