Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы


Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата07.02.2022
өлшемі353,46 Kb.
#96789
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Документ (10)
Документ (10), Арай Айжұман - 1-апта 1тақырып!Дене тәрбиесі сабақтарында қауіпсіздік ережелері., Арай Айжұман - 1-апта 1тақырып!Дене тәрбиесі сабақтарында қауіпсіздік ережелері., Арай Айжұман - 1-апта 1тақырып!Дене тәрбиесі сабақтарында қауіпсіздік ережелері., Арай Айжұман - 1-апта 1тақырып!Дене тәрбиесі сабақтарында қауіпсіздік ережелері., Арай Айжұман - 1-апта 1тақырып!Дене тәрбиесі сабақтарында қауіпсіздік ережелері., Документ (10)
Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және 
ағзаның қызметтік қорлары.
1.Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларға бейімделу туралы түсінік. Ұзақ бейімделудің 
түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзақ бейімделу және құрылымды жүйелі іздің 
қалыптасуы.
Бейімделу дегеніміз – ішкі және сыртқы факторларға ағза реакциясының қалыптасуы немесе 
жауап беруі.
Стандартты ұзақ жұмыстың орындалуы кезінде жүрек-тамыр жүйесі әрекетінің 
өлшемдерінде біртіндемелі өзгерістер жүреді. Оның ішіндегі негізгілері мыналар: 1\ Жүректің 
соғу жиілігінің қанның минөттік көлемінің өзгеруінсіз біртіндеп және үздіксіз жоғарылауы; 2\ 
Жүректің соғу көлемінің үздіксіз кемуі; 3\ Қан қысымының прогрессивті құлдырауы. Бұдан 
басқа, біртіндеп оттегінің қолданылуы және оттегі бойынша салыстырмалы – көктамырлық 
айырмашылық ұлғаяды. Жұмыстың алғашқы минөттерінде айналымдағы қанның көлемі 5-
10%-
ке кемиді, бірақ ұзақ жұмыстың басқа уақытында ол өзгермейді. Бұдан шығатын, ұзақ 
уақыт жұмыс бойғы негізгі өзгерістер айналымдағы қан көлемінің кемуіне қатыссыз жүреді.
Ортаның жоғары температурасы жағдайында ұзақ жеңіл жұмыс жүрек соғу жиілігінің 
жоғарылауына және жүректің соғу минөттік көлемінің екі-үш л мин-қа біртіндеп ұлғаюымен 
жүреді. Тыныштық күйде адамның ыстық ортада болуы тері қан – ағымын 7,8 л мин\ке дейін 
барынша жоғарылата алады. Тері тамырлы аймағының соншалықты үлкен сыйымдылығын 
ескерсек, 
ортаның 
жоғары 
температурасы 
жағдайында 
тері 
аймағының 
сәйкес вазоконстрикциясы жүретіндігі анық.
Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы 
өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп 
төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен 
жүреді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі 
әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін 
рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын 
көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс 
кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет