СөЖ ұйымдастыру



бет11/13
Дата05.12.2022
өлшемі130,74 Kb.
#161270
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
СӨЖ ұйымдастыру 2
педагогика шеберлік

Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдас­тыру сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын талаптарымен анықталады. Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы, маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы және оқытудағы экстенсивті және интенсивті факторлардың арақатынасының өзгеруі болып табылады. Әрине, осы орайда мәселе қарқынды фактор пайдасына шешілуі керек екендігі түсінікті.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мынандай негізгі дидактикалық талаптар қойылады:

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мынандай негізгі дидактикалық талаптар қойылады:

  • Студенттердің өзіндік жұмыс жүйесі негізгі дидактикалық міндетті шешуге, яғни студенттердің танымдық қабілеттіліктерін дамытуға, өздігінен білім алу, оны кеңейту және тереңдету, практикада қолдана білуге ықпал ету керек
  • Жүйе — теория мен практиканың байланысының, түсініктілік пен жүйелілік, саналылық пен шығармашылық белсенділігінің, жоғары ғылыми деңгейде оқыту қағидаларының талаптарына сай болу керек;
  • Жүйе құрамындағы жұмыстар түрлі біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін оқу мақсаты мен мазмұны жағынан әр алуан болуы тиіс.
  • Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында оқытушыларда кездесетін қиындықтарды мұқият зерттеу, бізге, бұлардың көпшілігі оқытушының кәсіби шеберлік деңгейімен тығыз байланыста деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді.

Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын оқыту бағдарламасының болуы қажет пе деген сұрақ, бұл бағдарламада не болуы керек екендігін белгілеуге мүмкіндік берді:

Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын оқыту бағдарламасының болуы қажет пе деген сұрақ, бұл бағдарламада не болуы керек екендігін белгілеуге мүмкіндік берді:

  • — білімгерлердің жеке танымдылық қажеттілігін кеңейтуде, тереңдетуде, жоғары оқу орнында алған біліміне диагностика қою;
  • өзінің интеллектуальды, жеке тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, әсіресе оқу орнынан бос уақытын дұрыс бағалау;
  • — өзіндік жұмыстың мақсаттарын анықтау
  • таяу және қашықтағы, яғни танымдылық қажеттілікті қанағаттандыруда ол қажет пе сұрағына жауап беру;
  • — зерттеу объектісін білімгерлердің өз бетінше таңдауы және өзі үшін таңдау себебін негіздеу;
  • — ұзақ мерзімді және таяу уақыттағы өзіндік жұмыстың нақты жоспарын жасау;
  • — өзіндік бақылау уақыты мен формасын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет