Сынып сынып



Дата24.10.2022
өлшемі25,28 Kb.
#154735
түріВикторина
Байланысты:
3 сынып 3 сынып
2-тоқсан. БЖБ-Алгебра 7сынып (1)

3 сынып

3 - сынып


1. Пароход саяхатқа дүйсенбі күні тал түсте шығады. Саяхат 125 сағатқа созылады. Пароход портқа қай күні қандай сағатта қайта оралады?
А) Сенбі күні сағат 13-те; В) Сенбі күні сағат 14-те;
С) Сенбі күні сағат 15-те; Д) Сенбі күні сағат 16-да;
Е) Сенбі күні сағат 17-де.


2. Мектеп викторинасына қатысушыларына 30 сұрақ ұсынылды. Дұрыс жауап берген әрбір сұраққа 13 ұпай қосылды, ал дұрыс емес жауаптар үшін 10 ұпай алып тасталынды. Қатысушылардың бірі барлық сұрақтарға жауап беріп, барлығы 160 ұпай жинады. Ол неше сұраққа дұрыс жауап берді?
А) 16 сұраққа дұрыс жауап берді; В)18 сұраққа дұрыс жауап берді;
С) 20 сұраққа дұрыс жауап берді; Д) 22 сұраққа дұрыс жауап берді;
Е) 24 сұраққа дұрыс жауап берді.


3. 1-ден 1000-ға дейінгі сандардың ішінде 4-ке бөлінетін және 4 цифры жоқ сандардың саны қанша?
А) 132 сан; В) 142 сан; С) 152 сан; Д) 162 сан; Е) 172 сан.


4. Барлық үш таңбалы сандардың қосындысы қандай цифрмен аяқталады?
А) 0 цифрымен аяқталады; В) 5 цифрымен аяқталады;
С) 4 цифрымен аяқталады; Д) 6 цифрымен аяқталады;
Е) 8 цифрымен аяқталады.


5. Карточкаларға барлық екі таңбалы сандар жазылған. Карточкаларға қарамай алғанда 2-ге бөлінетін карточка шығу үшін кемінде қанша карточка алу қажет?
А) 36 карточка алу қажет; В) 40 карточка алу қажет;
С) 42 карточка алу қажет; Д) 44 карточка алу қажет;
Е) 46 карточка алу қажет.


6. Қараңғы бөлмедегі қорапта өлшемдері бірдей 10 жұп қоңыр және 10 жұп қара қолғаптар жатыр. Қорапқа қарамай алғанда бір түстен жұп қолғап шығу үшін кемінде қанша қолғап алу қажет?
А) 15 қолғап алу қажет; В) 18 қолғап алу қажет;
С) 20 қолғап алу қажет; Д) 21 қолғап алу қажет;
Е) 25 қолғап алу қажет.


7. Жәшікте түстері әртүрлі 70 шар жатыр: 20 қызыл, 20 көк, 20 сары, қалғандары қара және ақ. Жәшікке қарамай неше шар алғанда кемінде бір түстен 10 шар шығады?
А) 35 шар алғанда; В) 36 шар алғанда; С) 37 шар алғанда;
Д) 38 шар алғанда; Е) 40 шар алғанда.


8. Мына суретте қанша кесінді кескінделген?

А В С Д Е К


А) 10 кесінді; В) 12 кесінді; С) 13 кесінді; Д) 14 кесінді; Е) 15 кесінді.


9. Үстелдің үстінде 25 шоколад бір қатарға тізіліп қойылған. Бексұлтан оңнан солға қарай, ал Бекарыс солдан оңға қарай санайды. Бексұлтан 14 ші деп санаған шоколадты, Бекарыс нешінші деп санайды?
А) 12 В) 13 С) 14 Д)15 Е)16
10. Бекарыс ортасындағы цифрі 7-ге тең, ал бірінші мен үшінші цифрларының қосындысы 5-ке тең болатын барлық үштаңбалы сандарды теріп жазды. Ол барлығы неше сан жазып алған?
А) 9 В) 8 С) 7 Д) 5 Е) 4

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет