Сұйық диэлектриктер. Табиғи және жасанды сұйық диэлектриктер. Олардың қасиеттері мен өнеркәсіпте пайдаланылуы



Дата07.02.2022
өлшемі315,32 Kb.
#89488
Байланысты:
45314647-84e1-47e4-823e-54e2e023aa0d (1)
45314647-84e1-47e4-823e-54e2e023aa0d (1)

Сұйық диэлектриктер. Табиғи және жасанды сұйық диэлектриктер. Олардың қасиеттері мен өнеркәсіпте пайдаланылуы

Сұйық диэлектриктер табиғатына байланысты табиғи және жасанды сұйық диэлектриктер болып екіге бөлінеді. Табиғи сұйық диэлектриктерге мұнай майлары және табиғи сұйық минералдық өсімдік майлары жатады. Мұнай майларына трансформатор, конденсатор және кабель майлары жатса, минералдық майларға тунга, мақта-мата майы, т.с.с. жатады. Мақта майлары лактар мен лакоткандар жасауда қолданылады. Өсімдік майларын тез құрғату үшін олардың құрамына сиккативтер, яғни, Pb, Ca, Mn, Co қосады.

  • Сұйық диэлектриктер табиғатына байланысты табиғи және жасанды сұйық диэлектриктер болып екіге бөлінеді. Табиғи сұйық диэлектриктерге мұнай майлары және табиғи сұйық минералдық өсімдік майлары жатады. Мұнай майларына трансформатор, конденсатор және кабель майлары жатса, минералдық майларға тунга, мақта-мата майы, т.с.с. жатады. Мақта майлары лактар мен лакоткандар жасауда қолданылады. Өсімдік майларын тез құрғату үшін олардың құрамына сиккативтер, яғни, Pb, Ca, Mn, Co қосады.
  • Мұнай майларының құрамында органикалық қышқылдар, смола және күкірт қышқылдары т.б. бөтен атомдар кездеседі. Олар майлардың электрлік техникалық қасиеттерін нашарлатады. Сол себептен де, олар арнаулы өңдейтін қондырғыларда әр түрлі тазартулардан өтеді, күкірт қышқылы мен сілтілер арқылы өңделеді, құрамындағы әр түрлі органикалық қышқылдар мен механикалық заттардан тазартылады.

Кабель майлары тұтқырлығына қарай төменгі тұтқырлы, маркісі МН-2, орташа тұтқырлы, маркісі С-110, С-220 және тұтқыр болып үшке бөлінеді. Өнеркәсіпте ондай майлар белгілі бір қысымда пайдаланылады. Маркісі МН-2 майы Р=3∙105 Па қысымда, маркісі С-110, С-220 майы Р=14∙105 Па қысымда жұмыс жасайды. Маркісі С-110, С-220 майының құрамында ароматтық көмірсутектер болмайды. Төмендегі 1-кестеде мұнай майларының электрлік техникалық сипаттамалары келтірілген.

  • Кабель майлары тұтқырлығына қарай төменгі тұтқырлы, маркісі МН-2, орташа тұтқырлы, маркісі С-110, С-220 және тұтқыр болып үшке бөлінеді. Өнеркәсіпте ондай майлар белгілі бір қысымда пайдаланылады. Маркісі МН-2 майы Р=3∙105 Па қысымда, маркісі С-110, С-220 майы Р=14∙105 Па қысымда жұмыс жасайды. Маркісі С-110, С-220 майының құрамында ароматтық көмірсутектер болмайды. Төмендегі 1-кестеде мұнай майларының электрлік техникалық сипаттамалары келтірілген.
  • Трансформатор майының түсі ашық сары. Өнеркәсіпте қолданғанда тотығып, ластануының нәтижесінде түсі өзгеріп, жарамсыз күйге көшеді. Кернеуі 15 кВ трансформаторларда, аппаратураларда тесілу кернеуі 20 кВ болатын трансформатор майы, ал кернеуі 15-35 кВ трансформаторларда және басқадай аппаратураларда тесілу кернеуі 25 кВ болатын трансформатор майы қолданылады.

Жасанды сұйық диэлектриктердің электрлік техникалық сипаттамалары.

  • Жасанды сұйық диэлектриктердің электрлік техникалық сипаттамалары.
  • Совол жанбайтын мөлдір, полярлық сұйық диэлектрик. Ол дифенильге хлор қосу арқылы алынады.
  • Құрамында хлор болғандықтан улы болады және өте тұтқыр болғандықтан оны қолданардан бұрын қыздырады. Ол полярлық сұйық диэлектрик болғандықтан оның диэлектриктрлік қасиеттері төмен болады. Жасанды сұйық диэлектриктердің екіншісі – совтол-2. Ол совол мен трихлобензолдың қоспасы. Ол өрт пен жарылысқа бейім келеді. Жасанды сұйық диэлектриктердің үшіншісі – совтол-10. Ол да совол мен трихлобензолдың қоспасы.
  • Олар полярлық сұйық диэлектрик болғандықтан олардың диэлектриктілік қасиеттері нашар болады, бірақ барлық жасанды сұйық диэлектриктердің мұнай майларынан артықшылығы бар, олардың тұтану температурасы жоғары. Кремний органикалық диэлектриктердің артықшылығы мынада; ол - 60 ˚С температурадан 150 ˚С температураға дейінгі аралықта жұмыс жасайды және тотықпайды, бірақ ол қымбат материал.
  • Сонымен жасанды сұйық диэлектриктердің электротехникалық қасиеттері жоғары дәрежеде тазартылған мұнай майларына қарағанда нашарлау болады. Олар жоғары температурада жұмыс жасайтын болғандықтан әскери техникада қолданылатын жоғары жиілікті конденсаторлар жасауда пайдаланылады. Төмендегі 2-кестеде жасанды сұйық диэлектриктердің электрлік техникалық сипаттамалары келтірілген.

Мұнай майларының электрлік техникалық сипаттамалары

Жасанды сұйық диэлектриктердің электрлік техникалық сипаттамалары



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет