Сөж тақырыбы: «Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы» бақыт мәселесі»



бет5/6
Дата12.09.2022
өлшемі5,17 Mb.
#149317
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
философия сож
Маханбетова Мерей 6 СӨЖ морфология

Басшыға қойылатын алты талап:


1. Дана болу.
2. Қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін
осыларға сәйкес жүргізу.
3. Бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші
адамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық
көрсету.
4. Бірінші имамдар таңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып
қалған жағдайды да, болашақ
оқиғаларды да қалаған кезінде танып- біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу.
5. Бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз
сөзімен жігерлендіре білу.
6. Әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп
алу.
Ұлы ғұлама: «Тұрғындардың сан алуан тілегі мен арманын, бұл армандары
қаншалықты әр тарапты болса да,
қанағаттандыру, бұларды жаудан қорғау үшін қажетті жақсы ақыл-ой мен тапқырлық көрсететін және өзі ең қажетті нәрселерді қанағат тұтып, өз
пайдасына ештеңе алмайтын басшы ең қайырымды басшы болып есептеледі»,- деп, қайрымды қала тұрғындарының
қайрымды басшысының тұлғасына анықтама береді.
Сонымен қатар Әл-Фараби жазып қалдырған трактаттар жинағында
«қайырымды қаламен» қатар,
«қайырымсыз қалалар да бар. «Ол
қаланың тұрғындары ешқашан бақыт дегенді білмеген, оған жету олардың ойына да кірмеген», - деп
«бақытсыз», «қайырымсыз» қалаға
сипаттама береді. Бұлардың ең үлкен
қателігі – бақыт жолына бірге
жұмылып ұмтылмауында: «Бақыт – әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат», - деген тұжырым жасаған.
Ғалым байлыққа, жан рахатына, сауық-сайран мен сый-құрметке, зорлық-зомбылыққа бой ұсынбай, ақыл-ойы мен тапқырлығын қанағатшылдыққа жұмсайтын, ел басқаратын басшы тұлғасын
анықтайды. Қалаларды «надан қала», «құлықсыз қала», «адасқан
қала», «мансапқор қала», «пасықтық қаласы», «айырбас қала» т.б. деп талдай отырып, осы қала тұрғындарының және оны басқаратын
басшыларының бойындағы қасиеттерін саралай келе, қайырымды қала
тұрғындарына және қайырымды басшы бейнесіне талдау жасайды,
басшы бойындағы осы қайрымдылық қасиетті дәріптейді.
Яғни, «мемлекет қайраткері» бойындағы ізгі қасиеттерді бағалай білетін,
қайырымды істерді істеуге бейім, жақсы қылықтардың адам бойынан
жойылмауына бағытталған әрекеттер жасайтын, кемшіліктер мен келеңсіз әрекеттердің қайдан туатынын білетін және оны болдырмауға тырысатын қайраткерлерді дәріптейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет