Сөж тақырыбы: «Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы» бақыт мәселесі»



бет1/6
Дата12.09.2022
өлшемі5,17 Mb.
#149317
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
философия сож
Маханбетова Мерей 6 СӨЖ морфология

СӨЖ
Тақырыбы: «Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы» бақыт мәселесі»
Алматы, 2022
Орындағандар:
Сайлау Диана
Ордабай Аяжан
Қазақстан білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы

Жоспар:


Ғұлама ойшыл – Әбу
01 Насыр Әл-Фараби;
«Қайырымды қала
тұрғындарының
көзқарастары» трактаты;
02
Қорытынды;
03
Пайдаланылған
әдебиеттер.
04
Әбу Насыр Әл-Фараби
– көрнекті
ойшыл, өз
замандастарының арасындағы
ең ірі ғалым,
философ және Шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігінің арқасында «Екінші ұстаз» атауына ие болды. Әбу Насыр Әл-Фараби есімі дүниежүзі мәдениеті мен ғылымының
тарихынан берік орын алады. Дүниежүзі ғалымдары
Шығыстың Аристотелі деп
мойындаған ұлы ойшыл қаламынан жүз елуден астам трактаттар дүниеге келген. Ал оның айналысқан ғылыми салалары, ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия, ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдырған. Оның айтқан теориялық тұжырымдары дүниежүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал етті.
Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Әбу Насыр бастауыш білімді Отырар қаласында алады. Одан соң Хорасанға
барады. Кейінірек білімін толықтыру мақсатымен сол кездегі мәдени орталық Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге құмартқан зерек шәкірт мұсылман бола тұра «кәпірлерден» де сабақ алудан
тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер мен логиканы христиан оқымыстысынан, жаратылыстану ғылымы мен грек тілін атақты аудармашыдан үйренеді. Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше оқып игерген. Ол әсіресе, грек ғалымы мен
философиясына, Аристотельдің бай мұрасына зер қойған. Осы жолда Әл-Фараби шыдамдылық пен
ыждағаттылық үлгісін көрсетеді.
Әл-Фарабидің философиялық еңбектері өте көп. Солардың ішінде бақытқа жету мәселесі қозғалған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жөнінде», «Бақытқа жол
сілтеу», «Бақытқа жету туралы кітап» трактаттарын атап өтуге болады. Еңбектерде адам қайтсе, бақытты болады, адамдар бақытты өмір сүре алатын қоғамдық құрылыс
қандай болуы керек деген сауалдар төңірегінде мәселенің мәніне тереңдеп барады.
Әл-Фараби
философиясындағы бақыт адамның моральдық
жетілуінің лейтмотивімен
және мемлекеттік
құрылымның императивімен бейнеленген. Оған бір мәнді сипаттама беру мүмкін емес.
Бақытқа жету үшін әл- Фараби жақсылық пен жамандық, жақсылық, ізгілік сияқты этикалық
категорияларды қолданады. Бұл категориялар
моральдық жетілдіру аспектілерін білдіреді.
Әл-Фараби адамға
бір ғана жолды, яғни бақыт жолын
таңдауға
шақырады. Бұл жол
тек жақсылыққа
жетелейді, ал қалғандарының
бәрі жамандыққа
апарып соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет