Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет25/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47

2 - тапсырма. Florideophyceae класы өкілдерінің даму цикліне Asparagopsis sp.(51 сурет) мысалында сипаттама беру жəне анықтап қарау.

3-тапсырма. Қарау жəне суретін салу:



Nemaliales қатары

Batrachospermum sp. (талломның жалпы көрінісі, цистокарпилер);

Rhodymeniales қатары

Rhodymenia sp. (таллом морфологиясы)

Gigartinales қатары

Phyllophora sp. (таллом морфологиясы)

Қорытындылау сұрақтары

1. Florideophyceae класының даму цикліне қандай генерациялар кіреді?

2. Florideophyceae класының морфологиялық ерекшеліктері.

3. Florideophyceae класы өкілдері қалай көбейеді?

1. Қызыл балдырлардың кластарға бөліну принциптері.

2. Bangiophyceae класының морфологиялық ерекшеліктері.



3. Bangiophyceae класы өкілдері қалай көбейеді?
Тәжірибелік сабақ 9. Сарғыш-жасыл балдырлар - Хапtһорһуtа. (2сағат)

Сабактың максаты: Сарғыш-жасыл балдырлардың өкілдерінің құрылымдык және көбею ерекшеліктерімен танысу.

Кажетті материалдар: ботридий және вошерия балдырларының тұракты препараттары, балдырлары бар стакан, микроскоп, лупа.

Жалпы түсінік

Сарғыш-жасыл балдырларға бір жасушалы, кауымды, көп жасушалы және жасушалы күрылысы жок ағзалар жатады. Бұлар тұщы және теңіз су коймаларындағы планктон мен бентостың негізгі компонентгері түрінде, сонымен катар топыракта, тастардың үстінде г.б. жерлерде кездеседі. Жасушасында бір ядросы, сифонды түрлерінде бірнеше ядролар болады. Хромопластарында хлорофилл пигментінен баска каротиноидтар да болады, 6үл балдырға сары түс беріп тұрады. Кейбір түрлерінде ғана пиреноидтары (кор жиналатын орын) болады. Қор заты ретінде май тамшылары, лейкозин және волютиндер жиналады, крахмалы болмайды. Монада күрылысты өкілдерінде кызыл көзшесі бір не екі жиырылғыш вакуолі болады. Жасушаның бөлінуі, кауымның ыдырауы, жіптердің үзілуі аркылы вегета- тивтік, зооспоралар не автоспоралар аркылы жыныссыз көбейеді. Бұлардың баска балдырлардан айырмашылығы зооспора талшыктарының үзындығының әркелкі болуы. Екі талшығының бірі ұзын, ол алға карай бағытталған және кауырсын күрылысты келеді. Екіншісі кыска, артка карай бағытгалған карапайым құрылысты. Жынысты көбеюі изогамды, сирек оогамды.

Ботридий - Воtrіdит сифоңды күрылысты, субстратка бекініп тіршілік ететін балдыр. Бұл балдырды жаз айларында бөгеттердің жиектерінде, кеуіп бара жаткан лас -сулардан кездестіруге болады. Балдырдың денесі субстратка еніп жататын тарам далған ризоидтан және алмүртка үксаған көпіршік гәрізді жер бетіндегі негізгі денесінен түрады. Жасушасыңда көптеген дөңгелек хлоропластары, ұсак ядролары және май тамшылары болады. Жыныссыз көбейеді, зооспорасынын жоғарыда көрсе гілгендей екі талшығы болады. /57 сурет А/.


57-сурет. Сарғыш-жасыл балдырлар: 1 - ботридий, Б - трибонема; 1 - жасушасыз талломы, 2 - көпжасушалы талломы, 3 - ризоидтары, 2 - зооспорасы.

Вошерия - Vаисһеriа талломы жуан, үзындығы бірнеше сантиметрге дейін баратын тарамдалған жіпшеден тұрады. Талломы сифон күрылысты, жасуша перделері болмайды. Субстратка бекініп тіршілік етеді. Бүл көп ядролы. хлорофилл пигменті жасыл түсті, түйіршіктері талломның ішінде бытырап жатады, пиреноидтары болмайды. Жасушаның ортаңгы бөлімінде жасуша шырынына толы вакуолі болады. Қор заты ретінде май тамшылары жиналады.

Көбеюі жыныссыз, көп талшыкты зооспоралар аркылы көбейеді. Зооспоралары таллом ұшында пайда болатын зооспорангилерде дамып жетіледі. Зооспоралар суда белгілі бір уакыт жүзіп жүргесін токтап, талшыктарын түсіргесін жас вошерия балдыры өсіп шығады. /58 сурет/.



53-сурет. Вошерия: 1 - жасушасыз талломы, 2 - ризоидтары., 3 - эооспорнгийі. 4 - эооспорасы. 5 - оогонийі, 6 – антериднйі.
Жынысты көбеюі оогамды. Талломдарында шар пішінді төмпешіктер пайда болады. ол талломнан пердемен бөлініп оогонийдің кызметін аткара бастайды, яғни әрбір оогонийден жұмыртқа жасушасы дамиды. Осы талломньң жакын жерінен баска темпешік пайда болып. ол оогонийге карай мүйіз тәрізденіп өсе бастайлы. бұл да пердемен бөлініп антерийдий айналады. Антерийден әртүрлі талшыкты бірнеше аталық жасуша - сперматозоидтар дамып жетіледі. Осы сперматозоидтар оогонийдегі жұмыртка жасушасын ұрықтандырып. нәтежесінде зиготаооспора түзіледі- Зигота тыньшгтық кеэенін өткізгеннен кейін өсе бастайды да вошерия балдыры өсіп шығады. /58 сурет/.

Вошерия балдырын тез ағатын түщы сулардан, бегеттерден, су жиектеріндегі топырактан кездестіруге болады.

Трибонема - ТтіЬопета туысы көп жасушалы, тарамдал маған жіптесінді балдыр. Трибонема бір ядролы, күпшек пішінді бір катар жасушалардан құралған жіптесінді балдыр. Жасуша кабыкшасы пектинді, шеттері аркылы бір-бірімен жабысып келетін екі жартыдан тұрады.

Трибонема әр жасушада 1-ден не 2-ден түзілетін зооспора және апланоспора арқылы жыныссыз көбейеді. Зооспора шықкан уақытта да жасуша кабыкшасы Н төрізді бейнеге ажырайды. /57 сурет Б/.

Трибонема басқа жіптесінді балдырлармен бірге түщы суларда жүзіп, не бекініп тіршілік етеді.

Студенттің алдын – ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

  1. Сарғыш – жасыл балдырлардың құрылысы

  2. Сарғыш – жасыл балдырлардың пішіндері, морфологиялық ерекшеліктерін игеру

  3. Сарғыш – жасыл балдырлардың негізгі өкілдерінің сипаттары.


Тапсырма:

1. Ботридий балдырының тұракты препаратынан сырткы кұрылысын карау.

2. Препараттан ботридий балдырының зооспорасынын кұрылысындағы ерекшеліктерді байқау.

3. Тұракты препараттан вошерия балдырының жыныссыз және жынысты көбею мүшелерін аныктау.

4. Балдырлары бар сулы ортадан препарат дайындап, ботри дий, вошерия және трибонема бадцырларын іздеп, тауып, кандай мүшелерінің көрініп түрғандығын зерттеу.

5. Ботридий, вошерия, трибонема балдырларының сырткы кұрылыстарының, көбею мүшелерінің суреттерін салу.

6. Қайталау сүрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Кайталау сұрактары

1.Сарғыш-жасыл балдырлардың тіршілік формалары кандай және кай жерлерде кездеседі?

2. Жасушалары кандай кұрамды бөліктерден түрады?

3. Зооспоралары кандай күрылысты?

4. Сарғьпп-жасыл балдырлардың түсі қандай пигменттердін болуына байланысты?

5. Қандай кор заттары жиналады?

6. Сарғыш-жасыл балдырлар калай көбейеді

7. Вошерияны кандай белгілеріне байланысты әртүрлі талшықтыларға жатқызады.

8. Сарғыш – жасыл балдырлардың шығу тегі мен эволюциясы



Тәжірибелік сабақ 10-11. Chytridiomycota және Zygomycota бөлімі (2сағат)
Мақсаты: Chytridiomycota және Zygomycota бөлімінің жекелеген өкілдерінің құрылысы мен биологиялық ерекшеліктерін оқу.
Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

Зақымданған картоп түйіні, зақымданған қырыққабат көшеті, лупа, микроскоп, нанда өсірілген мукор саңырауқұлағы.


Практикалық дағдылары:

Chytridiomycota, Zygomycota бөлімінің өкілдерін тани білуге үйрену.



1- тапсырма. Chytridiomycota бөлімінің өкілдерінің даму циклін Allomyces sp. (101 сурет) мысалында сипаттама беру жəне анықтап қарау.

101- сурет. Allomyces sp. даму циклі


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет