СҚо уәлиханов ауданы



Дата14.11.2016
өлшемі55,27 Kb.
#1701
СҚО Уәлиханов ауданы

Күзексай ауылы

Шағырсай негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Искакова Дариха Сеитовна

Біздің Елбасы.Өнеге сағаты

Тақтаға жазу Мақсаты: елдің басты құндылығы Отаны, өз елі екенін оқушы бойына сіңіру, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру; Елбасының идеялық басшылығының маңызы зор екенін және тарихи кезеңдердің мәнін түсіндіру; Тәуелсіз Қазақстан үшін білімді жас ұрпақ болып тәрбиелену әрқайсысының міндетті екенің есте сақтауға тәрбиелеу.

Барысы: Әнұран орындалады.

1. Биылдан бастап біздің қазақстандық күнтізбеге жаңа атаулы күн енгізілгелі отыр. Ол күн – Президент күні деп аталады. Турасын айтқанда, бұл күннің атауы ғана Президент күні, әйтпесе мереке халық мерекесі.

Неге халық мерекесі деп аталатынын білесіңдер ме? Себебі, біздің қазақстандық қоғамда президент және халық ұғымдары біртұтас ұғымдарға айналған. Халқымыз да Елбасына шексіз сенеді. Ендеше, президент күні – халық күні деп айтуымызға толық негіз бар.



Жалпы біздің Отанымыз қалай аталады?ҚР

ҚР Президенті кім?

Елбасы туралы не білеміз? Ол қандай адам?

Ол көшбасшы , лидер, ақылды адам. Жақсы ол сендердің ойларың ,ал елбасы қандай бала болғанын білгілерің келе ме?

ендеше мұқият назар салып бүгінгі біздің өнеге сағатымызға қонаққа келіп отырған 9 сынып оқушысы Кажакпарова Айымгүл елбасының балалық шағы туралы айтып өтеді, біз тыңдаймыз санамызға түйіп аламыз.

(Айымгүл айтып өтеді)

2 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде ұлтымыздың көшбасшысы.

Міне өздерің тыңдағандай елбасы ерекше бала болған екен.

Президент Алматы облысының Қаскелең аудандық ауруханасында 5,100 грамм салмақпен туады. Ол дем алмай жатқан кезде ,дәрігер оны қатты тартып жібереді сол кезде ол дем алыпты.

Өте елгезек ақылды бала болыпты және ешқашан ерінбейді себебі 7 жасында әкесімен Алматы қаласына барып, алмамен картоп сатқан екен.Содан-ақ сендер сияқты жасында есепке де жүйрік болғаны анық. Оның арманы гормон тарту болатын сол мақсатына жету үшін ауылында каникул кезінде көршісіне 5 мың кірпіш соғып алғашқы 32 сом ақша алады, сол ақшаға гармон алып оны тартып үйренеді. Болашақта химик болуды армандайды. Мектепті алтын медальмен аяқтайды. Ол кезде алтын белгіге бітірген оқушы емтихан тапсыруы керек болатын, емтихан барысында 1 бал жетпей қалып, химик бола алмайды. Елбасының айтуы бойынша оны емтиханнан құлатып жіберіп, қаланың танысы бар баланы қабылдап алған көрінеді содан бері пара алуды және біреудің көмегімен жұмыс атқарғандарды жек көреді екен .Содан соң Украинада Днепродержависк техникалық техникумға оқуға түседі. Украинада Қазақстаннан келген балаларды шеттетіп , оларды аузын ашқызбай, билікті орыстар жүргізеді екен.бірақ Назарбаев орыстарды өзіне бағындырып, өкімзорлықты жойып бәрінен алға озады, яғни өзі оқыған оқу орнында беделді атанады.

Осы орайда болашақ ұйымының оқушылары елбасының студенттік шағы туралы айтып өтпек

3 Мен өзім орысша сөйлегені туралы айтып өтем

Нұрсұлтан Назарбаев біздің тәуелсіз Қазақстанымызды қолымен құрған және оның тұңғыш президенті атанған тұлға. Бір сөзбен айтқанда, саяси тұлға ретінде ол өзі құрған саяси жүйенің ауқымына да сыймайтын, одан әлдеқайда биік тұрған жан. Оның қарым - қабілеті мен атқарған істері мемлекеттің ең жоғарғы лауазымы – Президент қызметі беретін құзыреттер мен саяси рөлдің аясынан әлдеқашан шығып кеткен, ол өлшемге сыймайды.

Саяси жолы яғни Назарбаевтың қалай Президент болғаны жайлы Зарема мұғалім айтып өтеді тыңдап отырамыз.(саясатқа келген кезінен слайд)

4. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  өз еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған. Кітап оқығанды жақсы көреді. Осы орайда елбасының уақыт тапшылығына қарамастан өзі де кітап оқиды және саны көп кітаптар жазған екен. Елбасының кітаптары жайлы кітапханашы Жұлдыз апай айтып өтпек.(Жұлдыз кітаптарын көрсетіп айтып өтеді)

5. Міне өздерің көріп естіп отырғандай қаншама кітаптар жазған сол кітаптарды оқып және мына жердегі айгөлектерді оқып білуге болады.

6. Бәрінен бұрын Нұрсұлтан Назарбаев әке сүйікті жар, ата бәрінен бұрын ол да біз секілді қарапайым адам.

Назарбаевтың балалары жайлы білесіңдер ме? Оның Дариға, Әлия, Динара атты 3 қызы бар ең кіші қызы Әлия Назарбаева қызы әкем ерекше ұрысушы еді деп есіне түсіреді Әлия 11 жаста болғанда елбасы болып сайланыпты .Әлия ылғи да жатар алдында әкесінің ертегінсіз жатпаған екен.Қаншама ауыртпалықтарға қарамастан елбасы өз отбасына да уақыт бөле білген. Елбасы отбасының жақсы көретін мерекесі жаңа жыл екен. Елбасы жақсы көретін тамағы қазақша ет екен.Жалпы Назарбаевтың асханасында 3 адам жұмыс істейді оның шеф аспазшысы Игорь Кубряков деген ол 8 жыл жұмыс істейді өзінің бақшасынан қияр, қызанақ кейде нан пісіреді екен жармадан күнделікті ас мәзірін таңертең өзі жазып дайындайды екен.

Ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.

Осы өнеге сағатынан не ой түйдік?

2-сынып тақпақтары айтылады.1-сынып ән айтылады.

Сендер бағанадан бері қаншама мағлұмат тыңдадыңдар не түсіндіңдер елбасы жалпы қандай адам екен ?



Сендердің ойларыңша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты аспандағы шолпан жұлдызына теңер едім себебі ол көп адамдардың арасындағы ерекше адам.

Теңеу сызба арқылы балалар айтып отырады мен жазып отырамын.

Өнеге сағатын қорыта келе сендер де өскенде елбасы болсаңдар өз туған жерлеріңе қандай еңбек сіңірер едіңдер ? 1-сынып ауызша айтып өтеді

2-сынып суретін салып көрсетеді.рахмет. Ендеше өнеге сағатынан алған әсерлеріңіз жайлы және өз пікірлеріңізді жазып ұнаса қызыл түске ұнамаса жасыл түске жапсырасыздар. (осы кезде музыка жаса қазағым)

1 Бүгінгі өнеге сағатының қорытынды сөзі мектеп директоры Токимов М Қ беріледі. 2 Келесі сөз кезегі орыс тілі мұғалімі Алтын Әдиқызына беріледі. 3 келесі сөз Болашақ ұйымының тәлімгері Асылгүл Асылханқызына беріледі.

Елдігімізді ардақ тұту, ел ертеңіне сенім арту - Елбасына құрмет көрсетуден басталса керек. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні ,бүгінгі Елбасына арналған өнеге сағатымызды бабалар аманатының алдындағы қасиетті парызды орындау жолында білім-білігін, адамгершілік парасатын, ақыл-ойы мен қажыр-қайратын аямаған Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде:

« Менің Отаным – Қазақстан! Мен бұл сөзді ерекше мақтаныш сезіммен айтамын. Адам баласы өз елінің адал перзенті болмайынша, жақсы азамат та болмайды. Мен тәуелсіз мемлекетім, тәуелсіз халқым, мемлекеттік тілім бар деп мақтанамын » деген екен. Ендеше еліміздің туын биік көрер азаматтар сендерсіңдер сондықтанда ата-аналарыңның сенімін ақтайтын адал ,қазақ рухты азамат болып өсулеріңе тілектеспін

Ақыл- ой толы арнасы

Ел билеушілер арнасы,

Халқы үшін туған бір тұлға,



Бағымыз біздің -елбасы - деп бүгінгі өнеге сағатымызды аяқтаймын.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет