Ситуациалық есептер Ситуациалық есеп №1



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі367,83 Kb.
#97067
Байланысты:
2 тақырып есеп
Lisovski (1), ЕНТ 2023 рус, 4 сынып


Ситуациалық есептер 
 
Ситуациалық есеп №1 
52 жастағы ер кісі 3 ші қабатқа көтерілгенде пайда болатын, нитроглицерин 
таблеткасын қабылдағаннан кейін басылатын жүрек аймағы мен төс артының қысып 
ауырсынуына шағымданады. 
Қарағанда: Жағдайы орташа ауырлықта тері жамылғылары бозғылт, жабысқақ салқын 
тер басқан. Өкпелерінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. АҚ 140/90 мм.с.б. Жүрек 
тондары басыңқы, ырғағы дұрыс, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Қағу симптомы екі жақта да 
теріс мәнді ҚЖА және НЖА патология жоқ. ЭКГ – да сол қарынша гипертрофия белгілері 
бар.
1.Қандай диагноз ең ықтимал болады? 
2.Сіздің емдеу тактикаңыз? 
Ситуациалық есеп №2 
Г. атты 51 жастағы науқас емханаға аздаған физикалық күштемеден кейін (2 
қабатқа көтерілгенде) пайда болатын, ұзақтығы 20 минутқа созылатын, ешқайда 
таралмайтын, тыныштық жағдайда өздігінен басылатын төс артының қысып ауырсынуына 
шағымданады. 
Анамнезі:Осындай ұстамалар ең алғашқы рет 2 апта бұрын аздаған физикалық немесе 
эмоциональдық күштемеден кейін пайда болып, күн ара (тәулігіне Р-10 ретке дейін) 
қайталанған. 
Қарағанда: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс 80 рет минутына, толымдылығы 
жақсы. АҚ 150/90 мм.с.б.б. Жүрек шекаралары солға 1 см ығысқан. Жүрек тондары анық, 
қатаң. Везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Бауыр ұлғаймаған. 
-
Қан анализі: Hb 130 г/л, Эр 3,85х10
12
/л, лей9,2х10
9
/л. Э 1%, П 4%, С 60%, Л 20%, М 6%. 
ЭТЖ 21 мм/сағ.
-
Зәр анамнезі: салыстырмалы тығыздығы 1,022, белок, глюкоза жоқ, лейкоциттер 2-3 к/а. 
-
ЭКГ ұстама кезінде түсірілген ЭКГ – да ST интервалының изосызықтан 2 мм төмендегені.
1.Сіздің болжам диагнозыңыз?
2.Дәрігерлік тактика ары қарай қалай болуы керек? 
Ситуациалық есеп № 3 
56 жастағы науқас стационардың қабылдау бөлiмiне жедел жәрдеммен жеткiзiлдi, 
болған жағдай: 40 минут бұрын төс артында орналасқан, сол жауырын астына, мойнына, 
астыңғы жақ аймағына тараған кесiп ауырсыну, қатаң әлсiздiк мазалаған, сонымен қатар, 
ауа жетiспеу сезiмi, бас айналуы пайда болған. Нитроглицериннiң 3 таблеткасын 
қабылдату, ауырсынуды басуға анальгин, димедрол тағайындау нәтиже бермеген. ЭКГ 
түсiрiлген: II, III, aVF тiркемелерiнде ST сегментiнiң биік ауытқуы анықталған. 
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, ылғалды. 
Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 24 минутына. Жүректiң шала тұйық дыбыс 
шектерiнен сол шегi сол бұғана орта сызығына дейiн кеңiген. Жүрек тондары ырғақты, 
жүрек ұшында мезгiл-мезгiл өте күшейген I тон естiледi, ж.с.с. 36 рет минутына, АҚ 
100/70 мм сын. бағ. Тiлi ылғалды, таза, iшi жұмсақ, ауырсынусыз. 
ЭКГ түсiру мақсатында электродтар қойылу үстiнде, науқас аударыла берiп, есiнен 
танып қалды, бетiнiң, мойнының цианозы күшейе түстi, қимылы жәйсiздене бастады, қол-
аяғының құрысуы, көз алмаларының конвергенциясы дамыды. 
1.
Негiзгi ауру мен оның асқынуларын табыңыз. 
2.
Ең қажеттi шұғыл шаралар? 
3.
Жедел жәрдем тактикасын бағалаңыз (ЭКГ өзгерiстерi қандай анальгетиктердi 
тағайындауды талап еттi?). 
4.
Қосымша тексерулер. 


Ситуациалық есеп № 4 
52 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш 
жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң 
қабырға астындағы ауырлық сезiмi.
Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiсiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық 
күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу 
мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен 
балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы 
дамыған. 
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. 
Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында 
тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiледi, тыныс жиiлiгi 26 әр 
минутта. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ж.с.с. 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. 
Пульсi 102 рет минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы бір 
минутта – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 см-
ге шығыңқы, пальпацияда ауырады, қатты эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген. 
ЭКГ-де: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, 
терең Q тiсшесi. 
1. Болжам диагнозы. 
2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ-ны шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру 
жоспары.
3. Дифференциялық диагнозы. 
4. Емi. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет