Сүйектердің жіктелуі


Сирақ crus – медиалды орналасқан үлкен асықты жіліктен және латералды орналасқан кіші асықты жіліктен (шыбықтан) тұрады. Үлкен асықты жілік tibia



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі102,5 Kb.
#90458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Остеология

Сирақ crusмедиалды орналасқан үлкен асықты жіліктен және латералды орналасқан кіші асықты жіліктен (шыбықтан) тұрады.
Үлкен асықты жілік tibia – үшқырлы диафизі мен екі эпифиздерден тұрады.Оның проксималды эпифизі медиалды және латералды айдаршықтарды түзеді, олардың арасында айдаршық аралық шығыңқы жері орналасады. Айдаршықтардың жоғарғы бетінде ортан жілікпен қосылатын буынды беті болады. Оның алдыңғы төмен жағында сүйек бұдыры орналасады. Дисталды эпифизі медиалды тобықпен аяқталады.
Кіші асықты жілік fibula - үлкен асықтыға қарағанда әлдеқайда кіші. Оның диафизі үшқырлы, проксималды эпифизі домалақтанған басымен аяқталады. Дисталды эпифизі латералды тобықты түзеді.
Аяқ басы pes - тілерсек, табан және саусақ сүйектері болып бөлінеді.
Тілерсек сүйектері ossa tarsi жеті қысқа кемікті сүйектерден тұрады.
Олар екі қатарда орналасады. Проксималды қатарда өкше және асық топай сүйектері, ал дисталды қатарда қайықша; медиалды, аралық және латералды сына сүйектері мен текше сүйек орналасады.
Табан сүйектері ossa metatarsiбес қысқа, түтікті сүйектер. Олар негізінен, денесінен және басынан тұрады.
Саусақ сүйектері ossa digitorum pedis – проксималды, ортаңғы және дисталды фалангалардан тұрады. Тек қана бас саусақта ортаңғы фаланга болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет