сынып оқушылардың



бет2/2
Дата12.05.2020
өлшемі22,48 Kb.
#67426
1   2
Байланысты:
6 лекция
2 лекция, 3 лекция, 4 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 5 лекция, 8 лекция, 9 лекция, 10 лекция, 10 лекция, 8 лекция, 11 лекция, 11 лекция, 15 лекция, бақылау сұрақтары 1-ші сынып.
1 сынып оқушысының оқу ахуалдарының типтері

1 сынып оқушысының оқу ахуалдарының типтері адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының өзінде ол атам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің — ойынның, сөйлеу қарым-қатынасының, практикалық іс-әрекеттердің негізінде қалыптасып, шамамен төрт-бес жаста ғана шығады.

Оқу іс-әрекеті деген не? Бұған берілетін жауаптардың біреуі біршама қарапайым. Кез келген іс-әрекет — практикалық болсын, сөйлеу жүзінде болсын қайсыбір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-әрекеттер жасауы, қимылдары, жазуы, сөйлеуі т. б. арқылы жүзеге асады. Бірақ өмірлік байқаулар мен арнайы тәжірибелер таза сыртқы, дәлірек айтқанда қозғалыс белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес екендігін көрсетеді. Бір жағдайларда, ол маңызды роль атқаруы мүмкін (мәселен, жазудың, сейлеудің, малтудың, сурет салудың, машинаны игерудің қимыл дағдыларын меңгеру үшін), екінші бір жағдайларда, ерекше маңыз болмайды (мәселен, сөздерді не тексті есте сақтау үшін, математика есептерін шығару, заттарды танып, ажырату үшін).

Егер оқу — іс-әрекет болса, онда ол сыртқы және көзге көрінетін формаларсыз жүзеге аса ала ма? Зерттеулер практикалық іс-әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша гностикалық (грекше «гнозис» — білім) іс-әрекетті жүзеге асыра алатынын көрсетті. Оның мақсаты — айналадағы дүниені танып білу. Практикалық іс-әрекет секілді гностикалық іс-әрекет те заттық және сыртай іс-әрекет бола алады (мәселен, заттардың қасиеттерін зерттеп білу үшін оларды бөлшектеу мен кұрастыру, салмағын, тұрқын өлшеу, орындарын ауыстыру). Мұның өзі сондай-ақ перцептивалық іс-әрекет (мәселен, қарау, тыңдау, қадағалау) немесе символикалық іс-әрекет (мәселен, бейнелу, белгілеу, айту) болуы мүмкін.

Практикалық іс-әрекеттей емес, гностикалық іс-әрекет бұған қоса іштей немесе ең болмағанда бақылауға келмейтін болуы мүмкін. Мысалы, қабылдау заттары бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін, сырттай бақылауға келмейтін перцептивалық іс-әрекеттер арқылы көбіне жүзеге асырылады. Есте сақтау процестері арнайы мнемикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады (мәселен, материалды ойша ұйымдастыру, ондағы мағыналық бағдарлар мен байланыстарды бөлу, ойша схемалау мен кайталау). Арнайы зерттеулер ойлаудың неғұрлым дамыған формалары адамның «ішінен» атқаратын .айрықша ақыл-ой әрекеттері арқьілы жүзеге асатынын байқатты (мәселен, анализ бен синтез, теңестіру мен ерекшелеу,абстракциялауменқорыту)

Оқу процесінде іс-әрекетінің бұл түрлері әдетте тығыз ұштасады. Мысалы, өсімдіктердің топтастырылуын оқығанда оқушы оларды зер сала қарайды (перцептивалық іс-әрекет), гүлдерінің негізгі бөліктерін ажыратады (заттық іс-әрекет), не көргенін сипаттайды (символикалық немесе сөйлеу қызметі), суретін салады (заттық және перцептивалық іс-әрекет), оларды атап шығады (сейлеу іс-әрекеті) және т. б. Әр түрлі жағдайларда іс-әрекеттің бұл түрлерінің ара қатынасы түрліше. Мәселен, физика саласында ұғымдар заттық және перцептивалық іс-әрекет негізінде түсіндіріледі, ал тарих бойынша ұғымдар негізінен сөз-дік және перцептивалық іс-әрекет негізінде қалыптасады. Бірақ осы жағдайлардың бәрінде оқу белсенді гностикалық іс-әрекетте көрсетіледі, оның көбінің ішкі формалары болады.

Көптеген психологтардың (Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, П. Я. Гальпериннің, Ж Пиаженің т. б.) еңбектері ішкі іс-әрекеттің интериоризация процесінде сыртқы іс-әрекеттен туындайтынын көрсетті, мұның арқасында заттық әрекеттер адамың санасы мен ойлауында бейнеленеді. Мысалы, тиісті міндеттерді орындаған кезде бұйымды бөлу, бөлшектеу, ажырату жөніндегі заттық іс-әрекет «ойдағы» іс-әрекетпен (бұйымды оның бейнесі немесе ол туралы ұғым негізінде мүшелеумен) алмастырылады.3аттық іс-әрекет интериоризация процесінде ойша анализ процесіне айналады.Идеялық тұрғыда өрістейтін осындай ойлау (ақыл-ой) іс-әрекеттерінің жүйелері — іштей қызметтің өзі. Интериоризацияныц негізгі құралы сөз болып табылаты-ны анықталған. Ол адамға әрекетті заттың өзінен бейне «ажыратып алып», оны зат туралы бейнелермен және ұғымдармен жасалатын іс-әрекетке айналдыруға мүмкіндік береді.

Адамның санасында заттың бейнесі, зат туралы ұғым және оларға сәйкес іс-әрекеттер әлі қалыптаспаған кезде сыртқы гностикалық қызмет тегінде оқу үшін міндетті болса керек. Егер оқушыда жаңа білімді немесе іскерліктерді меңгеру үшін қажетті бейнелер, ұғымдар мен іс-әрекеттер бар болса, онда үйрену үшін ішкі гностикалық қызметінің өзі жеткілікті.



Оқу қызметінің сипаты туралы мәселені шешкенде ең алдымен жаңа материалды меңгеру қандай білім мен іскерліктерді талап ететініне талдау жасау қажет. Егер оқушы белгілі бір бейнелерді, ұғымдар мен іс-әрекеттерді әлі меңгермеген болса, онда оқытуды заттық гностикалық іс-әрекеттен бастау керек.

Оқушы тиісті іс-әрекеттерді өз қолымен жасауы керек. Бұдан кейін оларды сездер арқылы бөліп, пысықтай отырып, бірте-бірте оларды орындауды оңды (ішкі) жоспарға көшіруі тиіс. Ал, егер оқушы қажетті негіздік ұғымдар мен іс-әрекеттердің арсеналын меңгеріп алған болса, онда ол оқуды тікелей ішкі гностикалық іс-әрекеттен бастай алады. Мұндай жағдайда оқушыға тиісті сөздерді ұғындыруға. болады, өйткені оқушы бұл сөздердің нені білдіретінін және олармен қандай іс-әрекеттер жасау қажет екенін біліп алған. Хабарлау және көрсету әдісімен дәстүрлі оқыту негізделген. Оған оқытудың тыңдау, оқу, бақылау секілді тәсілдері сәйкес келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет