Тақырып: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу жағдайында баға беру



бет1/11
Дата20.10.2022
өлшемі244,58 Kb.
#153999
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырып Ж рек ан тамыр ж йесіні ызметі б зыл ан кездегі медб
қан түзуші және қан жйесін объективті және субъекиивті тексеру

Тақырып: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу
жағдайында баға беру.
Жүрек-тамыр ауруларымен ауыратын адамдардың негізгі шағымдарына төс және жүрек тұсының ауыруы,демікпе,жүректің қатты және шалыс соғуы, тері және Ткілегей қабықтардың көгеруі, шемен-ісіктері, диспепсиялық шағымдары,жөтел,қан түкіру жатады.
Ауырғандық: Жүрек тамыр ауруларында ауырғандық адам организмінің әр жерінде кездеседі. Оның жиі локализациясына төстің арты,жүректің тұсы, оң жақ қабырға асты, бас,іш қуысы және аяқ жатады.
Төс арты және жүрек тұсының ауыруы жүректің ишемия ауруында,жүрек неврозында(кардионеврозда),жүрек бұлшық еті мен перикард ауруларында кездеседі. Көрсетілген локализациядағы ауырғандық кейде рефлекторлы болуы да мүмкін.
Оң жақ қабырға астының ауырғаны. Жүрек әлсіздігінен болатын бауырдың өсуіне байланысты. Бауырдың өсуі ішінде нерв тамырлары бар глиссон капсуласының керілуіне әкеп соқтырады ол ауру болып білінеді.
Демікпе: жүрек шамасыздығының белгісі. Жүрек ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның минуттік көлемі азаяды, ол қан айналымы жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның қан айналым шеңберлерінде іркілуін тудырады. Қанның кіші қан айналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен қанығуы азаяды-гипоксия мен гиперкапния дамиды. Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын қоздырып,демікпе тудырады.
Жүрек шамасыздығына тән демікпе әуелі организмге қалыпты күш түскенде,кейін аурудың отырған күйінде байқалады.
Ентігу - тыныс алу жиілігі ырғағының және терендігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу жағдайы.
Гипертония (артериялық гипертензия) – қан қысымының жоғарлауы .
Гипотония (гипотензия) - қан қысымының төмендеуі.
Ісік-жүрек шамасыздағының,оның ішінде жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің белгісі. Ісіктің пайда болу механизмінің ең бастысы-қан іркілісінен туатын капллярдың вена жақ тізесінде науқастардын терісі қажалып, жараға айналуы мұмкін.Ондай жағдайды гидростатикалық қысымының көтерілуі. Соның салдарынан қанның сары суының айналадағы тканьдерге транссудациясы (көшуі) басталады,оны асцит теп атймыз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет