Сөж тақырыбы: «Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы» бақыт мәселесі»



бет4/6
Дата12.09.2022
өлшемі5,17 Mb.
#149317
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
философия сож
Маханбетова Мерей 6 СӨЖ морфология

«Қайырымды қала» басшысы

«Қала әкімінің ісі, яғни басшының ісі – қала бөлшектерінің өзара байланысын және өзара келісімін орнататындай етіп қала басқару, оның тұрғындарының игілікке ие болумен бірге зұлымдықтың

тамырын жою ісінде де біріне-бірі көмек көрсететіндей тәртіп орнату және бақытқа жету үшін пайдасы тиетіннің бәрін сақтап, көбейтіп, зиян келтіретін нәрсені пайдалы етуге тырысып, пайдалы етуге болмайтын нәрсенің зиянын жоюға немесе азайтуға, сәл де болса

бағытталуы керек»,-дейді.


Ұлы ғұлама қала басшысының істейтін игі істеріне тоқталады. Олардың басқару ісінде келісімге келіп, тіл табысып, зұлымдықты пайдалы іске айналдырып, болмаған жағдайда
зиянсыздандырып, адамдардың бір- біріне көмек көрсететіндей, бір-біріне қуаныш сыйлап, бақытқа бөлейтіндей етіп басқаруына тоқталады. Ғұлама адам бойындағы өзі өмір сүрген
ортаға жақсылық жасау қасиетін бағалай отырып, бұл қасиеттің басшының өн бойында болу керектігін дәлелдейді. Игілікті істерді біліп қана қоймай, оны іс жүзіне асыруға әрекет жасау керектігін және оған бағыттап
отырудың қажеттілігін басты мәселе етіп қозғайды.

Ақыл-есі бүтін, айтылған сөзді ұғатын болуы керек;


Басшының он екі мүшесі бүтін, дені сау болуы керек;
Есте сақтау
қабілеті мықты,
алғыр да
аңғарымпаз болуы керек;
Сөзі өткір, тілге шешен болуы керек;
Өнер-білімге құштар, оқып үйренуден шаршамайтын,
білімпаз болуы керек;
Тамақсаулықтан,
артық ішіп-жеуден, орынсыз
сауыққұмарлықтан аулақ болуы керек;
Шыншыл болуы, маңына шыншыл адамдарды жиюы, өтірікшілерден аулақ болуы керек;
Рухы биік, ар- намысты биік ұстайтын болуы керек;
Пасықтықтан аулақ, игі істерге ынтызар болуы керек;
Байлыққа
құмарлықтан,
ашкөздіктен аулақ болуы керек;
Әділетсүйгіш болуы,
озбырлар мен
әділетсіздерді жақтаудан аулақ, ел-жұртқа
қайырымды, мейірімді болуы керек;
Бір сөзді, бірақ
қыңыр болмауы тиіс, жаман қылықтарға ымырасыз болуы
керек;
Өзі дұрыс деп тапқан істі жүзеге асыруда шешімшіл, қорқып
жасқануды білмейтін батыл да ержүрек болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет