Сол себепті "Смарт мұражай" деп те атасақ болады. Ауданның басқа мұражайларынан сонысымен артық екенін білуге болады



Дата27.11.2022
өлшемі14,32 Kb.
#160040
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Бакылау, Андроновская культура, история тесты готовые, история тесты готовые, 8 ТЖБ 18.05(1), zeyinin o klass, БЖБ, Алимова А.Е, БЖБ Д Тарих, ПЕД 300 сурак АЛФ (1)-1-1, Температура, Теория эвристического обуч, Жизнь во имя любви, Восп.план-2 полуг. 2021-2022, 2сынып БЖБ№ 2

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» бөлімінде көрсетілгендей, бұл бағдарлама білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Бұл ретте өлкетану жұмыстарын жүргізу бағытында музейдің өз міндеттері бар. Музей - өлкенің тарихы, халықтың қазынасы, ел-жұрттың тағдыры - бәріміздің тағдырымыз.
Еліміздің басты мерекесі-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінде Мичурин орта мектебінде "Туған өлкем" мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мектеп мұражайының ашылуынаа Мичурин ауылының әкімі Жумагалиев Балтабек Казгереевич, Миччурин ауылының ардагерлер кеңесінің төрайымы Неданчук Вера Моисеевна, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Кильтаева Екатерина Александровна, кәсіподақ ұйымының төрайымы Соловей Татьяна Юрьевна сынды құрметті қонақтарымыз және мектеп директоры, Қостанай облыстық маслихатының депуаты Даданова Айнаш Молдакишевна қатысты.
Мұражайдың ашылуы онлайн форматта тікелей эфирде ата-аналар мен оқушылар тарапына көрсетіліп отырды. Мұражайдың ашылуы шынымен де мектеп тарихында мәңгі қалатын тарихи оқиға. Мұражайдың ашылуы жоғары деңгейде болды, енді үлкен мақтанышпен "бізде мұражай бар" деп ауыз толтырып айта аламыз.
Заманына қарай адамы дегендей, мұражай қазіргі заман талаптарына сай келетін барлық техникалық құралдармен жабдықталған және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» кіші бағадарламасы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын ұштастырып жасалынған. Мұражайға келушілер сымсыз интернетке қосылған нетбуктарды пайдалана алады. Сонымен қатар бұл нетбуктар арқылы осы мұражайға және әлемнің, Қазақстанның барлық мұражайларына арнайы QR-код арқылы виртуалды саяхат жасай алады.
Сол себепті "Смарт мұражай" деп те атасақ болады. Ауданның басқа мұражайларынан сонысымен артық екенін білуге болады.
"Туған өлкем" атты мектеп мұражайының ашылуына зор үлес қосқандары үшін Қостанай аудандық білім бөлімінің басшылығына, Мичурин ауылдық округінің әкімдігі басшылығына, мектеп ұстаздары мен ата-аналарына және демеушілерімізге мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет