Солтүстік Қазақстандағы өсімдік шаруашылығының дамуы,алғышарттары,экономикалық дамуы



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#92919
1   2   3   4   5
Байланысты:
СКО осимдик шаруашылығы(1)

Жаздық бидайдың адам өмірінде алатын орны ерекше.Ол негізгі тағамдық дақыл.Жаздық бидай ұнынан жоғары сапалы нан пісіреді.Дәнінде белогы көп.Қатты сорттары макарон өндірісінде пайдаланылады,олардың ұнынан ұнтақ жарма жасалады. Жаздық бидай негізінен Қазақстанның солтүстік,батыс облыстарында,сонымен қатар орталық және шығыс облыстарында кеңінен тараған.Сондықтан астық проблемасын түбегейлі шешуге Қазақстанның,әсіресе солтүстік облыстардың қосатын үлесі зор.ТМД көлемінде өндірілетін астықтың 7%,ал республикадағы астықтың 63% осы аймақтың еншісіне тиеді.

Технологиялық процесс

  • Жаздық бидайды егу. Бидайды екпес бұрын тұқымы мұқият сортталады, үлкендері бөлініп алынады. Тұқымдарды жақсарту үшін олард ауа жылулығы мен күн жылуына қыздырады,
  • Жаздық бидайды егу мерзімі аймақтық жағдайларға байланысты әр келкі белгіленуі керек. Көп жағдайда егудің ерте кезеңі тиімді саналады.
  • Жаздық бидай басқа дәнділерге қарағанда ерекше күтімді керек етеді. Жерді өңдеуден басқа, арам шөптермен күрес гербицидтерді қолданумен жүзеге асырылады.
  • Жаздық бидайды шілде және тамыз айларында жинайды. Жинауды бөлек түрлер бойынша жүзеге асырады балауыздың пісу фазасының басталуы және ортаңғы кезеңдерінде. Бидайдың толық пісуі кезеңіне қол жеткізгенде тікелей комбайн арқылы жинайды.Жұмсақ бидайлар тез үгітілуіне байланысты, қаттыларына қарағанда ертерек жиналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • www.studopedia.kz
  • Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.
  • Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Дәнді-дақылдар: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;
  • Қазақ Энциклопедиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет