Сынып математика ережелер натурал сандар және саны. Натурал сан



бет2/9
Дата28.10.2022
өлшемі214,27 Kb.
#155430
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, микр лаб жаңа, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Сандық өрнекдегеніміз сандармен, амалдармен таңбаларымен және жақшалармен жазылған өрнекті айтамыз: 3+4*5-8 немесе 5*(4,5+7)-1/5
Әріпті өрнек – дегеніміз құрамында әріптері бар өрнектерді айтамыз: а+4b немесе x-y
Өрнекті ықшамдау – дегеніміз өрнектің мәнін өзгертпей, бірақ амалдар саны алғашқыдан аз болатындай етіп түрлендіру. Мысалы: а+5+3а-2 өрнегі 4а+3 болып ықшамдалады.
Теңдеудегеніміз, құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар бар теңдікті айтамыз. Мысалы: 5х+7=22
Теңдеу түбірі – дегеніміз әріптің теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні. Мысалы 3х+1=7 теңдеуін шешсек х=2 болады. 2 теңдеудің түбірі
Квадрат – барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
Периметр – жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.
Формула – әріптері бар теңдік түрінде жазылған ереже. Формулада қандай да бір шама бір мәнінің өзге шамалардың мәндеріне тәуелділігі көрсетіледі.



НАТУРАЛ САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІГІ
Натурал санның бөлгіші – дегеніміз, сол санға қалдықсыз бөлінетін бөлінгіш сан. Мысалы: Б(12)={1,2,3,4,6,12} болады.
Натурал санның еселігі – дегеніміз, сол берілген натурал санға қалдықсыз бөлінетін сан. Кез келген натурал санның еселіктері шекстеусіз көп болады. Мысалы: Е(6)={6,12,18,24,30,…}
Жай сандар – тек 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар. Ең кіші жай сан: 2. Ал ең үлкен жай сан шектеусіз үлкен сан. Мысалы: 101, 2, 17, 29 т.с.с
Өзара жай сандар – берілген натурал сандардың ЕКОЕ-сі 1-ге тең болатын сандар. Мысалы: 25 және 16, 14 және 15
Құрама сандар – екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар. Ең кіші құрама сан: 4. Мысалы: 4, 6, 8, 102
1 саны – жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды. Оның бір ғана бөлгіші бар.
Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, онда көбейтінді де сол санға бөлінеді. Мысалы: 24*19*7 көбейтіндісі 6 ға бөлінеді. Себебі 24 саны 6 ға бөлінеді.
Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді. Мысалы: (84+28) қосындысы 14 ке бөлінеді, себебі 84 те, 28 де 14 ке қалдықсыз бөлінеді.
Егер азайғыш та, азайтқыш та берілген санға жеке-жеке бөлінсе, онда айырма да сол санға бөлінеді. Мысалы: (27-9) айырмасы 3 ке бөлінеді, себеі 27 де, 9 да 3 ке бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет