Сүйектердің жіктелуі



бет5/10
Дата07.02.2022
өлшемі102,5 Kb.
#90458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Остеология

Біртұтас бассүйек
Бассүйек күмбезімен негізінен тұрады. Бассүйек күмбезі маңдай, самай, шүйде сүйектерінің қабыршақтары мен төбе сүйектерінен тұрады. Бассүйек негізін маңдай, тор, сына, самай және шүйде сүйектері түзеді. Бассүйектеің ішкі негізі үш шұңқырға бөлінеді: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Алдыңғы шүңқырда ми сыңарларының маңдай бөлімдері, ортаңғы шұңқырда самай бөлімдері, ал артқы шұңқырда ми діңгегі мен мишық орналасады.
Қол сүйектері
Қол сүйектері иық белдеу және еркін қол сүйектері деп бөлінеді.
Иық белдеу сүйектері еркін қол сүйектерін тұлғамен жалғастырып тұрады, ол жауырын мен бұғанадан тұрады.
Жауырын scapula жалпақ сүйек, кеуде торының артқы бетінде орналасады, артқы жақта 2-7 қабырғаларға жанасып жатады, пішіні үшбұрышты. Жауырында қабырғалық және дорсалды беттерін; жоғарғы, төменгі және латералды бұрыштарын; медиалды, латералды және жоғарғы жиектерін ажыратады.
Қабырғалық беті аздап ойыстау, онда қабырға іздері көрінеді.
Дорсалды беті биік қылқанмен қылқан үсті және қылқан асты шұңқырларға бөлінеді. Жауырын қылқаны латералды жағында акромион деген өсіндіге ауысады, ол бұғанамен буын түзеді. Жауырынның латералды бұрышы қалыңдап тоқпан жілікпен қосылатын буынды бетіне ауысады. Жауырынның жоғары жиегінде құстұмсық өсіндісі болады.
Бұғана clavicula – s әріпі тәрізді иілген сүйек, төс тұтқасы мен жауырын акромионын арасында көлденең орналасқан. Бұғана денесінен және екі шетінен тұрады: акромионды және төстік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет