Сүйек пластикалық орындағАН: Серікбаева С. Б тобы: жм-902F



Дата30.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#160464
Байланысты:
трепанация
1Инфраорбиталды, 6-лекция

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті “Адам морфологиясы және физиологиясы” кафедрасы

  • БӨЖ Трепанация: декомпрессивті және
  • сүйек пластикалық

    ОРЫНДАҒАН: Серікбаева С. Б

    ТОБЫ: ЖМ-902F

    ҚАБЫЛДАҒАН: Омаралиев М. И

ЖОСПАРЫ

І. КІРІСПЕ

  • Трепанация
  • ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • Декомпрессивті трепанациясы
  • Сүйек пластикалық трепанациясы
  • ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

    ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ТРЕПАНАЦИЯ

Трепанация (бассүйек қуысын ашу) – бұл миға және оның қабықтарына хирургиялық әрекеттер жасауға мүмкіншілік беретін операциялық барар жол. Бассүйек қуысын және ми жартышарларының әртүрлі бөлімдерін ашу екі тәсілмен жүргізіледі: 1. сүйектік-пластикалық (остеопластикалық) және 

2. резекциялық (декомпрессиялық). 

Операциялық алаңды дайындау

  • Алдын ала шашы қырылған бас терісін майдан  тазартатын ерітіндімен ылғалданған тампондармен, содан кейін спиртпен сүртеді де, оның артынан 5% йод ертіндісін жағады. Трепанация жасалатын аймақты бассүйек – ми топографиясына негіздеп (Кренлейн-Брюсова сызбасы) анықтайды да, теріге жасалатын тіліктердің сызықтарын, 1% бриллиант жасылы, метилен көгі т.б. ерітіндісіне  матырылған кішкене таяқша басындағы мақтамен тері бетіне сызады. Тек осыдан кейін ғана, операциялық алаңды операциялық стерилизацияланған ақжаймамен қоршайды, ал оның шеттерін теріге тігістер арқылы бекітеді

ТРЕПАНАЦИЯ ЧЕРЕПА

СҮЙЕКТІК-ПЛАСТИКАЛЫҚ ТРЕПАНАЦИЯ

  • Сүйектік-пластикалық трепанацияны бассүйекке екі әдіспен жасауға болады: екі қиындылы Оливекрон әдісі және бір қиындылы Вагнер–Вольф әдісі. 1) Оливекрон екі қиындылы әдісі бойынша – біріншісі тері мен апоневрозды қамтитын жалпақ негізбен жалғасқан, сүйектен сыдырылған тері-шандырлық қиынды, екіншісі сүйекті тесіп, аралап жасалатын жіңішке бөлек аяқшамен жалғасқан сүйек- сүйекқаптық қиынды.

Вагнер-Вольф әдісі бойынша

  • 2) Вагнер-Вольф әдісі бойынша-барлық қабаттарды бірден қамтитын, таға пішінді тері-сүйекқаптық аяқшамен жалғасқан тері-сүйекқап-сүйектік қиынды. 

Операцияға көрсетілімдер

  • Бассүйек іші қысымның жоғарылауы, бассүйек қуысына қан құйылуы, мидың қатты қабығы тамырларының зақымдануы, мидың ісіктері т.б. Жалпы хирургиялық құрал-саймандардан басқа бассүйек – ми операцияларын жасау үшін: пневматикалық қол трепаны (сүйектескіш); әртүрлі пішінді және диаметрлі бұрғыларының жиынтығы бар электрлік трепан; Джигли немесе Оливекрон сым аралары және олардың ұстағыштары мен өткізгіштері; Егоров, Дальгрен резекциялық қысқыштары, Люэр қысқышы; ісіктерді алып тастауға арналған қасықшалар мен тесікшелі пинцеттер; ми қабықтарын қиюға қолданылатын қайшылар, жарақат кеңіткіштер, клипстер, милық қалақшалар жиынтығы, ми және оның қарыншаларына пункция жасауға арналған канюлалар қажет. Асқынулары:қан кету; инфекция; ми ісінуі; мидың зақымдануы: жадтың, мінез-құлықтың, ойлаудың, сөйлеудің өзгеруі; көру проблемалары; тепе-теңдік проблемалары; ішек пен қуық проблемалары; ұстамалар;салдану немесе әлсіздік; анестезияға реакция (мысалы, бас айналу, қан қысымының төмендеуі, ентігу); жүрек соғысы; қанның ұюы.

Декомпрессивті трепанация

  • Резекциялық (декомпрессиялық) трепанация жасағанда – сүйектік қиындыны алып тастайды да, бассүйек күмбезіндегі тесікті (ақауды) тері –шандырлық қиындымен немесе синтетикалық материалдардан жасалған басқа жамаумен жабады.

Көрсетілімдер: 

  • Мидың ісіктері, гидроцефалия, тағы басқа мидың аурулары салдарынан бассүйек іші қысымның жоғарылауы және мидың негізгі патологиялық ошағына операция жасауға келмейтін жағдайларда, мидың ісінуінен болатын ауырсыну деңгейін азайту үшін жасалады. Операция барысында бас сүйектерінің біреуінің бөлігін алып тастайды да, мидың қатты қабығын тіліп ашады. Соның нәтижесінде жұмсақ тіндерден тұратын қиындының астында, ми затының томпайып көтерілуіне мүмкіндік туғызатын қосымша кеңістік пайда болады. Декомпрессиялық трепанацияны патологиялық ошақтың дәл үстінен жасайды (егер диагноз қойылса), немесе оң жақ самай аймағына Кушинг әдісімен жасайды (егер патологиялық ошақ орны белгісіз болғанда).

Кушинг әдісімен бассүйекке декомпрессиялық трепанация

  • Бұл әдісі – бас миының операция жасауға болмайтын қатерлі ісік кезінде, ауырсыну сезімдерін және бас қаңқаішілік қысымды азайту мақсатында қолданылады. Операцияның мақсаты – бас сүйегінің күмбезіндегі сүйек пішінінің өзгерісін болдырмау (5х6 см). Самай аймағында, бұл жерде бұлшықет – апоновритикалық қабаты жақсы дамыған. Кей жағдайларда қатерлі ісіктер орналасқан жеріненде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет